«Туризм» мамандығының студенттері «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерінің марапаттау рәсіміне қатысуы.

«Туризм» мамандығының студенттері «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерінің марапаттау рәсіміне қатысуы.

25 қараша күні ТУР-413, ТУР-212, ТУР-227 «Туризм» мамандығының студенттері топ кураторларымен б.ғ.к, доцент Макенбаева Ш. К. және аға оқутышы Галиакбаров Е.Э. Астана қаласы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Марапаттау рәсімін Қазақстан Республикасы Ұлттық спор түрлері қауымдастығының құрметті президенті, генерал Қайрат Сатыпалды, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, ҚР Ұлттық телеарнасының төрайымы Нұржан Жалауқызы, Самұрық-Қазына ұлттық әл-қуат қорының атқарушы директоры Дархан Кәлетаев және ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан жүргізді.

Биыл партияның тікелей қолдауымен Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Астана қаласында Теңге ілуден I ашық Азия чемпионаты және Асау үйретуден республикалық турнирі, Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аламан бәйге «Алтын тұлпар» II республикалық турнирі және «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі, ал Тараз қаласында «Ұлы дала» ойындары мен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі ұйымдастырылды. Осы байрақты бәсекелердің үздіктерін анықтап, жылдың қорытындысын шығару мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы дәстүрге сай биылғы жылы да үздік болған спортшыларға «Алтын тұғыр» сыйлығын табыстау салтанатты іс-шарасын ұйымдастырып отыр.

«Алтын тұғыр» сыйлығы биыл ұлттық спорт түрлерінен үздік көрсеткішке қол жеткізген 11 спортшыға табысталды. Қауымдастық тарапынан тағайындалған «Елімжан» төсбелгісіне Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев лайық деп табылды, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.

«Алтын тұғыр» иегерлері:

1.Көкпар спорт түрі бойынша: «Жыл үздігі» «Әулие ата» командасы

2.Теңге ілу спорт түрі бойынша: «Үздік теңге ілуші» - Ғалымжан Ізжанов.

3.Жамбы ату спорт түрі бойынша «Үздік жамбы атушы» - Айкөз Ералхан.

4.Құсбегілік спорт түрі бойынша «Үздік бүркітші» - Жалғас Әкімбеков

5.«Алтын тұлпар» жеңімпазы «Самалдың» иесі - Есбол Жаппасов

6. «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойына арналған ат бәйгесінің жеңімпазы «Тасқын»тұлпарының иесі - Болат Әбішұлы.

7. Қазақ күресінен «Үздік палуан» - Бейбіт Ыстыбаев.

8. «Үздік жыл ұйымдастырушысы» - Ром Әуезхан.

9. Ұлттық спортқа еңбек сіңірген ардагер - Әмірғалиев Орынтай.

10. Аударыспақтан «Үздік аударыспақшы» - Ерназар Жапарұлы.

11. Ұлттық спортты үздік насихаттаушы ұжым - «Астана» телеарнасы.

12. Ұлттық спортты тұрақты насихаттаушы - «Kazsport» телеарнасы.

13. Сондай-ақ ұлттық спорттың мәдени шараларына тұрақты атсалысып жүрген өнерпаздар Ескендір Ибрагим Әшімұлы, Досымжан Таңатаров, «Аламан» тобы, «Алаш ұлдары» тобы, Ардақ Балажанова Алғыс хатпен марапатталды.

Бұл салтанатты марапаттау мерекеге стеденттерді қатыстыру басты мақсаттар:

1. Отан сүйіспеншілікке, ұлттық спорт түрлерін насихаттау.

2. Ұлттық спорт түрлері Қазақстан Республикасында ішкі және халықаралық туризмді дамытуына қосатын үлесі.

3. Салтанатты шерулерді ұйымдастыру.

«Туризм» саласындағы болашақта білікті мамандарды даярлау барысында жоғарыдағыдай қойылған мақсаттардың бірі арқылы іске асыруға болады.



Поделиться:
ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities