
Esil University профессоры "ЖОО – ның үздік оқытушысы-2022"деп танылды
Байқау жеңімпаздары еліміздің 43 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы болды. Үздіктердің қатарында техника ғылымдарының докторы, Esil University "Менеджмент" кафедрасының профессоры Оразбаева Кульман Нахановна болды.
Марапаттарды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады. Материалдық ынталандырудан басқа, оқытушыларға төсбелгілер табысталды.
Айта кетейік, "ЖОО – ның үздік оқытушысы-2022" байқауына еліміздің 71 оқу орнынан 775 үміткер қатысты. Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен конкурста мынадай критерийлер бағаланды: электрондық оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар, өнертабыстарға патенттердің болуы және т.б. сондай-ақ кандидатты оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі қызметтегі сіңірген еңбегі бағаланды.
Esil University басшылығы мен ұжымы Күлман Наханқызын лайықты марапатымен құттықтайды! Сізге кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!