Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Университетте 8 наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Esil University акт залында алдағы мереке – Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті. Іс-шара университет ректоры Аяпберген Таубаевтың құттықтау сөзімен басталды.

- Құрметті әріптестер Сіздерді Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге күнделікті еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мерекелеріңізбен!

Университеттің шығармашылық ұжымы қызықты да, тамаша өнер көрсетті. Мерекелік концерт көрермендерге мерекелік көңіл-күй, қуаныш пен шаттық сыйлады.