ҚазЭҚХСУ туралы
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (ҚазЭҚжХСУ) – Қазақстан астанасындағы мамандандырылған экономикалық жоғары оқу орны.
Бұл жоғары оқу орны:
- «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағыты бойынша ҚР ЖОО арасындағы топ 10-дыққа (Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің деректері бойынша);
- «Қызмет көрсету» бағыты бойынша ҚР ЖОО арасындағы топ 10-дыққа (Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің деректері бойынша) кіреді.
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұжымдық мүшесі.
Халықаралық ұйым – Жоғары білім беру мекемелерінің Еуропалық Қауымдастығының (EURASHE) және European Retail Academy халықаралық білім беру жүйесінің мүшесі.
Азия университеттері қауымдастығының мүшесі.
Университет 2019 жылдың ақпанында институционалдық аккредиттеуден (2026 жылға дейін 7 жылға аккредиттелген) және тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде мамандандырылған аккредиттеуден өтті (ЕП сәйкесінше 2024 және 2026 жылға дейін 5 және 7 жылға аккредиттелген)
Ұлттық бизнес-рейтинг қорытындысы бойынша университет сертификат және "Сала көшбасшысы-2017" ерекшелік белгісін алды.
Білім алушылар саны – 3000-нан астам адам.
Ғылыми әлеуеті бар профессорлық-оқытушылық құрам 60,2% -ды құрайды.
Университетте 4 білім беру құрылымдық бөлімі: «Бизнес және басқару» факультеті, «Қолданбалы ғылымдар» факультеті, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі, Қашықтықтан оқыту орталығы.
Университет бакалавриаттың 13 мамандығы бойынша күндізгі, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, магистратураның 9 мамандығы бойынша және докторантураның 2 мамандығы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады.
Университет Каннам университетімен (Оңтүстік Корея) және Еуропа университетімен (Швейцария) бірлесе отырып қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда.
74 серіктес университеттер мен ұйымдар.
Университетте:
- заманауи оқу ғимараты;
- 250 орындық асхана;
-240 орындық студенттерге арналған қонақ үй үлгісіндегі заманауи жатақхана;
- абонемент және 5 оқу залын қамтитын кітапхана бар.