Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҚазЭҚХСУ ректорының блогы


Құрметті достар!

 

Баршаңызды жаңа 2021-2022 оқу жылымен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында біз жаңа құрылтайшының басшылығымен жұмыс істей бастаймыз, бұл біздің университеттің одан әрі дамуы үшін өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К. Тоқаев 2021 жылғы 1- қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел дамуының берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «біз кез келген сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге дайын болуға, мүлтіксіз іс-қимыл жасап, әрдайым алға жылжуға тиіспіз».

Университет жаңа құрылтайшымен бірге алға ұмтыла отырып, барынша өршіл, бірақ іс жүзінде жүзеге асырылатын-инновациялық-бағдарланған университет болу міндетін қойды.

Бүгінгі таңда біз әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы Қазақстанның үздік университеттерінің ТОП-10-на кіреміз! Біздің ұмтылысымыз мемлекеттік саясаттың басымдықтарымен, әлемдік үрдістермен және өзіндік даму аспектілерімен түсіндіріледі.

Университетте экономика ғылымдарын қолдауға арналған бағыт жалғасуда, бірақ көрсетілетін қызметтер саласын және білім беру жүйесін дәйекті жаңғырту қажет, өмір шындығынан туындап отыр: жаңа экономикалық жағдайларда назар цифрлық білім беру ресурстарына, интернационализацияға, қосдипломды білім беруге, үш тілге аударылады. Экономикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларынан басқа, Университет еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие IT-мамандарды, әлеуметтік қызметкерлерді, туризм саласындағы мамандарды даярлауды белсенді жүргізуде.

Оқытушылардың қомақты шығармашылық ұжымы біздің университетімізде бакалаврларды, магистрлерді ғана емес, PhD докторларын да дайындауға мүмкіндік берді. Тілек білдірушілердің қалауы бойынша оқуын жалғастыруға және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға мүмкіндігі бар.

ЖОО-ның айрықша және ұтымды ерекшелігі – MBA, DBA бизнес-білім беру бағдарламалары және Еуропалық университетпен (Швейцария) бірлесіп кәсіби даму бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асыратын Халықаралық бизнес-мектептің (IBS) ҚазЭжҚХСУ базасында болуында.

Халықаралық қызмет ҚазЭҚХСУ дамуының басым бағыты болып табылады. Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік байланысты қолдайотырып, университет өзінің ғылыми, шығармашылық тұрғыда өзің-өзі жүзеге асыру көкжиегін кеңе»теді. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру және қос дипломды білім беру бойынша практикалық қадамдар жасалуда. Бұл сіздің әрқайсыңыз 2 жыл бізбен бірге, содан кейін 1 немесе 2 жыл шетелде (Оңтүстік Кореяда, Швейцарияда, Испанияда, Чехияда, Ресейде және басқа серіктес ЖОО-да) білім ала алатындарыңызды білдіреді, нәтижесінде біздің және шетелдік қос диплом ала аласыздар. Сіздерге Еуропаның үздік университеттерінде Эрасмуз кредиттік ұтқырлық бағдарламасы гранты бойынша оқу мүмкіндігі беріледі.

Біздің магистранттар мен докторанттар шетелде үнемі тәжірибеден өтеді.

Біз уақытпен бірге жүруге тырысамыз! Білімге деген құштарлықты жоғалтпаңыз! Жаңа білімге деген ұмтылыс тұрақты болуы керек, ол тек университетте оқып жүргенде ғана емес, өмір бойы болуы керек!

Сізге алда тамаша оқытушылармен, танымал ғалымдармен, өз ісінің мамандарымен бірге қиын, бірақ қызықты жол күтіп тұр.

Өсіңіз, жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылыңыз, тек алға жүріңіз!

Сіздерге сәттілік тілейміз!

 

Ректор, ЖМ ХҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, математика профессоры, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

С. Әбдіманапов


Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманапов

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
Вестник
Открытый университет Казахстана
Welcome to the EDUQAS project!