Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманаповтың Өмірбаяны


1949 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Красногор (қазір – Қордай) ауданы Ырсу ауылында дүниеге келді.

Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманаповтың

өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметінің негізгі кезеңдері

1967 жылдары – Жамбыл облысы Красногор ауданының Отар бекетіндегі №289 орта мектеп-интернаттының түлегі

1967-1972 жылдары  С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті механика-математикалық факультетінің «Математика» мамандығының студенті

1972-1976 жылдары  Қарағанды мемлекеттік университеті «Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» кафедрасының ассистенті, оқытушысы

1976-1979 жылдары  Қазақ КСР Ғылыми Академиясының Математика және механика институтының аспиранты, Алматы қаласы

1980-1986 жылдары – Қарағанды мемлекеттік университеті «Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» кафедрасының аға оқытушысы

1982 жылы  Қазақ КСР Ғылыми Академиясының Математика және механика институтында 01.01.02 – «Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика» мамандығы бойынша «Бөлшекті кеңістіктегі төртінші ретті эллиптикалық типтегі жалпы дифференциалдық теңдеулер үшін кейбір есептердің шешілетіндігі туралы» тақырыбына физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады

1986 жылы – КСРО-ң Жоғары Аттестациялық Комиссиясының шешімімен доцент ғылыми атағы берілді

1990-1992 жылдары  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» кафедрасының меңгерушісі

1992-1993 жылдары  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика факультетінің деканы

1993-2000 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры

1995 жылы  Халықаралық Ақпараттандыру академиясының корреспондент- мүшесі болып сайланды

1996 жылы  Экология, адам және табиғат қауіпсіздігі Халықаралық академиясының академигі болып сайланды (Ресей)

1997 жылы  Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының Санкт-Петербург бөлімшесі бойынша корреспондент-мүшесі болып сайланды

1997 жылы  Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы ЖАК-тың шешімімен «Математика» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді

1999 жылы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде (Алматы қ.) 13.00.01 – «Жалпы педагогика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Университеттік білімді жетілдірудің теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғап шықты

2000 жылы – Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (академигі)

2000 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің бірінші проректоры

2001 жылы – Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының Санкт-Петербург бөлімшесі бойынша толық мүшесі (академигі)

2002-2008 жылдары – Халықаралық географиялық орталықтың бас директорының орынбасары болып тағайындалды (Кембридж, Ұлыбритания)

2004-2008 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры

2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Ректорлар Кеңесінің Төрағасының жұмысын атқарып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша Республикалық оқу кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Коллегия мүшесі болды

2004 жылы – Испания докторларының Корольдік академиясының мүшесі болып сайланды

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның Қоғамдық және гуманитралық ғылымдар секциясының төрағасы

2005-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Рахымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссияның, ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі болып сайланды

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Жәрдемдесу қауымдастығы төрағасының орынбасары

2006-2008 жылдары – Қазақстан-Қытай Конфуций институты Директорлар Кеңесінің Төрағасы

2007 жылы – Дүниежүзілік өнер, ғылым және коммуникация конгресінің Вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания)

2008 жылы – «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» акционерлік қоғамының Президенті, Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне сайланды

2009 жылы – «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, Президенті

2012 жылдан - осы уақытқа дейін – Казақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің Ректоры

С.Ә. Әбдіманаповқа республикалық және ведомстволық ұйымдар, Халықаралық ғылыми қауымдастық пен қоғамдық бірлестіктердің тапсырылған марапаттары

1997 жылы

«Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» төлбелгісі

2001 жылы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Алғыс хаты

2001 жылы

С.Ә. Әбдіманаповтың аты Биографиялық көрсеткіштері Американдық биографиялық институтының «Ғылымның, технологияның және инженерияның көшбасшылары» есімнамалық халықаралық жинағына енгізілді

2002 жылы

Халықаралық биографиялық орталық (Кембридж, Англия) педагогика және жоғары білім саласы бойынша «ХХІ ғасырдың 2000 көрнекті зияткерлері» басылымына енгізілді

2002 жылы

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісі

2003 жылы

Халықаралық Биографиялық Орталық (Кембридж, Англия) ғылым саласындағы жарияланған «Тірі аңыздар» ұлықтамалық басылымына енгізілді

2003 жылы

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі

2003 жылы

Америка биографиялық институтының «Жыл адамы» марапаты (Солтүстік Королина, АҚШ)

2004 жылы

Испания Королінің докторлар академиясының медалі

2004 жылы

Швейцария үкіметінің қолдауымен Халықаралық қор «Мінсіз іскерлік беделі үшін» және «Іскерлік тәжірибедегі Жоғары сапасы үшін» алтын медальдары

2004 жылы

«Украинаның фашист басқыншыларынан азат етілуіне 60 жыл» медалі

2005 жылы

Еуропалық интеграцияны дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Біріккен Еуропа» Халықаралық наградасы тапсырылды (Оксфорд, Ұлыбритания)

2005 жылы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ең үздік ректор» медалі

2005 жылы

«Құрмет» Мемлекеттік ордені

2005 жылы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Алғыс хаты

2005 жылы

 «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл» естелестелік медалі

2006 жылы

Қазіргі қоғамның зияткерлік дамуына қосқан жеке үлесі үшін Сократ атындағы Халықаралық награда тапсырылды (Оксфорд, Ұлыбритания)

2006 жылы

«Томск мемлекеттік университеті алдында сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды (Томск, Ресей)

2006 жылы

Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының «Ерекше сіңірген еңбегі үшін» медалі

2007 жылы

Ресей Федерациясы Жоғары Мектеп Ғылым Академиясының «Жоғары мектеп алдында сіңірген еңбегі үшін» медалі (Мәскеу, Ресей)

2007 жылы

Өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі айтарлықтай жетістіктері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі

2007 жылы

Аса көрнекті геомеханик-ғалым Ж.С. Ержановтың «Қазақстан Республикасында ғылыми ұйымдастырушылық жұмысқа қосқан ерекше үлесі, механика ғылымына ықпалы және дамытқаны үшін» ескерткіштік медалі (ҚР ҰҒА)

2008 жылы

«Астананың 10 жылдығы» атты мерейтойлық медалі

2008 жылы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді қолдаудың Мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі

2009 жылы

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін Қ.И. Сәтпаев атындағы І сыйлық

2010 жылы

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы» мерейтойлық медалі

2011 жылы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Алғыс хаты

2011 жылы

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалі

2012 жылы

«Орал мемлекеттік экономикалық университетінің құрметті профессоры» атағы (Орал, Ресей)

2015 жылы

«Михаил Васильевич Ломоносовқа 300 жыл» медалі

2015 жылы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Алғыс хаты

2015 жылы

Ұлттық бизнес-рейтингке сәйкес, міндеттерді, тамаша еңбек жетістіктерін, кәсібилік пен команда мүдделеріне берілгендігі үшін «Жылдың үздік көшбасшысы» ұлттық сертификаты

2016 жылы

«Лев Гумилев» естелік медалі

2019 жылы

Қазақстан Республикасы Президенті К.-Ж.К. Тоқаевтың Алғыс хаты

2019 жылы

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

2020 жылы

2020 жылы

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Кульгинов атынан Алғыс хат

Пандемия кезінде ҰБТ-ны жақсы ұйымдастырғаны үшін Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты

2021 жылы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауын ұйымдастыруға үлес қосқан үшін Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев және «Nur Otan» партиясынан «Алғыс хат»

2021 жылы

«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі

2021 жылы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ң 25-жылдығына орай естелік медалі

2021 жылы

Нархоз университетінің Құрметті грамотасы

 

Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманапов

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Открытый университет Казахстана
Welcome to the EDUQAS project!