«Ұлағатты Ұстаздан – Бас бухгалтерге дейін....»

2014 жылғы 10 қазанда университетіміздің 316 аудиториясында ЕҚ-402 және ЕҚ-302/1 тобының студенттерінің қатысуымен «Ұлағатты Ұстаздан – Бас бухгалтерге дейін....» атты ашық сабақ өтті. Ашық сабақ үйреншікті тәртіпте емес, ерекше түрде өткізілді. Студенттер оқытушыларды студенттік партаға қайта отырғызып, сұрақтар қою негізінде емтихан ретінде сабақ өткізді. Сабақ барысында ақын қыз Сақтапова Назым өзі шығарған өлеңдерін студенттер арасында мәнерлеп оқыды. Кафедра ұстаздарына арнап, әрқайсысына Төлембай Клара мен Набиева Жадыра өлең шумақтарын оқыды.

Мұрат Қаппарұлы

Қайырлы кеш қадірменді уа халайық!

Айтарым бар, тыңдашы құлақ салып.

Аз-маздап кей жерлерде қате кетсе,

Өтінемін таға көрме, біздерге айып.

Түсініңіз тырысып бағудамыз,

Болу үшін әрдайым сізге лайық!

Ал енді, қолымызға қалам алып,

Алғыс айтып сіздерге, жыр жазалық.

Үлгілі ұстаз ол - Қаппарұлы Мұрат

62 тамырында қаны тулап,

Азамат қой жүрегі елге арналған

Қазағымның қамын жеген тағы бір жан!

Зылиха Мағауянқызы

Ұстаз деген сөз ұлы

Айтары тек сөз жылы

Тәжірибелі, талғамды

Біздің Зылиха Мағауянқызы!

Мариям Тұрашевна

Жайнап тұрған ұстаздардың ішінен

Жүзі жарқын көңілі кең дария

Ізет тұтар үлкенді де кішімен

Біздің апай Тұрашевна Мариям!

Абдрахманов М.А.

Пусть всегда вас понимают

Декларацию все заполняют.

Зарплату и звания повышают,

А налоги понижают.

Вы не строги, вы другой

Вы с казахскою душой,

Абдрахманов Мырзалы

Наш учитель дорогой!

Алтынбеков М.А.

Өтсін мейлі арадан көктем, жаз, күз

Өзіңізсіз қызықты өтпейді-ай қыс.

Тағы айтарым ерекше орны бөлек,

Әрине ол – біздің ағай Миятбек!

Ұшсақтағы қанат қағып ұямыздан,

Кім айтты біздер сізді қияды деп?!

Сенеміз біз, берілген біліміңіз акталады.

Санамыздың сандығында мәңгілікке сақталады!

Ұлағат Болатұлы

Жетекшіміз Болатұлы Ұлағат

Әрдайым көңілденіп күліп тұрад!

Ақылы мен өнеріне бойы сай,

Сегіз қырлы, бір сырлы біздің ағай!

Жанат Куанышбековна

Среди бухгалтеров привычных,

Суровых, грустных, педантичных,

Вы лебедь белая одна:

Прекрасна, весела, стройна,

И порой, иногда строга

Наша Жанат Куанышбековна

Душа компании любой

И темперамент заводной.

Любую группу впечатлит,

Своей натурой, красотой!

Алия Елеусізовна

Бумаги и справа и слева

1С, фактуры, счета...

И вы среди них королева,

Елеусизовна Алия!

Исакова Гүлмира

Білімі бойындағы жан жақты,

Байсалды да, байыпты ол, салмақты.

Исакова Гүлмира апайымыз

Аяулы жан, қадірлі де, ардақты!

Студенттер «Дос-Мұқасан» тобы орындауындағы «16 қыз» атты өлеңнің қайырмасына кафедра оқытушыларының аттарын сәйкесінше атап орындады, ЕжА 406-тобының студенті Төлембай Клара ұстаздарға әр түрлі грамоталар ұсынды.   



Поделиться:
ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities