Әмірбекұлы Ержан - әкімшілік жұмыс жөніндегі проректор


Әмірбекұлы Ержан - әкімшілік жұмыс жөніндегі проректор

1998 жылы  Әмірбекұлы Ержан М.Х.Дулати ат. Тараз мемлекеттік университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітіріп, еңбектегі қызметін М.Х.Дулати ат. Тараз мемлекеттік университетінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушысы ретінде бастады. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының күндізгі аспирантурасына оқуға түсті.  

2004 жылы «08.00.05 – Экономика және ауыл шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша «Формирование механизма по повышению конкурентоспособности продукции (на материалах предприятий по выпуску растительных масел Республики Казахстан)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ге оқытушы ретінде жұмысқа қабылданды. Осы кезеңнен бастап оқытушы, аға оқытушы,    доцент, профессор, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті. 

2010 жылы «08.00.05 – Экономика және ауыл шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша «Экономический механизм развития национальной инновационной инфраструктуры Республики Казахстан» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылы оған 08.00.05 - «Экономика» мамандығы бойынша доцент атағы берілді.

Әмірбекұлы Ержан ғылыми-педагогикалық қызметі уақытында ғылыми-әдістемелік сипатта жалпы көлемі 60 баспа табақтан артық 80 астам жұмыс әзірлеп, жариялады, соның ішінде 3 оқу құралын және 1 монография жазды.

Әмірбекұлы Е. әр түрлі халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік конференцияларға, семинарларға, тікелей қатысады, сонымен қатар студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми жұмыстарын, ғылыми жобаларын тиімді басқарады, өз кезегінде олар бірнеше мәрте әр түрлі турнирлердің, симпозиумдардың және олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

2011 жылғы ғылыми-педагогикалық қызметтің қорытындысы бойынша ҚР БҒМ алқасының шешімімен «ЖОО-ның ең жақсы оқытушысы – 2011» атағына ие болды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және Ғылым министрінің алғыс хатымен және білім беру жүйесіндегі белсенді қызметі үшін ҚР БҒМ жанындағы ҰТО директорының құрмет грамотасымен марапатталды.

Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities