«Бүгіннен бастап біз өз болашағымызды қалаймыз»

2014 жылғы 19 қыркүйекте сағат 14.00-де университетіміздің мәжіліс залында «Жас Отан» Жастар қанаты мен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ұйымдастыруымен «Бүгіннен бастап біз өз болашағымызды қалаймыз» атты бейресми кездесу өтті. Кездесу Жастармен жұмыс жөніндегі сектор жетекшісі Батыржан Cадық, «Жас Отан» Жастар қанатының өкілі Ақерке Берлібайқызы және университетіміздің 4-курс студенті, «Жас Отан» Жастар қанатының өкілі Ақұлан Тастемірдің қатысуымен өтті. Кездесуде «Жас Отан» Жастар қанатының өкілі Ақерке Берлібайқызы студенттерге «Жас Отан» Жастар қанатының мақсаты, өздерінің атқаратын жұмыстары туралы айтып түсіндірді.

Университет студенттері «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерімен өздерін толғандыратын мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Ақерке Берлібайқызы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында студенттер қаламыздағы қамқорлыққа мұқтаж ардагерлерге көмек көрсететінін айтты. Сондай-ақ, ол студенттерге «Сәтті қадам», «Дипломмен ауылға» жобасының мәнін түсіндіріп, аталған жобаларға қатысу түрлі ұлттық компанияларға, мемлекеттік мекемелерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Осындай жобаларға қатысып, еліміздің мемлекеттік органдарына қызметке орналасқан университет студенттерін үлгі ретінде атап өтті. Кездесу барысында жастардың жастар саясатына бет бұруы, жаңа жобаларды қолдауы, Елбасы стратегиясын жүзеге асыруы туралы сөз болды. Ақерке Берлібайқызы студенттердің қойған сұрақтарына мазмұнды жауап беріп, болашақтарында биік белестер тұрғандығын және сол үшін көп жұмыстарды атқару керектігін баса айтты. Соңында университетіміздің 4-курс студенті Ақұлан Тастемір өзі бірлесіп жұмыс атқарып жүрген «Жас Отан» Жастар қанатының басшылығы, мақсаты, атқарып жатқан жұмыстары туралы слайд-шоу арқылы баяндап, студенттерге кеңінен мағлұмат берді.

Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды және жастар үшін танымды әрі қызықты болды


Поделиться:
ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities