Әмина Әміржанқызы, Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Амина Амиржановна.jpg

Әмина Әміржанқызы, Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырсыз! Сізді мемлекетіміздің қайраткері, ұстазы, ғұмырын білім саласына арнаған азамат ретінде таниды.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сол еңбегіңіздің жемісі болып, өзіңіз дайындаған 7 шәкірт экономика ғылымдарының кандидаты мен докторы дәрежесін қорғап, қазір банкте, кәсіпорындарда, білім беру жүйесінде қызметтерін атқарып келеді.

Әмина Әміржанқызы, Сіздің ғылымға, білімге, дамытуға, насихаттауға, жетелеуге, жетілдіруге салысып келе жатқан күш жүгеріңіз талмасын! Бар сезімімізді, ілтипатымызды келесі өлең шумағымен жолдағымыз келеді:

Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай
Алпыстың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Алпыс жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүріңіз ел алдында жарқын жүзбен.

Әмина Әміржанқызы, отбасыңызға амандық, денiңізге саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманыңыз асқақ, шығар биігіңіз асқаралы болсын! Әрдайым қадамыңыз нұрға толып, бақытты өмір сүруіңізге шын жүректен тiлектеспiз!

«Банк ісі» кафедрасының ұжымы



Поделиться:
ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities