Мамандығы


«Есеп және аудит» кафедрасында бакалавриаттың үш мамандығы: 5В050800 (050508) «Есеп және аудит» 5В051200 – Статистика  5В090800 – «Бағалау», сонымен қатар магистратураның екі мамандығы: 6М050800 – Есеп және аудит (профильдік бағыт) және6М050800 - Учет и аудит (ғылыми-педагогикалық бағыт); 6М051200 – Статистика(профильдік бағыт) және 6М051200 – Статистика (ғылыми-педагогикалық бағыт) бойыншамамандар даярлау жүзеге асырылады.

Мамандық 5В050800 – ЕСЕП және АУДИТ.  Жалпы орта білім негізінде – 4 жыл (оқудың күндізгі бөлімі), колледж негізінде – 3 жыл (оқудың жеделдетілген түрі).

5В050800 – Есеп және аудит мамандығының түлегіне «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызмет саласына мемлекеттік органдар, меншіктің барлық түріндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылымдағы экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары,  ғылыми-зерттеу мекемелері жатады.

Түлектердің кәсіби қызмет нысандарына республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар жатады: ҚР Аудиторлар палатасы, Қаржылық бақылау агенттігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Мемлекеттік банкі, Министрліктер мен ведомстволардағы экономикалық қызмет,   ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігі, банктер,биржалар, бюджеттік мекемелер мен ұйымдар, инвестициялық қорлар, қаржы органдары, салық органдары, қаржы компаниялары, сақтандыру компаниялары, фирмалар және басқа да ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері жатады.

Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша бүкіл шаруашылық қызмет сипатталады, оның кірісі мен шығысы, қаржылық жағдайы анықталады. Бухгалтерлік есеп субъектінің меншіктігін сақтауға және басқармалық шешімдер қабылдауға қажетті ақпараттарды жинақтайды. 

Мамандық 5В090800 – БАҒАЛАУ. Жалпы орта білім негізінде – 4 жыл (оқудың күндізгі бөлімі), колледж негізінде – 3 жыл (оқудың жеделдетілген түрі).

5В090800 – Бағалау мамандығының түлегіне «Бағалау бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

5В090800 – Бағалау мамандығы бойынша бағалау бакалаврлары орта кәсіби білім беру мекемелерінде оқытушы; сарапшы-бағалаушы; жылжитын және жылжымайтын мүлікті, жерді, қоршаған орта мен табиғат ресурстарын, машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын, жаңа технологиялар мен инновацияларды, материалдық емес активтер мен ақыл-ой меншігін, бизнесті бағалау жөніндегі кеңесші; барлық меншік түрлері мен қызмет аясындағы кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдардағы жоғары және орта буын басшысы, маманы ретінде қызмет атқара алады.

Бағалаушы маманның кәсіби қызметі экономикалық қызмет көрсету саласында жүреді. Қаржылық үдерістер мен есеп берудегі нақтылықты, сондай-ақ несие мен кепілсалымды қамтамасыз ету, меншікті өткізуге байланысты мәмілелер үшін жүргізілген бағалау қызметтерінің сенімділігін қамтамасыз ете отырып, бағалаушы нарық пен мүліктің өміршеңдігіне үлесін қосады.

Қызмет саласына байланыссыз түрлі басқарма органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар кәсіби қызмет нысандары бола алады. Артықшылығы бағалау бакалаврлары мемлекеттік басқару органдарында, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен фирмаларда қызмет атқара алады. 

Мамандық 5В051200 – СТАТИСТИКА. Жалпы орта білім негізінде – 4 жыл (оқудың күндізгі бөлімі), колледж негізінде – 3 жыл (оқудың жеделдетілген түрі).

5В051200 – Статистика мамандығының түлегіне «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

5В051200 – Статистика  мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврлары  экономика және статистика саласында, қаржы және экономика бөлімдерінде, меншіктің барлық түрі мен әр саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сараптаушылық бөлімшелерінде басқарушы, маман және басқа да лауазымдарды атқара алады.

Кәсіби қызмет саласына статистика, қаржы органдарында, банк мекемелерінде, меншіктің барлық түрі мен әр саладағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ фирмалар мен ассоциациялардың, банктер мен сақтандыру компанияларының дамыту және маркетинг бөлімдерінде, инвестициялық және зейнетақы қорларында, статистика және экономика саласындағы компьютерлік технологиямен бірге кешенді білімді талап ететін ғылыми-зерттеу ұйымдарында кәсіби, аналитикалық және кеңес беру қызметтері жатады.

Түлектердің кәсіби қызмет нысандарына республикалық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік статистика органдар жатады: ҚР Статистика агенттігі, облыстық Статистика департаменттері, аудандық Ақпараттық-есептеу орталықтары, қалалық Статистика департаменттері, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары; экономиканың банктік және сақтандыру сектор ұйымдары, ішкі істер органдары, кедендік органдар; білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, экономиканың түрлі саласындағы барлық ұйымдық-құқықтық мекемелердің қаржылық,  экономикалық және аналитикалық бөлімшелері, соның ішінде фирмалар мен ассоциациялардың, банктер мен сақтандыру компанияларының дамыту және маркетинг бөлімдері, инвестициялық және зейнетақы қорлары, ғылыми-зерттеу ұйымдары.


Біздің мамандықтарды таңдасаңыз, Сіз дұрыс таңдау жасадыңыз!



Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
KUEF repository