Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мамандық


5В042100 – «Дизайн» бакалавриаты бойынша екі бағытта білім беріледі: 5В042101- «Сәулеттік дизайн» және 5В042102- «Графикалық дизайн». Оқытудың нормативті ұзақтығы күндізгі бөлім бойынша 5 жыл.

Кафедра жоғары білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу формасы негізінде  сәулеттік және графикалық дизайн саласының кәсіби бакалавр мамандарын дайындайды. Студенттерге білім берудегі басты мақсат болашақ мамандардың жоғары оқу орнында алған білімдерін дизайнерлік қызмет нарығында қолдана білуге үйрету.

Кафедра студенттерге оқу және өндірістік тәжірибелерді полиграфияларда, дизайнерлік бюроларда, сәулеттік жобалау мекемелерінде өтуге мүмкіндік жасайды.

Тәжірибеден өтетін студенттер қаланың түрлі кәсіпорындарында бекітілген шарт бойынша жұмыс істейді. Студенттердің үздік диплом жұмыстары республикалық және халықаралық байқауларға жолданып отырады.

«Дизайн» мамандығы бойынша жоғары базалық білім алған мамандар сәулет өнерінің үзінділерін, экспозицияларды, ішкі көріністерді, өндірістік және тұрмыстық заттарды, сырттай бейнелеу коммуникациясы, жарнамаларды жобалауға және көркемдеу жұмыстарын орындауға маманданады.

 «Графикалық дизайн»  бойынша студенттер жарнама дизайны, полиграфия дизайны, графика тілі және сыртқы көрініс мәдениеті, безендіру өнері және фотографика бойынша дәрістер алып, шығармашылық жұмыстарды іс жүзінде орындап көреді.

Оқуды аяқтағаннан кейін студенттерде келесідей кәсіби машықтар қалыптасады:

-         жарнама өнімдерінің материалдарының қасиеттерімен түрлерін білу;
-         жарнамалық өнімдерді әзірлеу үшін материалдарды таңдау;
-         жарнама өнімдерінің эскиздерін қолмен және компьютерде орындау;
-         журнал, кітаптардың мұқабасын безендіру және олардың  жобасын жасау;
-         жарнамалық пакет дайындау (іскерлік құжаттама, баннер, стендтер, каталог, буклеттер, визиткалар, күнтізбе, орауыштар т.б.);
-         баспа жабдықтарымен жұмыс жасай білу;
-         жарнамалық стендті безендіріп, компанияны жарнамалай білу;
-         графикалық компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасай білу (Corel Draw, Adobe Photoshop, 3D MAX, Adobe InDesign);
-         видеоролик, видеофильм жасау, Web-сайт әзірлеу; 
Сонымен қатар, білімін магистратурада  жалғастырып, өзінің кәсібін ұйымдастырып,  компанияларда, баспаларда  дизайнер-безендіруші ретінде жұмыс атқарып, әртүрлі көрмелер мен жарыстарға қатыса алады.

    211.jpg212.jpg

213.jpg214.jpg215.jpg

      

 «Сәулеттік дизайн»  мамандануы бойынша студенттер сәулеттік ортадағы дизайн, ішкі көрініс дизайны, ландшафтық дизайн, монументті-безендіру өнері, жобалау-конструкторлық қызметі, өнімдердің, бұйымдардың, заттардың жаңа нысандарын, үлгілерін, макеттерін, жобаларын, бағыттарын дайындап үйренеді.

Бұдан өзге, ұйымдастыру-басқару қызметі: жобалау ісін басқару және ұйымдастыру саласындағы кәсіби компьютерлік бағдарламаларды да толықтай үйренеді.

Оқуды аяқтағаннан кейін студенттерде келесідей кәсіби машықтар қалыптасады:

-         материалдардың пластикалық қасиеттері мен түрлерін білу;

-         эргономиканы білу;

-         жиһаз интерьерімен жабдықтарының эскиздерін жобалау;

-         нысан интерьері эскиздерін қолмен және компьютерде орындау;

-         жиһазды орналастыра отырып, нысанның жоспарын сызу;

-         жиһаз интерьерімен жабдықтарының сызбасын жасау;

-         Заманауи компьютерлік графикалық бағдарламаларды білу (Corel Draw, Adobe Photoshop, 3D MAX, Auto CAD);

Сонымен қатар студенттер білімдерін әрі қарай магистратурада  жалғастырып, өзінің кәсібін ұйымдастырып,  интерьер дизайнері ретінде жұмыс атқарып, әртүрлі көрмелер мен жарыстарға қатыса алады.

     216.jpg217.jpg

218.jpg219.jpg


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Открытый университет Казахстана
Welcome to the EDUQAS project!