Нашар көретіндерге арналған нұсқа

"Үміт" дағдарыс орталығының өкілдерімен кездесу

"Бизнес және басқару" факультеті отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайту, некені қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша 1 және 3 курс студенттеріне қонақ дәріс ұйымдастырды.

Спикер ретінде "Үміт "дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары – заңгер Зарина Дәулетқызы Әбікаева және әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Амина Байтишова сөз сөйледі.

Дәріс барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында заңгер З.Д. Әбікаева студенттерді зорлық-зомбылық түрлерімен, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман А. Байташева студенттердің назарына тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту, мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру жолымен жан-жақты қолдау, әлеуметтік қызметтер көрсетуді салааралық үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыру болып табылатын "Үміт" дағдарыс орталығының жұмысы туралы ақпаратты ұсынды. Орталық әлеуметтік дезадаптацияға және әлеуметтік депривацияға, оның ішінде стационар жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әкеп соққан қатыгездікке ұшыраған әйелдерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Студенттер дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдап, дағдарыс орталығының сарапшыларына белсенді сұрақтар қойды.