Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қашықтықтан оқыту


Қашықтықтан оқыту – бұл  Ғаламторды пайдалана отырып қашықтықтан оқыту тәсілі, мұндайда оқытушы мен білім алушылар физикалық тұрғыдан әр түрлі орындардан табылады.   қашықтықтан оқыту факультетінде оқыту 13 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып жүргізіледі, соның ішінде:


■ 5В050600–Экономика;
■ 5В050900–Қаржы;
■ 5В050700–Менеджмент;
■ 5В051000–Мемлекеттік және жергілікті басқару;
■ 5В051100–Маркетинг;
■ 5В030400–Кеден ісі;
■ 5В070300–Ақпараттық жүйелер;
■ 5В070400–Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
■ 5В050800–Есеп және аудит;
■ 5В090800 – Бағалау;
■ 5В051200 – Статистика;
■ 5В090200 – Туризм;
■ 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс.

2012 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 112 ҚОТ Қаулысымен бекітілген Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес білім алушыларға қатысты қолданылады:    

1) қысқартылған білім бағдарламалары бойынша техникалық, кәсіби, орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру;
2) физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде мүгедек балаларға, І және ІІ топ мүгедектеріне барлық деңгейде білім беру;
3) білім алушыларды алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс жерлерде білім алушыларға жоғары білім деңгейінде білім беру, «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда; 
4) шұғыл түрде әскери қызметке шақырылғандарды сырттай оқыту формасы түрінде жоғары білім деңгейінде оқыту; 
5) шетелде ұзақ уақыт бойы іссапарда жүргендерге (4 айдан астам) жоғары білім деңгейінде білім беру.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету. Университет қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісінің ҚР БҒМ нормативтік құжаттарына сәйкес ұйымдастырылғанын дәлелдеді және 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 157 бұйрыққа сәйкес ҚР БҒМ тарапынан оқу үдерісінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануға рұқсат алды. 2012 жылғы 15 тамызда Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің Даму стратегиясына сәйкес қашықтықтан оқыту технологиясын енгізу үдерістерін белсенділендіру мақсатында «Қашықтықтан оқыту» факультеті (ҚОФ) құрылды.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде қашықтықтан оқыту технологиясын жүзеге асыру үшін, негізгі құрал ретінде  «Moodle» қашықтықтан оқыту жүйесі қолданылады. Қашықтықтан оқытуды бағдарламалық сүйемелдеу Platonus автоматтандырылған ақпараттық ортасы мен Moodle ҚО қолдау жүйесінің өзара әрекет етуі негізінде іске асырылады, оған шығу кодына еркін қол жеткізуге болады (opensource).

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі оқытушылар мен студенттер арасында, өзара студенттер арасында жұмысқа қатысты кез келген форматтағы файлдармен алмасуды қолдайды. Moodle жүйесінде сабақ дайындау және өткізуде оқытушы құрамына глоссарий, ресурс, әр түрлі тапсырмалар, форум, wiki, сабақ, тест, webinar, аудиодәрістер және т.б. курс элементтерінің жиынтығын пайдаланады.

Интербелсенділікті арттыру мақсатында порталда өзара әрекет етудің online-offline стандартты сервистерінен басқа (чат, форум, сауалнама, электрондық пошта) онлайн сабақты өткізу сервисі қолданылады, әр түрлі құралдары бар виртуалды онлайн класс арқылы өте көп ақпарат алуға болады (web камерадан суреттер, чат, саны шексіз интерактивті тақталар, пайдаланушының әр түрлі әрекеттерін, видеоматериалдарды монитор экранынан трансляциялау және т.б.).

  
Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 20 маусымнан 9 шілдеге дейін жүргізіледі, ал жоғары білім негізінде құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 25 тамыздан басталады.