Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Инклюзивті білім беру: теориясы мен тәжірибесі


Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде «Инклюзивті білім беру: теориясы мен тәжірибесі» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Өткізушілер: ҚазЭҚХСУ инклюзивті білім беру бойынша реттеуші, п.ғ.к., доцент Сарбасова Сауле Багауовна мен «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасының жанындағы «Аялау» студенттік үйірмесінің жетекшісі Мусралинов Ануар. 

Дәріс оқығандар – семинар қонақтары, аталмыш мәселелмен айналысатын әлеуметтік орта мен білім берудің мамандары: 

Ғалымдар:

·        Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің «Әлеуметтану мен антропология» кафедрасының профессоры - Чи Кай Чан.

·        Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің «Әлеуметтану мен антропология» кафедрасының профессорының көмекшісі, PhD - София Ан.

Тәжірибе-мамандар қызметкерлер:

·        Халықаралық «Мирас» мектебінің педагог-психологі, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша магистр Садвокасова Сауле Болашовна.

·        Астана қаласының №2 қайтаөндеу орталығының директоры, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша магистр, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистр Куаныш Улан.

·        Инклюзивті білім берудің бастапқы мектебінің негізін қалаушы МБ «Астана қ. Мектеп-гимназиясы-83» директоры, жоғары санап педагогы Теменова Сауле Ермухановна.

·        ЖШС «Астана қаласының кадрларды дайындау және қайта дайындау орталығы» директорының орынбасары Абгаева Жибек Нурахметовна.

·        Астана қ. Әкімшілігінің №2 психолого-педагогтік коррекциясы кабинетінің директоры Алмолдаева Айгерим Ардагеровна.

·        Астана қаласының №7 емханасының аймақтық медбикесі Аныкбаева Жаудир Мараткызы.

·        «ЗеУмитКорпорейшн» коммерциялық емес ұйымның «ЖасылЖайлау» балалық орталығының Қазақстандық филиалының  оқу жұмысы бойынша директоры Нугуманова Гульбану Мансуровна.

·        «Демеу» оқу-тәжірибелік отбасылық медициналық Орталығының ЗОЖ бөлімі басшысының орынбасары Рахимова Оминахон Бахадыркызы.

·        «UMC» Корпоративтік қорының 2-ші жоғары санаптағы логопеды Иманбаев Алмас Болатович.

Мамандардың белсенді жұмысқа қатысуы семинарға қатысушылардың жұмысын арта түсті, семинар барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

«UMC» Корпоративтік қорының сарапшысы, ҚР МТСЗ басты логопеды Джаниева Тойжан Сейдалиевна инклюзивті білім берудің дамуы туралы өте маңызды ақпарат берді. 

Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің «Әлеуметтану мен антропология» кафедрасының профессоры Чи Кай Чан мамандарды даярлау туралы өте қызықты әрі маңызды ұсыныстарды жасады. Оның ұсыныстары инклюзивті білім беру мен білім беру жүйесінің арақатынасын белгіледі, сонымен қатар, мектепке дейінгіден бастап, жоғары оқу орндарына дейін инклюзивті білім берудің дамуын көрсетті.

«Аялау» СҒҮ қарастырылған мәселені дұрыс және ұтымны талқылау үшін ЖОО ғылыми кітапханасының көмегімен «Инклюзивті білім беру: тәжірибе және перспективалары» атты кітап-жорналдар көрмесі мен стендті ұйымдастырды. Университеттің техникалық бөлімі мультимедиялық жұмысын анық жүргізді.  

Бұл іс-шара – 2011-2020 жылдары мемлекетіміздің білім беру жүйесін дамыту Мемлекеттік талаптарына сай болып, 2016-2017 оқу жылында университетте жүргізілген семинарлардың бірі болып саналады.

Университетте ҚР БҒМ жанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің базасында құрылған «ҚР ЖОО үшін инклюзивті білім беру және превентивтік суицидология бойынша ресурстық кеңес беру» ғылыми-тәжірибелік Орталығының ұсынысы бойынша ЖОО іс-шаралар жоспары құрылды. 

«Аялау» СҒҮ басшылығымен «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасының студенттері 2013 жылдан бастап, жыл сайын «Әртүрлі-Тең» республикалық және қалалалық байқауларға қатысып, ұйымдастырып жүреді.

Қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатымен «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасы студенттерді болашақ маман ретінде әлеуметтік ортамен таныстыру мақсатында 1-3 курс студенттерімен әлеуметтік ортағы қатысы бар мекемелерге барып жүреді: Астана қ. Әкімшілігі ашқан КГУ «Мүгедектер мен егде адамдар үшін ашылған медико-әлеуметтік ұйым», ОФ «Балам-ай», ОО «Мүгедек балалар ұйымы» және т.б. 

30 қыркүйек 2016 жылы «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасының СҒҮ «Аялау» және Томск мемлекеттік университеттің, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары мен студенттері қатысқан «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау перспективаларының дамуы»  атты халықаралық Дөңгелек үстел жүргізуінде бастапқы жұмыс атқарды. 

Бағдарлама барысында мынадай баяндамаларды тындады: «Реализация научно-исследовательского Проекта «Сопровождение студентов с ограниченными возможностями в ВУЗе», «Психосоциальный подход в укреплении ментального здоровья молодых людей с инвалидностью» және т.б.

25 қазан 2016 жылы ЕАГИ базасында өткен «Инклюзивті білім беру – толерантық қоғамға барар жол» атты Республикалық ғылыми лекторий жұмысына ҚазЭҚХСУ студенттер мен магистранттары қатысты. Материалдары жинақ ретінде баспадан шығады. 

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 2 курс магистранты Дюсембина Меруерт «Аутизм, мүмкіндіктер әлемі» атты Халықаралық конференциясына осы саладағы маман ретінде қатысты.

«Әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аталмыш барлық іс-шараларының қайнар көзі ретінде «Адам құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес. Адам ғана өзін және қоғамын құрта алады және ӨЗІ оны емдеп, жоғарыға көтере алады» дегені болып табылады. 


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Открытый университет Казахстана