Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы


Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Қазақ және шет тілдері» мен «Жалпы білім беру пәндері» кафедраларының бірігуі негізінде 2020 жылғы 1-шілдеде қайта құрылды (бұйрық №01-29/50). Кафедра меңгерушісі – Байдрахманов Досым Хасенұлы (педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент). Кафедраның даму концепциясы жоғары мектептің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие үрдісінің қазіргі ерекшелігімен анықталады. Кафедра қызметінің маңызды аспектісі білім беру үдерісін ізгілендіру болып табылады, себебі ҚазЭҚжХСУ түлегі теориялық және практикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар оң тұлғалық қасиеттерге ие болуы, гуманистік дүниетанымға ие болуы, өзекті мәселелерді ғылыми іздеу және практикалық шешу дағдыларын меңгеруі тиіс. Кафедра қызметінің мақсаты – білім алушылардың әлеуметтік-мәдени даму деңгейін көтеру, олардың кәсіби қызметтің адамгершілік ынталандыруын меңгеру.

Оқу-әдістемелік жұмыс білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру, кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін оқу процесіне енгізу, гуманитарлық цикл пәндерін оқыту әдістемелерін әзірлеу бағытында жүргізіледі. Кафедра оқытушылары оқылатын пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, лекцияларын, тест тапсырмаларын, әдістемелік нұсқауларды және басқа да материалдарды әзірлеуге белсенді қатысады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы (бұдан әрі – ОПҚ) оқу үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізеді, кейс-оқыту технологиясы, тестілеу тапсырмаларын құрастыру әдістемесі бойынша оқыту семинарларынан өтеді.

ОПҚ үнемі өзінің кәсіби деңгейін көтеру бойынша жұмыс істейді, бұл туралы корпоративтік басқару негіздері, ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы көптеген сертификаттар куәландырады. Бұл білім беру үдерісіне заманауи кәсіби әдістерді үнемі енгізуге мүмкіндік береді. Кафедра халықаралық, барлық Қазақстандық және аймақтық ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады. Бірқатар оқу құралдары, мақалалар дайындалды және жарияланды. СМЖ талаптарына сәйкес, кафедра Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің білім беру қызметінің өмірлік циклінің сапасы мен сатысындағы саясатын жүзеге асырады.

... қайтару
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Открытый университет Казахстана
Welcome to the EDUQAS project!