Идрисов Алмас Абылаевич – құқық докторы (dr.PhD.), доцент


Идрисов Алмас Абылаевич – құқық докторы (dr.PhD.), доцент

2001 жылы Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірді (заң факультетінің ең алғашқы түлектерінің бірі); 2003 жылы Астана қ. Қазақ гуманитарлық заң университетінің магистратурасын бітіріп, «Юриспруденция магистрі» біліктілігіне ие болды; 2006 жылы Астана қ. Қазақ гуманитарлық заң университетінің аспирантурасын бітірді және 2009 жылы Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ және King’sCollegeLondon (Корольдік Лондон университеті, Ұлыбритания) бірге PhD докторантурасын тәмамдап, танымал құқық профессоры Рейн Мюллерсонның ғылыми жетекшілігімен «Қазіргі саяси-құқықтық кеңістікте тікелей демократия институттарын жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.  

2001 жылы өзінің ғылыми-педагогикалық қызметін магистрант ретінде бастады, кейін Астана қ. Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару» кафедрасының оқытушысы ретінде, Қазақстан-Ресей университетінің аға оқытушысы ретінде жалғастырды, 2 жыл Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-де «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2010 жылы – ҚР Әділет министрлігінің Заңнама институты Ғылыми кеңесінің мүшесі, бас ғылыми қызметкер. 2011 жылғы қыркүйектен бастап құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды, «Астана» университеті Ғылыми кеңесінің мүшесі, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіндегі «Маркетинг және құқық» кафедрасының доценті қызметін атқарды.  

Идрисов А.А. ұлттық және халықаралық құқықты дамытудың әр алуан аспектілері бойынша ғылыми зерттеулері бар Қазақстанның жас ғалымдарының плеядасын жасады. Ол Қазақстанда, Ресейде, АҚШ-та жалпы көлемі 20 б.т. болатын 30 астам еңбек жазды, мемлекеттік-құқықтық даму және демократиялық институттар, мемлекет тиімділігі және саяси жүйе, ғалымдардың ғылыми үлесін бағалау және академиялық даму табыстылығы мәселелеріне арналған.   

Университетті бітіргеннен кейін, жоғары білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс жасай отырып, Қазақстанда, Ресейде өткізілген халықаралық конференция, форум және дөңгелек үстел жұмыстарына үнемі қатысып отырды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сараптама жасады.

1999 жылы Қазақстанда тұңғыш реті «Қазақстандық жас заңгерлер ассоциациясы» республикалық бірлестігін құрды және оның Президенті болып табылады. 2003 жылдан бастап «Аламpartners» құқықтық және консалтингтік компанияның, шағын бизнес адвокатурасының директоры болып жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап «Фонд микрокредитования» қоғамдық қорын басқару төрағасы болды, 2006 жылдан бастап «Астана Микрокредит» микрокредиттік ұйымы төрағасы болды. Мемлекеттік және сот органдарында кәсіпкерлердің мүддесін қорғау бойынша мол тәжірибесі бар. Көптеген семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізді, мемлекеттік тапсырыс бойынша аналитикалық және институционалдық жобаларды орындады.  Бүгінде доцент А.А. Идрисовтың жаңа ғылыми бағыттар бойынша ізденісі жалғасуда.  


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Обратный звонок RedConnect