«Әлеуметтік жұмыс және Туризм» кафедрасы


   «Әлеуметтік жұмыс және Туризм» кафедрасы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2017 жылы Университеттің ғылыми кеңес шешіміменен «Әлеуметтік жұмыс» және «Туризм және сервис» кафедралары біріктірілді.

   Кафедра 1999 жылы жалпы білім беретін пәндерді қамтамасыз ету бағытында әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы ретінде құрылып, бүгінгі уақытқа дейін 5В090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша кадрлар даярлап келді.

     2001 жылы кафедра әлеуметтік гуманитарлық пәндер негізінде «Философия және әлеуметтану» кафедрасы болып құрылды. 2012 жылы желтоқсан айында университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен кафедра «Әлеуметтік жұмыс» болып өзгертілді.

  2010жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректорының бұйрығымен «Туризм және Сервис» кафедрасы ұйымдастырылды.

   Әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі: PhD докторы Славецкий Виктор Юрьевич.

   Кафедра ЖОО оқу процесі барысында төмендегідей жалпы білім беретін пәндерді қамтамасыз етеді: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Критикалық ойлау», «Қоғамдық ғылымдар», «Философия», «Экология және тіршілік қауіпсіздігі», «Дене шынықтыру».

   Қадрлық  потенциалы

    2017-2018 оқу жылындағы жалпы оқытушы профессорлар құрамы 30 адамды құрайды, олардың 28-і штатта. Кафедрада 2 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 4 Phd докторы, 12 магистр қызмет жасайды.

     Кафедраның оқытушы профессорлар құрамы монографиялар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, оқу құралдарын шығарумен қатар танымал ғылымдардың қатысуыменен халықаралық ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізеді.

     Кафедраның ғылыми зерттеу қызығушылығы Қазақстан Республикасының этникааралық, конфессияаралық қатынастарын зерттеуге; сондай-ақ жаһандану дәуіріндегі қазақ этносының тарихи құндылықтарын; заманауи қоғамдағы халықтың әртекті категорияларының әлеуметтік мәселелермен оны шешу технологиялары; Қазақстандағы туристік сфераны дамыту мәселелеріне бағытталады.

      «Әлеуметтік жұмыс және Туризм»  кафедрасының педогогикалық ұжымы халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми форумдар мен конференцияларға қатынасып, баяндамалар жасады. Кафедраның қызмет аясы отандық және еуропалық академиялық ғылыми ортада мойындалған.

    Кафедра мүшелері қоғамдық -саяси іс шараларға белсенді қатынасады. 5В090500-«Әлеуметтік жұмыс», 5В090200- «Туризм», 5В090400- «Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету», 6М090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша модулдық білім беру бағдарламасы бойынша сараптаманы жұмыс берушілер жүзеге асырады.

Мамандықтар

   Қазіргі таңда кафедра 5В090500-«Әлеуметтік жұмыс», 5В090200- «Туризм», 5В090400- «Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету», 5В010300-«Педагогика және психология» (бакалавриат) және 6М090500-«Әлеуметтік жұмыс» (магистратура)мамандықтарына  БжҒМ  ҚР 03 ақпан 2010 жылы берілген АБ№0137409 лицензиясы  (№0110347 лицензия) негізінде мамандар даярлайды.

 

 


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
KUEF repository