Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҚазЭҚХСУ артықшылықтары


Құрметті достар, қымбатты талапкерлер! Біз лайықты білім алуға және табысты мансапқа жетуге тілек білдірушілерді қарсы алуға қуаныштымыз!

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (ҚазЭҚХСУ) 1999 жылы құрылған.

Бүгін ҚазЭҚХСУ-і үлкен мүмкіндіктерге ие, алдына айқын мақсат қойған белсенді жастарға есігі айқара ашық.


ҚазЭҚХСУ-н таңдаудың 10 бағдары

 

 

1.           ҚазЭҚХСУ- Қазақстанның астанасы – Нур-Султан қаласында орналасқан экономикалық бейінді оқытатын жетекші жоғарғы оқу орны.

2.           Университет ұлттық және халықаралық аккредитациядан өткен, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша ТОП-5, ТОП-3 мамандықтар қатарына кіреді.

3.          Көп деңгейлі білім: бакалавриаттың 13  білім беру бағдарламалары, 11 мамандық бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: магистратура, докторантура PhD, MBA, DBA

4.    ҚазЭҚХСУ-і ҰБТ, КТ, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімге түсу емтихандарын қабылдайтын базалық жоғарғы оқу орны болып табылады.    

5.         Мемлекеттік білім беру гранттары, жергілікті атқарушы органдардың гранттары және ақылы негізінде күндізгі, сырттай, қашықтықтан оқыту түрлері. Оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі.

6.         Мықты профессорлық-оқытушылық құрам.   Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сапалы білім.  

7.           Оқу барысында студенттер IT орталықтарда, астаналық банктерде, ірі акционерлік қоғамдарда, ұлттық және халықаралық компанияларда тәжірибеден өтеді.

8.          Түлектерді жұмысқа орналастырудың ең жоғарғы көрсеткіші: оқу барысында алған құзіреттіліктер тез арада жақсы жұмыс табуға және табысты мансап құруға мүмкіндік береді.

9.          Білім алушы екі дипломдық бағдарламаға қатысуға, халықаралық бағдарламадағы студенттермен ауысуға, әлемдік жетекші жоғарғы оқу орындарынан шетелдік тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар. 

10.      ҚазЭҚХСУ-і 2012 жылы (Швейцария) Еуропалық университетпен Меморандумға қол қойды және Еуропалық университеттің дипломын бере отырып MBA және DBA-ға бірлесіп дайындауға айрықша құқығы бар.