Жаңа оқу жылында – жаңа кафедра


2014-2015 оқу жылы жақсы жаңалықтарымен басталды. Биыл біздің оқу орнымызда жаңа кафедра өз студенттерін оқыта бастады. Ол – «Дизайн» кафедрасы. «Дизайн» кафедрасының мақсаты – сурет және сәулет өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті мамандар даярлап шығару. Кафедраны педагогика ғылымының кандидаты, еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Әлиев Талғатбек Хасенұлы басқарады.

Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағыттың атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 жылы Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде «Дизайн» кафедрасы 2013 жылы ашылды. Университет қабырғасында 5B042100 «Дизайн» мамандығы бойынша студенттер екі бағытта білім алады: Сәулеттік дизайн; Графикалық дизайн.

Түлектердің кәсіби қызметтерінің нысаны (мамандығы бойынша):

- сәулеттік дизайн – қалалық, ауылдық, саябақтық аллеялар, кішігірім сәулеттік пініндер, көгалдандыру және орналастыру элементтері, визуалды коммуникациялар, тұрғын және қоғамдық экспозиция және ішкікеңістіктер, интерьердегі құрылғы және жиһаз;

- графикалық дизайн – графикалық символдар, тауарлық символдар, фирмалық стильдер, әлеуметтік, электрондық, баспалық және сыртқы жарнама, транзиттік жарнама, иллюстрациялар және шикізат.

Мамандықты аяқтаған студенттер жан-жақты білім алып, өз ісінің шебері болып шығады. Студенттер:

· дизайн қызметінің шекарасы мен қоғамдағы ролі туралы;

· жобалау алдындағы материалды жинау тәсілін және ресімдеуді; жобалау үдерісіндегі әрекет реті мен сипатын;

· жобалау материалдарын ресімдеу талаптарын;

· тірек сызбаны құрастырып, жобалау үдерісінің ретін анықтауды;

· нобай материалдарын орындау, жобалау идеяларын көрнекі материалдарда жүзеге асыруды, жобалау материалдарын талапқа сай безендіруді (соның ішінде заманауи бағдарламалар өнімдерін пайдаланып) және өз жұмысын презентациялар мен қорғауда сауатты көрсете білуді үйренеді.

«Дизайн» кафедрасында осы сала бойынша тәжірибе жинақтаған білікті мамандар қызмет істейді. Атап айтқанда, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т. К. Мусалимов, педагогика ғылымдарының кандидаттары Т. Х. Алиев, А. В. Могильная, Е. Қ. Боранқұлов, Б. И. Ижанов, өнер магистрлері С. К. Мухамедиева, А. М. Смайлова және аға оқытушылар Ж. Б. Байсенгиров, А. Ж. Нурмаганбетов, Ш. Т. Дидар, У. С. Мукашева сабақ береді. 



Поделиться:
ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities