Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Менеджмент» кафедрасы


«Менеджмент» кафедрасы 6В04101 «Менеджмент», 6В04102 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, 7М04106, 7М04105 «Менеджмент», 7М04104, 7М04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ бойынша бейінді және ғылыми-педагогикалық бағыттар бойынша магистрлерді, сондай-ақ 8D04102 «Менеджмент» ББ бойынша докторанттарды даярлауды жүзеге асыратын университеттің жетекші кафедраларының бірі болып табылады.

Кафедраның негізгі мақсаты еліміздің жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған, инновациялық білімі мен кәсіби құзыреттілігі бар, менеджмент, Мемлекеттік басқару саласында жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Кафедра EU Business School (Швейцария), Kangnam University (Оңтүстік Корея) оқу орнынан дипломға және қос дипломға еуропалық қосымшаны алуға мүмкіндік береді.

Түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызы (88% бакалавриат, 100% магистратура).

«Менеджмент» кафедрасы келесі университеттермен студенттер алмасу бойынша халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады:

- Каннам Университеті (Оңтүстік Корея);

- Еуропалық университет (Швейцария);

- «Нархоз Университеті» АҚ;

- Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті;

- Томаш Бати университеті (Злин қ., Чехия);

- Вайядолид Университеті (Испания);

- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ;

- «ZIAT» ҰҒО;

- «Нұр-сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы»ММ;

- «Көшбасшы, бизнес пен дипломатияның халықаралық мектебі»;

- «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті» РММ;

- «Нұр-сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ;

- «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ.

Кафедра меңгерушісі-Турекулова Даметкен Медихановна, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. ҚР «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (Northampton, UK), ҚР «Үздік оқытушы – 2014» грантының иегері, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген профессоры – 2020 ж.

«Менеджмент» кафедрасының қызметіне кәсіпорындарда, мемлекеттік қызметтерде, сондай – ақ жоғары білім беру жүйесінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар-6 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы, 2 ғылым магистрі тартылған. Кафедраның «Eurasian Expertcouncib» ҚҚ, «Q-Promo» ЖШС, «ZIAT» ҰҒО филиалдары бар.

Әр жылдары «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы кафедра оқытушыларына – э.ғ. д., профессор М. Ж. Каменоваға, э. ғ. к., доцент Б. К. Жұмановаға, PhD докторы Н. А. Курманов, Э. ғ. д., профессор Д. М. Турекуловаға, э. ғ. к. л. к. Мухамбетоваға берілді.

2020-2021 оқу жылында э.ғ. д., профессор Турекулова Д. М. «BILIM-ORKENIET» Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, «Қазақстанның құрметті профессоры»марапатына ие болды. «BILIM-ORKENIET» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы сондай-ақ э. ғ. к. л. к. Мұхамбетова мен э. ғ. к. М. Уажановқа «Үздік ғылым кандидаттары» атағын берді.

Кафедра оқытушылары оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, белсенді оқу-әдістемелік жұмыс жүргізеді, оқу жұмысын жүргізеді, сондай-ақ ғылыми жұмысты жүзеге асырады, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, университеттің хабаршысында ғылыми мақалалар, импакт-факторлы мақалалар, Thomson Reuter мақалаларын және Қазақстанның рейтингтік журналдарында жариялайды; министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдар, халықаралық қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын өзекті бағыттар бойынша ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, сараптамаларға белсенді қатысады.

 

... қайтару
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Открытый университет Казахстана
Welcome to the EDUQAS project!