Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Студенттердің "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының өкілдерімен кездесуі

    "Бизнес және басқару" факультеті Астана қаласы әкімдігінің "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы қызметкерлерінің қатысуымен Esil University 1 және 3 курс студенттері үшін "Отбасылық құндылықтар" атты қонақ дәрісі мен психологиялық тренинг ұйымдастырды.

  Азаматтарға құқықтық қамтамасыз ету және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің маманы Еркежан Бұлатбекқызы Атанова дәріс өткізді, оның барысында студенттер отбасы және неке мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық базасымен танысты.

   "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының психологы Хусаинова Жадра Хамидуллаевна ойын түрінде психологиялық тренинг өткізді. Студенттер командаларға бөлісті және психологтың тапсырмаларын үлкен қызығушылықпен орындады.

      Тренинг аясында студенттер үшін отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайту бойынша белсенді және қызықты жұмыс жүргізілді.