версия для слабовидящих

Қазақ тілі апталығы қорытындыланды

Тіл саясатын түсіндіру, мемлекеттік тілдің рөлін насихаттау мақсатында университет деңгейінде «Ана тілі - ата мұрасы» атты қазақ тілі апталығы ұйымдастырылып өткізілген болатын.

Тіл апталығы аясында «Әлем тілдері» кафедрасының жанында мерекелік қабырға газеті, банерлер ілінді, оларға конкурс жарияланды. І орынды «Дизайн 120 Б» тобы қанжығасына байлады. Сонымен қатар, «Ана тілі – ардағым!» атты слайд-шоу көрсетілді.

«Елім менің - тәуелсіз Қазақстан» 1 курс студенттеріне арналған шығармалар конкурсының қорытындысы бойынша І орынды УФ-109 тобының студенті Ақерке Қалдыбек жеңіп алды.

Апта аясында студенттер үшін арнайы «Президент орталығы» мұражайына экскурсия ұйымдыстырылды.

Кафедра оқытушылары 1 курс студенттеріне арнап «Мамандық әлемінде» атты ашық сабақ өткізді. Ал келесі күні университетімізде оқитын әртүрлі ұлт өкілдері өз өнерлерін ортаға салды. Ол «Бір шаңырақ астында тіл байқауы» сайыс түрінде өткізілді. Оның қорытындысы бойынша ГМУ-113 тобының студенті орыс ұлтты Кристина Шуткевич бас жүлдеге ие болды. Әділ қазылар алқасы музыкалық номерлерді де ескерусіз қалдырған жоқ. «Көзімнің қарасы», «Қарлығаш», «Армандастар» әндерін нақышына келтіріп орындағаны, қазақ тілі апталығына белсенді қатысқандары үшін Алдияр Айткен, Гаухар Тоқтарова, Жанна Мухамеджан, Дмитрий Константинов, Владимир Чен алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.



Поделиться:
ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru

Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Обратный звонок RedConnect