Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Әлеуметтік жұмыс және Туризм» кафедрасы


«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің қолданбалы ғылымдар факультеті мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедра 2017 жылы университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Әлеуметтік жұмыс» және «Туризм және сервис» кафедраларын біріктіру арқылы құрылды.

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Абдугалина Сайран Ерденовна.

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2010 жылдың 03 ақпанында берген АБ№0137409 лицензиясына (лицензияға қосымшаның нөмірі №0110347) сәйкес 6В114/5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс», 6В111/5В090500 – «Туризм» және 7М114/6М090500 – «Әлеуметтік жұмыс» (магистратура) сияқты ББ/мамандықтар бойынша кәсіби даярлықты жүзеге асырады).

Кафедра білім беру және ғылыми қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Оқу жұмысы кафедра қызметінің басым бағыты болып табылады және білім алушыларда туристік және әлеуметтік саладағы практикалық қызмет үшін қажетті тиісті құзыреттерді, сондай-ақ оларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Кадрлық әлеует

2021-2022 оқу жылында ПОҚ жалпы саны 21 адамды құрайды, оның ішінде штаттық ПОҚ-16, оның ішінде 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы, 9 магистр. Кафедраның ПОҚ дәрежелілігі - 57% құрайды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары импакт-факторлы монографиялар, оқулықтар, оқу құралдарын, ғылыми рейтингілік мақалалар шығарады, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардың жұмысына қатысады, белгілі ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізеді.

Кафедраның ғылыми қызығушылықтары қазіргі қоғамның әлеуметтік мәселелерін және халықтың түрлі санаттарымен жұмыс істеу технологиясын; Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту мәселелерін зерттеуге бағытталған.

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының педагогикалық ұжымы оқу жылы бойы халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми форумдарға, конференцияларға және т.б. қатысады және баяндама жасайды.

Қазіргі уақытта кафедра ұжымы модульдік білім беру бағдарламаларын жетілдіру және бакалаврлар мен магистранттарды даярлау бағыттарының тізбесін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыруда, сондай-ақ белсенді ғылыми қызмет жүргізуде.

... қайтару
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Открытый университет Казахстана
Welcome to the EDUQAS project!