Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Қаржы» мамандығының білім беру бағдарламасы


Қаржы мамандығы бойынша үздіксіз білім беру циклінің мүмкіндігі бакалавриат оқуды аяқтағаннан кейінбейіндік (1 жыл) және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада (2 жыл) жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бакалавриатта және магистратурада оқу 3 траектория бойынша жүзеге асырылады – «Қаржылық менеджмент», «Мемлекеттік қаржы», «Қаржылық делдалдық». Бағдарламалар бизнес-сарапшылары және қаржылық құрылымдар өкілдерінің пікірлерін ескере отырып әзірленген. Мемлекеттік грант алу мүмкіндігі.

 

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі:

·        Оқытудың қолданбалы сипаты, FREEDOM FINANCE KAZAKHSTAN банкінде зертхана және кафедра филиалы бар;

·        Әртүрлі салаларда жұмыс істеуге қабілетті қаржы-экономикалық бейіндегі кәсіпқойларды даярлауға бағдарлану;

·        ПОҚ біліктілігінің жоғары деңгейі, дәрежелілігі 76% құрайды;

·        Қаржы секторында практикалық тәжірибесі мол оқытушылар жұмыс істейді;

·        Білім алушылардың үздіксіз білім беру циклі-бакалавриат, магистратура;

·        Түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары деңгейі 91,3%;

·     «EDUQAS» (ERASMUS) жобасы аясындабакалавриаттың білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өтті, FIBAA,«Атамекен» ҰКП-ның АРТА, БСҚАТА (IQAA)агенттіктерініңжоғары рейтингісі бар;

·        Қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда (ОңтүстікКореядағы Каннам университеті, Швейцариядағы Еуропалық университетпен келісім-шарт);

·        Академиялық ұтқырлық;

·        Білім беру бағдарламасының серіктестерімен, жетекші банктермен, сақтандыру компанияларымен, Қазақстанның кәсіпорындарымен ұзақ мерзімді келісімшарттар бар;

 

Кәсіби қызмет саласы

·        «Қаржы»білім беру барғарламасының бакалавриат түлектері кәсіпорындарда, мемлекеттік қаржы және салық органдарында, банктерде, сақтандыру компанияларында қаржыгерлер лауазымында жұмыс істей алады.

·        «Қаржы» бакалаврлары қаржыны басқарумен ұйымдастыру, микро және макродеңгейлерде ақша - несие және фискалдық саясатты жүргізумен және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыруменайналысады.

 

Кәсіби қызмет түрлері

·        Қаржы бакалаврлары қаржыны басқарумен және ұйымдастырумен, микро және макро деңгейлерде ақша-несие және фискалдық саясатты жүргізумен айналысады.

·        Осы бейіндегі бакалаврлар компанияның қаржылық жағдайына талдау жүргізу керек, кірістердің ұлғаюына, шығындар мен тәуекелдерді барынша азаюына ықпал ету, жоғары сапалы қаржылық қызметтерді ұсынудағы нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс.

 

«Қаржы» мамандығының білім беру бағдарламасы

(бакалавриат)

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты - қаржы мағандығының білім алушысына мемлекеттік қаржы, қаржылық менеджмент, банк және сақтандыру саласындағы құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған базалық кәсіптік даярлықты қамтамасыз ету.

Құзыреттілік / оқыту нәтижелері

Жалпы білім беру құзыреттері:

1) дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарының қалыптасуы негізінде болашақ маман тұлғасының әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ететін жалпы құзыреттілік жүйесін қалыптастыру;

2) мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық Әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту;

3) өз өмірі мен қызметінің барлық салаларында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру және пайдалану арқылы ақпараттық сауаттылықты дамыту;

Жалпы кәсіптік құзыреттер:

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну;

Типтік міндеттердің шешімдерін табу және стандартты емес жағдайларды шешу, аналитикалық тәсілді қажет ететін лауазымдарда өз бетінше жұмыс істеу.

Кәсіби міндеттерге жету үшін идеяларды іс-әрекетке айналдыруға, жобаларды жоспарлауға және басқаруға қабілетті болу.

Кәсіби құзыреттіліктер:

Қаржы-бюджеттік және ақша-несиелік реттеуді ұйымдастыру, қаржы -банк жүйесінің жұмысының теориялық және практикалық аспектілерін түсіну;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және халықаралық құқықнормаларында көзделген заң шеңберінде қаржы жүйесінің, шаруашылық қызмет субъектісініңорнықты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қаржы-құқықтық тетіктің нысандары мен әдістерін қолдана алу;

Басқарушылық шешімдерді қалыптастыру мақсатында экономикалық талдаудың қаржылық әдістерін қолдана білу;

Мемлекеттік және корпоративтік қаржыландыруды ұйымдастырудың, ақша-несиелік реттеудің және қаржылық ұйымдар қызметінің заңнамалық нормаларын білу және қолдана білу;

Қаржы саласында талдау жұмыстарын жүргізу үшін әдіснаманы және ғылыми аппаратты меңгеру.

 

«Қаржы» мамандығының білім беру бағдарламасы

(магистратурабейіндікбағыт)

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты - магистранттарға, қаржылық менеджмент пен мемлекеттік қаржы, банктік және сақтандыру бизнесі, инвестициялық қызмет саласындағы бәсекеге қабілетті қаржы мамандарына кәсіби дайындық беру.

Құзыреттілік / оқыту нәтижелері

Жалпы кәсіптік құзыреттер:

Зерттеу әдістемесінің дамуын және жаңа білім алуды түсіндіруге қабілетті, ғылыми әзірлемелерді қолдану, кәсіби қызметті талдауды,психологиялық заңдылықтарды, тұлғаның ұйымдастырушылық мінез-құлқының технологияларын және кәсіби қызметте тұлғааралық қатынастарды орнату;жоғары мектеп педагогикасының проблемаларын, әдіснамалық және теориялық негіздерін түсіндіру.

Кәсіби қызметте іскерлік шет тілін қолдану, қаржының ерекшеліктерін ескере отырып, шет тіліндегі ғылыми ақпараттардың жазбаша экспликациясын меңгеруді көрсету.

Қаржы саласындағы кәсіби функцияларды жүзеге асырады, ұжымдағы функционалдық міндеттерді саралайды және орындаушылардың жұмысын ұйымдастырады; шешімдер қабылдау және олардың салдарын бағалау, шешімдердің орындалуын бақылау, басқару қызметінде ынталандыру мен санкциялар жүйесін қолданады.

Субъектінің қаржылық жағдайын жоспарлау және диагностикалау модельдерін құру, экономикалық-математикалық және статистикалық зерттеу әдістерін қолдану, қаржылық көрсеткіштерді есептеу және бағалау, заманауи компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып аналитикалық ақпаратты басқару, есептеу нәтижелерін қорытындылау, проблемаларды анықтау және оларды шешудің нұсқаларын ұсыну үшін ақпаратты қолдана алады.

Кәсіби құзыреттіліктер:

Макроэкономикалық реттеу жүйесінде негізгі парадигмалар мен концепцияларды, қаржы қызметінің заңдылықтарын біріктіруге және бағалауға, қазіргі заман шындығын ескере отырып, олардың дамуын түсіндіруге және болжауға қабілетті

Құқық нормаларын қолдана отырып, кәсіпкерлік субъектілері мен қаржы институттары қызметінің заңдылығын анықтайды, Экономикалық қызмет субъектілерінің рейтингтерін бағалайды және жасайды.

Тәуекелдер мен қатерлерді бағалаудың заманауи әдістерін пайдалану негізінде қаржы нарығының жағдайын талдайды; фискалдық және ақша-несиеніреттеу мәселелерін анықтау, оларды ғылыми негіздеуге және практикалық есептеулерге негізделген ұсыныстарды тұжырымдау.

Ұйымның ішкі және сыртқы ортасының тәуекелдерін талдай отырып, шаруашылық субъектілерінің қаржылық қызметін диагностикалай алады және анықталған қатерлерді шешуге бағытталған тәуекелге қарсы шараларды әзірлей алады.

Қаржылық көрсеткіштерді есептейді және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалайды, мемлекеттік және корпоративтік салықты басқару, банктік және сақтандыру менеджментінің құралдарын қолдана отырып, микро және макродеңгейде бюджеттер мен қаржылық жоспарларды құра алады.

 

«Қаржы» мамандығының білім беру бағдарламасы

(магистратура ғылыми-педагогикалық бағыт)

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-педагогикалық кадрларын және мемлекеттік қаржы және қаржы менеджменті, банк және сақтандыру бизнесі, инвестициялық қызмет саласындағы ғылыми саланы даярлауды қамтамасыз ету.

Құзыреттілік / оқыту нәтижелері

Жалпы кәсіптік құзыреттер:

Зерттеу әдіснамасының дамуын және жаңа білім алуды түсіндіруге қабілетті; зерттеу әзірлемелерін, кәсіби қызметті талдауды, психологиялық заңдарды, тұлғаның ұйымдастырушылық мінез-құлқының технологияларын және кәсіби қызметте тұлғааралық қатынастарды орнатуды қолдана отырып; жоғары мектеп педагогикасының проблемаларын, әдіснамалық және теориялық негіздерін түсіндіру.

Кәсіби қызметте іскерлік шет тілін қолдану, қаржының ерекшеліктерін ескере отырып, шет тіліндегі ғылыми ақпараттардың жазбаша экспликациясын меңгеруді көрсету.

Қаржы саласындағы кәсіби функцияларды жүзеге асырады, ұжымдағы функционалдық міндеттерді саралайды және орындаушылардың жұмысын ұйымдастырады; шешімдер қабылдау және олардың салдарын бағалау, шешімдердің орындалуын бақылау, басқару қызметінде ынталандыру мен санкциялар жүйесін қолданады.

Субъектінің қаржылық жағдайын жоспарлау және диагностикалау модельдерін құру, экономикалық-математикалық және статистикалық зерттеу әдістерін қолдану, қаржылық көрсеткіштерді есептеу және бағалау, заманауи компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып аналитикалық ақпаратты басқару, есептеу нәтижелерін қорытындылау, проблемаларды анықтау және оларды шешудің нұсқаларын ұсыну үшін ақпаратты қолдана алады.

Кәсіби құзыреттіліктер:

Макроэкономикалық реттеу жүйесінде негізгі парадигмалар мен концепцияларды, қаржы қызметінің заңдылықтарын біріктіруге және бағалауға, қазіргі заман шындығын ескере отырып, олардың дамуын түсіндіруге және болжауға қабілетті

Құқық нормаларын қолдана отырып, кәсіпкерлік субъектілері мен қаржы институттары қызметінің заңдылығын анықтайды, Экономикалық қызмет субъектілерінің рейтингтерін бағалайды және жасайды.

Тәуекелдер мен қатерлерді бағалаудың заманауи әдістерін пайдалану негізінде қаржы нарығының жағдайын талдайды; фискалдық және ақша-несиені реттеу мәселелерін анықтау, оларды ғылыми негіздеуге және практикалық есептеулерге негізделген ұсыныстарды тұжырымдау.

Ұйымның ішкі және сыртқы ортасының тәуекелдерін талдай отырып, шаруашылық субъектілерінің қаржылық қызметін диагностикалай алады және анықталған қатерлерді шешуге бағытталған тәуекелге қарсы шараларды әзірлей алады.

Қаржылық көрсеткіштерді есептейді және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалайды, мемлекеттік және корпоративтік салықты басқару, банктік және сақтандыру менеджментінің құралдарын қолдана отырып, микро және макродеңгейде бюджеттер мен қаржылық жоспарларды құра алады.

 

 

Серіктестер:

«Каspi Bank» АҚ, «FREEDOM FINANCE» АҚ, «Forte Банк»АҚ, «Сбербанк» ЕБ АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «RBK bank»АҚ, Нұр-сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің«Астана жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ,«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақмыс» сақтандыру компаниясы» РУ-2АҚ,«Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ, «ҚР Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті» ММ,«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» ММ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және т. б.

Профессор-оқытушыларқұрамыбіліктілігініңжоғарыдеңгейі (дәрежеліктіқұрайды).ПОҚ қатарында қаржы-несие секторында практикалық жұмыс тәжірибесі мол оқытушылар жұмыс істейді. Оқытудың қолданбалы сипаты мамандандырылған салық зертханасының және Нұр-сұлтан қ. Фридам финанс Қазақстан банкінде кафедра филиалының болуымен айқындалады, мамандық халықаралық аккредиттеуден өтті, FIBAA, «Атамекен» ҰКП-ның АРТА, БСҚАТА (IQAA) агенттіктерінің жоғары рейтингісі бар.Қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда (ҚазЭҚХСУ Оңтүстік Кореядағы Каннам университетімен және ШвейцариядағыЕуропалық университетпен) келісім-шарт жасасты.

Білім алушылардың жақын және алыс шетелдерде академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі. Түлектердің жұмысқа орналасуы 90% құрайды.

2021 жылдан бастап Я. Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетімен (Беларусь Республикасы) магистратурбейіндік бағыт бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Кәсіби қызмет саласы. Түлектер кәсіпорындарда, мемлекеттік қаржы және салық органдарында, банктерде, сақтандыру компанияларында және басқа да қаржылық делдалдық институттарында қаржыгер лауазымында жұмыс істей алады.

Кәсіби қызмет объектілері-республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар, банктер, биржалар, қаржы және сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар, ҚР Қаржы министрлігі және оның өңірлік бөлімшелері, ҚР Ұлттық Банкі, Екінші деңгейдегі банктер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ), қазынашылық органдары, қор биржасы, брокерлік және дилерлік компаниялар, әртүрлі меншік нысанындағы қаржы басқармалары мен кәсіпорындары. Қаржы бакалаврлары қаржыны басқарумен және ұйымдастырумен, микро және макро деңгейлерде ақша-несие және фискалдық саясатты жүргізумен айналысады, тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады.

Оқыту сапасын арттыру және модульдік білім беру бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында Қаржы және банк ісі саласында тәжірибесі бар белгілі ғалымдар мен практикалық қызметкерлер шақырылады.

2015 жылы «Банк Kassa Nova» АҚ кафедрасының базасында «Қаржы» кафедрасының филиалы ашылды.

Банктің қайта құрылуына байланысты 2021 жылы FREEDOM FINANCE KAZAKHSTAN банкінде кафедра филиалын ашу туралы шарт жасалды. Бакалавр мен жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру (магистратура) бағыттары бойынша білім алушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және тиісті жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің зертханасы (Салық комитетінің прототипі) №305аудиторияда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті мен ҚазЭҚХСУ арасындағы 2008 жылғы 25 қаңтардағы №NK-151 ынтымақтастық келісіміне сәйкес құрылған

«Қаржы» мамандығы білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісіне белсенді қатысады.

2018-2020 жылдардағы бакалавриат және магистратура бойынша АРТА агенттігінің ЖОО рейтингінде ТОП-10-ға кіреді.

2020 жылы бакалавр дәрежесі бойынша «Қаржы» ББ 24 ЖОО арасында 5-ші орынды, «Қаржы» ББмагистратура бағыты бойынша еліміздің 15 ЖОО арасында 2 -орынды иеленді.

2020 жылы ҚР «Атамекен» ҰКП рейтингінде ҚазЭҚХСУ «Қаржы» мамандығы - Қазақстанның 73 ЖОО арасында 17-ші орын алды.

2020 жылы БСҚАТА (IQAA) рейтингісінде бакалавриат бағыттары бойынша: «Қаржы» - 18 ЖОО - дан 5 орын, «Қаржы» магистратурасы бағыты бойынша-ҚР 11 ЖОО-нан 5 орынды алды.

И нновациялар мен академиялық артықшылық бойынша Ұлттық рейтингте (Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының Республикалық рейтингтік агенттігінің деректері бойынша университеттердің жалпы рейтингі) «Қаржы» білім беру бағдарламасы «Қаржы»бакалавриатының бағыты бойынша - 3 орын, «Қаржы» магистратурасының бағыты бойынша-2 орын. (2019 ж)

2020 жылы ОНР PTSCIENSE ғылыми-зерттеу жұмыстарының ХVII Халықаралық байқауының нәтижесі бойынша э.ғ.к., доцент Р.К. Берстембаева 3-ші орынға ие болды («Қазақстанның ұлттық басымдықтар жүйесіндегі өмір сүру деңгейінің өсуі» атты мақаласы).

2018 жылғы ЖОО оқытушыларының 4 халықаралық кәсіби конкурсының нәтижесі бойынша «жобалау-әдістемелік құзыреттер» номинациясында –«Банк ісі» оқулығында авторлар ұжымы (ред.Сейтқасымова Г.С.) және «Банк ісі» пәні бойынша бейнедәрістің «Оқу процесін іске асыру құзыреті» номинациясында (әзірлеуші Мусина А.А.) 1-орын алды. Кафедра ПОҚ-ның осы жетістіктері шеңберінде ЖОО оқытушыларының 4 халықаралық кәсіби конкурсына қатысушы ЖОО рейтингісінде (ТОР-10), 218 ЖОО арасында ҚазЭҚХСУ 1 орынға ие болды.

Кафедрада студенттер мен магистранттар үшін оқу, өндірістік, өндірістік (диплом алды) және ғылыми практика бойынша 21-ден астам ұзақ мерзімді келісімшарттар бар (оның ішінде 7 коммерциялық банк, «ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы» РММ, «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» ММ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ).

Кафедра түлектері өздерін «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,«Қазпочта» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ,«ҚР Қаржы министрлігі», «Азық - түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-да жұмыс істейтін құзыретті жоғары білікті мамандар ретінде көрсетті. Нұр-Сұлтан ҚР ҚМ МКК, Астана қаласының қаржы басқармасы ММ, «Астана-жаңа қала Кедені» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, «Астық «Агрофирмасы» АҚ, ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Екінші деңгейдегі банктері, сақтандыру компаниялары, сондай-ақ басқа да қаржылық, инвестициялық және консультациялық ұйымдарда қызмет атқарады.

Кафедра халықаралық ынтымақтастық шеңберінде серіктес жоғары оқу орындары арасында жасалатын білім беру бағдарламаларын, келісімдерді іске асырумен айналысады. Мысалы, Каннам университетінің модульдік білім беру бағдарламаларын жобалау тәжірибесін зерделеу мақсатында жеке ББ-ны аталған бағдарламалармен келісу және оларды ұтқырлықты арттыру және бірлескен қос диплом бағдарламаларын әзірлеу үшін одан әрі пайдалану мүмкіндігі мақсатында 2014 жылғы 5 ақпанда Каннам университеті (Оңтүстік Корея және ҚазЭҚХСУ)келісім жасалынды. Қос диплом бағдарламасы аясында «Қаржы» мамандығының 3 студенті Хан Эрнест, Юн Игорь және Тамиржанова Гульжихан Каннам университетінде (Оңтүстік Корея) білім алып, еуропалық стандарт дипломын алды. 3-ші курс студенті Жақанов Саясат 2021-2023 жылдары Каннам университетінде (Оңтүстік Корея) білім алуда.

ҚазЭҚХСУ-да әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта шетелдік ғалымдар мен практиктер бакалавриат пен магистратура бағдарламалары бойынша дәріс оқуға тартылады, біздің жетекші оқытушылар жақын және алыс шетел университеттеріне тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Академиялық ұтқырлық аясында EP Finance студенттері мен магистранттары жыл сайын Narxoz University АҚ, Әзірбайжан, Франция, Польша, Чехия, Латвия және т.б.

 

... қайтару
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Открытый университет Казахстана
Welcome to the EDUQAS project!