Құрметті Аманжол Тұрарбекұлы!

111111.jpg

Қазақ экономика, каржы және
халыкаралық сауда университетінің
ректоры ХҒА академигі педагогика ғылымдарының докторы , профессор С.Ә. Әбдіманаповтың құттықтау сөзі

Құрметті Аманжол Тұрарбекұлы! Сізді адам өмірінің айтулы белесі –75 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы агрономнан өңірге белгілі де беделді ғалым ұстаз деңгейіне көтерді. Осынау еңбектеріңіздің дәлелі ретінде 1977-2004 жылдар аралығында аталмыш институтта доцент, дайындау бөлімінің деканы, егіншілік кафедрасының доценті, топырақтану ғылыми зерттеу иснтитутының Целиноградтағы бөлімшесінің «Топырақ экологиясы» лабороториясында, 1995 жылдан бастап Ақмола ауыл шаруашылық институтының «Табиғат қорғау» кафедрасына доцент лауазымында абройлы қызметтер атқарғандығыңызды айтуға болады.

Аталмыш оқу орнында жауапты қызметтер атқардыңыз, «Табиғат қорғау» кафедрасына құрамында еліміздің экологиялық мәселердің қалыптасып, нығаюына көп еңбек сіңірдіңіз. Осы еңбегіңіз еленіп С.Сейфуллиннің атындағы Қазақ агротехникалық университетінің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан үшін С.Сейфуллиннің атындағы КазАТУ 55-жыл мерекелік медальімен марапатталдыңыз.

Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Қадірлі Аманжол Тұрарбекұлы! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.


Құрметті Аманжол Тұрарбекұлы!
Сізді 75 жасқа толу мерейтойыңызбен құттықтаймыз!


Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белгісі – 75 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. «Қарттары бар ел – қазынасы бар ел» - деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.

Құрметті Аманжол аға! Біз сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерей той күні Сізге денсаулығыңыз күйлі қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз!

Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
Жетпіс бестің құтты болсын белесі!
Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып шөберенің!
Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын!

ҚазЭҚХСУ кәсіподақ
Комитетінің төрағасы: Аипов А.К.

Құрметті Аманжол Тұрарбекұлы!
Жыл сайын қуанышка бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Медальмен, орденменен еленіңіз!

Аманжол Тұрарбекұлы, туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ізгі тілегімізді жолдаймыз! Кең байтақ еліміздің жүрегі - Астанада көп жылдан бері Экология саласының жұмысын жандандырып еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де, жауапты азаматтардың бірісіз. Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз сізді білікті маман, ақ жүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

Бүгінгі мерейлі сәтте сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын! Аманжол Тұрарбекұлы, кемелді келешекке қарышты қадам басқан Отанымыздың бас қаласы-Астананың жоғары талаптары әр азаматқа ауқымды да аса жауапты міндеттер жүктейді. Осы ретте халыққа қызмет көрсетудің қажетті де қашанда өзекті саласы –Экологияны дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген Сіздің тұлғаңыз алдыңғы қатардан орын алады.
Сіздің байыптылығыңызбен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңізбен жоғары біліктілігіңіз әлде қашан танымал болған білгір де тәжірбиелі мамансыз. Осы қуанышты күнде шын көңілден шыққан ізгі-ниет, ақ тілектерімізді қабыл алғайсыз. Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз! Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
243423.jpg


«Әлеуметтік жұмыс» кафедрасы

222222.jpg

Аманжол Тұрарбекұлы Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Айшуақ (Алғабас) ауылында 6 қыркүйекте 1940 жылы туған. Руы Арғын-Қуандық-Манам-Темеш.
1848-1954ж.ж. Айшуақ-Сабынды орталау мектебінде оқыды;
1956-Кенбидайық орталау мектебінде оыды;
1957-1958 ж.ж. Ақмола қаласының И.В.Сталин атындағы №2 қазақ мектебін бітірген;
1963 жылы Целиноград ауылшаруышылығы институтын бітірген, мамандығы-ғылым-агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент.
1963-1966 жылға дейін Целиноград облысының, Қорғалжын ауданының шаруашылықтарында (Арықты, Ленин жолы)-агроном-семеновод, бөлімше агрономы, сосын осы ауданның ауыл шаруышылык басқармасында аға агроном болып жұмыс істеді. 1966 жылы Целиноград АШИ, егіншілік кафедрасына ассистент ретінде шақырылды, 1968-1971 жж.аспиратураның күндізгі бөлімінде окыды жэне 1973 ж. кандидаттық диссертациясын көңілдегідей қорғады.1977 жылдан аталмыш институтта доцент. 1983-1985 жж. дайындау бөлімінің деканы, 1985 жылдан егіншілік кафедрасының доценті. 1988-1995 жылдары топырактану ғылыми зерттеу иснтитутының Целиноградтағы бөлімшесінің «Топырақ экологиясы» лабороториясында, 1995 жылдан бастап Ақмола ауыл шаруашылық институтының «Табиғат қорғау» кафедрасына доцент лауазымына ауысты.
Жоғарғы оқу орнындағы ғылыми-ұстаздық еңбек өтілі 1966 жылдан басталды. Ғылыми-ұстаздық мерзіміне (100-ден артық) ғылыми әдістемелік еңбегі баспадан шықты, соның ішінде алтауы оқу құралы мен оқулық-жоғарғы оку орнына білім және ғылым министрлігі ұсынған. Халықаралык «Сорос-Қазакстан» фондысының грантері. С.Сейфуллиннің атындағы Қазақ агротехникалық университетінің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан үшін Тұрарбеков А. С.Сейфуллиннің атындағы КААТУ 55-жыл мерекелік медальімен марапатталады.

3333333.png

Оқулықтары:
1. Тұрарбеков А.Т., Иванников А.В. «Солтүстік Қазакстан егіншілігі» Алматы, Қайнар. 1990 ж., 216 бет БҒМ ұсынған. . -
2. Тұрарбеков А.Т., Муранец А.П. практикум по сельскохозяйственной эклогии. Аграрный университет им.С.Сенйфуллина. Учебное пособие по охране флоры. фауны, запаведников и заказников Казахстана. Предназначено для студент биологических специальностей аграрного университета. 1999г., 102 страницы.
3. Тұрарбеков А.Т. «Ауыл шаруашылық экологиясының теориялық негіздері мен тұжырымдамасы» оқулықы ауылшаруашылық университетінің студенттеріне. аспиранттарына, шаруашылык басшыларана, т.б. ауыл шаруашылык мамандаықтарына арналған (2-бөлім). Астана қ. 2002 ж. 125 бет.
4. Тұрарбеков А.Т. «Жалпы агроэкология». Оқулық ҚР. БҒМ жоғарғы оку орындарына оқулык ретінде ұсынылған. Астана қ. 2004ж., 207 бет.
5. Аипов А.К., Тұрарбеков А.Т. Радиациалық химиялық барлау жэне дозиметрлік бақылау кұралдары. Оқу кұралы. Астана қ. 2006ж. 38 бет.
6. Тұрарбеков А.Т. «Жалпы экология». Оқулык ҚР: БҒМ жоғарғы оқу орындарының студенттеріне оқулык ретінде ұсынған. Астана к. 2009 ж. 716 бет. Алдыңғы төрт оқулыққа (2,3,4,6) авторлық куэлік берілді және тағыда басқа.
Біздің Қазақ экономика, қаржы жэне халықаралық сауда университетінде 2005 жылдан бері экология, ТПЭ , туризм экологиясы, экология және тұрақты даму, тіршілік қауіпсіздігі, т.б. пәндерден дәріс оқып, СОЖ сабақ береді. Кредиттік жүйе бойынша аталмыш силлабус, оку әдістемелік кешендер жасалады. Кафедрада оку-эдістемелік бөлімін баскарып, ұстаздарға кеңес береді, кафедра отырысында осы жұмыс мэселелері жөнінде бекітілген жоспар бойынша есеп берілді. Оку-әдістемелік жұмысына талдау жасалды.
2009 жылы Қазақ экономика, қаржы жэне халықаралық сауда университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен Тұрарбеков Аманжол Тұрарбекұлына экология мамандығы бойынша академиялық профессор атағы берілді.

444444.png

Соңғы республикалык, халықаралық, практикалық конференцияларында 9-10 рет баяндама жасады. Бұрнағы (18-19 мамыр 2007 жыл) -халықаралық ғылыми практикалык конференцияда ең жақсы баяндама мен белсенділігі үшін «Дипломмен» марапатталды.

Студенттердің ғылыми жұмысынан жетекшісі өткен жылдарды (2006-2008 жылдар) студенттер Садыкжанов Д., Досмаганбетов| Г.-студенттік ғылыми конференциясында 2-3 орындар алып, мактау грамотасымен марапатталса, соңғы 2007-2012ж. халықаралык студенттік ғылыми тэжірибелік конференциясында студенттер Ерденов А., Ахметжан Г., (ЭБ-104, ЭБ-101) топтар баяндама жасап, студенттерге арналған ғылыми жинақка енсе (2010 ж.), студенттер Орманова Ж., Жумабекова А.- Ю-22 топ -мақтау грамоталарымен марапаттатады (2012 ж.). жалпы университет бойынша профессор Аманжол Тұрарбекұлы, осы университеттің көгалдандыру жөніндегі кеңесшісі.

555555.png

Оку-тәрбие жұмысына белсенді қатысады. Жалпы ғылыми-практикалык педагогикалык өтілі 57 жылдан асты, соның ішінде педагогикалық өтілі 49 жылдан астам.

Отбасы туралы мағлұмат

6666666.png

Жұбайы Козбакова Куляйша Исаковна-журналист, КазГУ-ді бітірген, зейнеткер.

Балалары:

Қызы-Тұрарбекова Жанар Аманжолқызы-юрист, экономист «ҚТЖ ҰҚ» АҚ.
Ұлы- Тұрарбеков Мереке Аманжолұлы- «ҚТЖ ҰҚ» бақылау және тексеру департаментінің төрағасы, инженер-механигі (АШУ), экономист(АШУ), юрист (ҚЗА), Халықаралық бизнес магистратурасының (Ұлыбритания), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің магистратурасын (ҚазЭҚж/еХСУ)- қаржы мамандығын бітірген, РhD.
Келіні Садықова Анар Бекболатқызы- «КазТрансОйл» АҚ-ң әкімшілік департаментінің орынбасары, инженер-электрик, экономист (Алматы АШУ)
Қызы Тұрарбекова Дидар Аманжолқызы- бас эксперт ҚР Мұнай және газ министрлігі, экономист (АШУ), қаржыгер (ҚазЭҚж/еХСУ) «Бөлім бастығы».
Күйеу баласы Сарин Талғат Қазақстанұлы-бизнесмен.

Немерелері:

Ақбота, Нұрбек, Тамирис, Ернар, Дамира, Дара.



Поделиться:
ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities