«Экономика» кафедрасы


DSC_0027.JPG

«Экономика» кафедрасы университеттің алғашқы кафедраларының бірі болып табылады, 5В050600 «Экономика» және 5В051300 «Әлемдік экономика» мамандықтары бойынша күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде бакалаврларды даярлайды, 6М050600 - «Экономика» мамандығы бойынша магистрлерді даярлайды.  

Әр жылдары кафедраны Хижинский А.К., Усенов С.А., Дёмушкина Л.О., Исмаилова Р.А., Альмереков Н.А., Галиева А.Х., Калиева Г.Т. сияқты экономист-ғалымдар басқарды. Олар кафедраның оқытушылар құрамын қалыптастыруда, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда көп үлес қосты. 2014 жылғы қыркүйектен бастап кафедраға экономика ғылымдарының докторы, профессор Токсанова Айгуль Нурпеисовна жетекшілік етеді. Оның 180 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері, соның ішінде 4 монографиясы бар.

Кафедрада ғылыми және оқытушылық қызметте тәжірибесі мол оқытушылар қызмет етеді: 7 экономика ғылымдарының докторы, 11 экономика ғылымдарының кандидаты, 9 магистр, 2 PhD докторы,  «ЖОО-ның ең жақсы оқытушысы» атағына ие 4 оқытушы бар.

2003 жылы кафедра ең алғаш рет күндізгі және сырттай оқыту формалары бойынша жоғары білімді түлектерді даярлап шығарды. Кафедра түлектері мемлекеттік билік органдарында, министрліктер мен ведомстволарда, ұлттық және жеке меншік компанияларда, банктік мекемелерде жұмыс істейді, бизнеспен айналысады. 2010 жылы кафедра «Экономика» мамандығы бойынша алғашқы магистр түлектерін даярлап шығарды.  

Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік жұмыстарды белсенді жүргізеді, оқу үдерісінде интерактивті оқыту әдістерін қолданады, сонымен қатар ғылыми жұмыстар жазады, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, кафедраға бекітілген ғылыми бағыт бойынша ғылыми мақалалар жариялайды, Министрліктер мен әр түрлі мемлекеттік органдар, халықаралық қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, өзекті мәселелер бойынша сараптамалық жұмыстарға қатысады.

Кафедра студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына көп көңіл бөледі. Студенттер кафедра оқытушыларының жетекшілігімен өз университетеміздің студенттік ғылыми конференцияларына ғана емес, сонымен қатар қаламыздағы, республикамыздағы, шет елдердегі басқа ЖОО-лар ұйымдастырған конференцияларға да қатысады. Мамандар даярлап шығаратын кафедра студенттері теориялық білім ғана алмай, өндірістік кәсіпорындарға да барады. Университетімізде үлгерімі жоғары және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын студенттерге жеңілдіктер жасалады.  


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Обратный звонок RedConnect