Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мақалаларды рецензиялау тәртібі


Мақаланы алғаннан кейін оны техникалық хатшы мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарды сақтау тұрғысынан қарастырады. Барлық келіп түскен мақалалар тиісті электрондық ресурстардың көмегімен тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша мақала авторға қайта қарау үшін жіберілуі мүмкін. Редакцияға ұсынылған барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде рецензиялауға жатады. Ғылыми редактор (немесе жауапты редактор) мақаланың журналдың бағытына, оны рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды, содан кейін мақаланы редакцияның құрамына кірмейтін тиісті тақырыптар бойынша екі тәуелсіз маманның қарауына жібереді. Рецензияда мақала материалына білікті талдау, оған объективті, негізделген баға және нақты негізделген ұсыныстар болуы қажет.

Рецензияда мыналар болуы керек:

- тақырыптың өзектілігі;

- ғылыми жаңалық, негізгі зерттеу нәтижелері;

- мақаланың құрылымдық және логикалық көрсетілімі;

- мақала мазмұнының оның атауына сәйкестігі;

- рецензенттің пікірлері және рецензенттің ұсынымдары (ескертулер түзетілгеннен кейін жариялауға ұсынылады, жариялауға ұсынылмайды).

Егер сараптаманың теріс нәтижесі болса, мақаланы жариялаудан бас тартылады. Редакторлар қабылданбаған мақалалардың авторларымен хат алмаспайды. Қабылданбаған мақалалар қайта қаралмайды. Мақалалардан бас тартудың негізгі себептері – ғылыми жаңашылдықтың болмауы, өзіндік ерекшелігінің төмен көрсеткіші, журналдың ғылыми саласына сәйкес келмеуі. Оң пікірлерді алған және жариялауға қабылданған мақалалар жарияланымдардың кезегіне қойылады.


Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Открытый университет Казахстана
Welcome to the EDUQAS project!