Кемелбеков Сәкен Тәліпбайұлы – з.ғк., аға оқытушы


Кемелбеков Сәкен Тәліпбайұлы – з.ғк., аға оқытушы

1973 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

Заң ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми – педагогикалық жұмыс өтілі – 15 жыл.

1997 жылы ҚР ІІМ Қостанай Жоғары мектебіне түсіп, 2001 жылы ҚР ІІМ Қостанай Заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.

2005-2006 жылдары ҚР ӘМ ҚАЖК Қостанай заң институтының күндізгі адъюнктурасында (адъюнкт) білім алған.

2009 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор А.А. Смағұловтың жетекшілігімен ҚР ІІМ Академиясының жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі ОД 14.20.10 біріккен диссертациялық кеңесте 12.00.08 мамандығы бойынша (қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық атқару құқығы) «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасындағы бағалылық белгілері»  тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

С.Т. Кемелбеков ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады, қазақ тілінде 30- дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде оқу құралы да жарыққа шыққан.

2001-2006 жылдар аралығында Қостанай Заң институтының мемлекеттік-құқықтық пәндер, қылмыстық құқық және криминология кафедрасында оқытушы болып қызмет істеген.

2007-2015 жылдар аралығында Қаржы полициясы академиясының қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу құқығы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында аға оқытушы, кафедра доценті, кафедра профессорының міндетін атқарушы лауазымдарында қызметтер атқарған.

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Маркетинг және құқық» кафедрасында аға оқытушы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Келесі мадақтаулары бар:

- «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі – 2014 ж.

- Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының мақтау қағазы – 2010 ж.


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
KUEF repository