«Туризм және сервис» кафедрасы


    Кафедра тарихы

    «Туризм және сервис» кафедрасы 2010 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті ректорының бұйрығымен құрылған. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап «Туризм және сервис» кафедрасын әлеуметтану саласының маманы әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік ғылым PhD докторы Изтелеуова Лязат Имашқызы басқарған. 2014 жылдың қараша айынан бастап кафедраны э.ғ.к., доцент Муталиева Ляйля Маратқызы басқарады.

    Кафедра түлек шығарушы кафедра болып табылады және жоғарғы кәсіби білім мемлекеттік жалпыға білім беру стандарына сәйкес келесі мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындайды: 5В090200 – «Туризм», 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету». Кафедрада «Есіл-Астана» турситтік клубы қызмет жасайды. Кафедра жұмысы білім берудің кредиттік технологиясына сәйкес жүзеге асырылады.

    Кафедра құрамы

    5В090200 - «Туризм», 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандықтары бойынша кәсіби кадрларды дайындауды жақсы теориялық білімдері және үлкен тәжірибелік машықтары бар туристтік бизнестің жоғары білікті мамандары жүзеге асырады. «Туризм және қызмет» кафедрасында ғылым докторлары, кандидаттары, магистрлары, аға оқытушылар және практик оқытушылар жұмыс істейді. Кафедра Ресей және Еуропа жоғары оқу орындарымен байланыстарын дамытуда.

    МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҚҰРАЛЫМЫ

    «Туризм және сервис» кафедрасы келесі мамандықтар бойынша студенттерді дайындауды жүзеге асырады:

    5В090200 - «ТУРИЗМ»

    Туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени, білім беру және экономикалық саласына және олардың халықаралық қатынастарына тікелей әсер ете отырып халықтың өміріне үлкен роль атқарады. Ұлттық экономикадағы және халықаралық саудадағы туризмнің үлесі оны әлемдік дамудағы маңызды көрсеткішке айналдырды.

    «Туризм» мамандығы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде алдыңғы қатарлы мамандықтардың бірі болып табылады. Кафедра қызметі туристік бизнес саласында жұмыс істеу үшін арналған теориялық және тәжірибелік білімі бар мамандарды дайындауға бағытталған.

    Туризм бакалаврының кәсіби қызметі Қазақстанда туризмнің құрылу жағдайында туристтік кәсіпорындар мен мекемелерді басқару үдерісін жетілдіруге, ағымдағы және болашақтағы жоспарлау жүйесін оңтайландыру мақсатында отандық және шет елдің туристтік қызмет нарықтарының туристтік мүмкіндіктерін зерттеуге, туристтік қызмет көрсетудің және ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы әдістерін енгізуге, туристтік өнімнің сапасын арттыруға, туристтік компанияларға орта буындағы кадрларды дайындауға бағытталған.

    «Туризм» мамандығының студенттері мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес шет тілдерін, географиялық, экономикалық, басқарушылық пәндерді оқиды.

    «Туризм» мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы туризм және қонақжайлылық индустриясы, сонымен қатар ғылым, білім, мемлекеттік реттеу және туризммен тікелей немесе жанама байланысты адамзат қызметінің басқада салалары болып табылады.

    5В090200 «Туризм» мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің объектісі болып табылатындар:

    -     туризмді ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдары (министрліктер, комитеттер, әкімшіліктер, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары);

    -     туристтік қызметпен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;

    -     туристтік саладағы консалтингтік компаниялар;

    -     туристтік компаниялардың маркетингтік қызметтері;

    -     туризм инфрақұрылымының объектілері;

    -     туризм бойынша орта буындағы мамандарды дайындайтын оқу орындары;

    -     туризмнің даму мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу мекемелері;

    -     туристтік қызметті ішкі және сыртқы нарыққа өткізумен айналысатын жарнамалық агенттіктер;

    -     ҚР ЖОО 6М090200 «Туризм» мамандығы бойынша магистратура.

    «Туризм» мамандығының түлектері ішкі және халықаралық туризм саласында келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:

    -     туристтік қызмет көрсететін жеке компанияларда менеджер-басқарушы;

    -     туристтік фирмаларда маркетолог және маркетинг бөлімдерінің басқарушылары;

    -     туристтік кәсіпорындардың жарнамалық қызметтерінің басшылары;

    -     туристтік кешеннің әр-түрлі қызметтерінің басшылары.

    Мамандық түлектері келесі жерлерде жұмыс істеу үшін дайындалуы керек:

    -     туризмді дамытумен айналысатын мемлекеттік басқару органдарында;

    -     туристтік саладағы консалтингтік компанияларында;

    -     туристтік компаниялардың маркетингтік қызметтерінде;

    -     туризм және спорт индустрия салаларында.

    «Туризм» мамандығы – туристтік сала үшін кадрлар дайындауда алға басқан үлкен қадам.

    5В090400 – «ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ»

    Қызмет көрсету саласы – өндірістің ең дамушы және табысты саласы. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерде қызмет көрсету саласы ұлттық табыстың 60-75% әкеледі. Бұл саланың мамандарына деген сұраным өсіп келеді. Осы «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандығының белсенділігін дәйектейді.

    Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласы бакалаврының негізгі міндеттері:

    -     әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметінің нарықтық бағыттарына зерттеу жүргізу;

    -     аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып халықты әлеуметтік және мәдени қызмет көрсету саласында өндірісті жетілдірудің негізгі жолдарын көрсету;

    -     әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және инновациялық салала қызметіндегі өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру резервтерінің ерекшеліктерін анықтау;

    -     әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету кәсіпорындарының орнықтыруын және мөлшерін оңтайландыру мәселелерін зерттеу;

    -     әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласының жүмыскерлерінің кәсіби этикасын көтеру жолдарын зерттеу;

    -     әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің қызмет көрсету жүйесін табысты салаға айналдыру.

    «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандығының түлектері келесі салаларда мамандана алады:

    -     әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің әр-түрлі салалары мен формаларында қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру мен басқаруда (ойын сауық, сауда, қонақ үй қызметі, қоңамдық тамақтану және т.б.);

    -     негізгі және қосымша қызмет көрсету саласында шаруашылық субъектісінің сервистік саясатын әзірлеуде;

    -     қызметті өткізуде, қызмет сапасын қамтамасыз етуде (үнемділігін, қолжетерлігін, сапалығын, қауіпсіздігін және т.б.);

    -     қызмет көрсету нарығының жағдайына ғылыми зерттеу жүргізуде.

    «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандығы бойынша білім алатын студенттер келесі жерлерде іс-тәжірибе өтеді:

    -     Астана және ҚР қонақ үй кешендерінде және мейрамханаларында;

    -     басқа елдердің қонақ үй кешендерінде және мейрамханаларында;

    -     сауда-көңіл көтеру кешендерінде және корпорацияларында;

    -     фитнес-орталықтарда және әлеуметтік-мәдени бағыттағы басқа да кәсіпорындарда.

    Түлектер келесі жерлерде жұмыс істей алады:

    -     сервис саласында менеджер (қызмет көрсету кәсіпорынын, қонақ үй кешенін, тамақтану кәсіпорынын, авиакомпанияларды басқару);

    -     қонақжайлылық, ресторан бизнесіндегі, мәдениет және  шоу-бизнес саласындағы және т.б., әр-түрлі меншік түріндегі кәсіпорындарда;

    -     сервис пәні бойынша гимназияларда, колледждерде және лицейлерде мұғалім;

    -     жоғары оқу орындарында зерттеу бағдарламаларының саласында зерттеуші.

    Білім беру бағдарламасы әдістемелік және тәжірибелік сипаттағы пәндердің негізгі тақырыптарымен қамтылған, олар экономиканы дамыту боынша өндірістің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін көтеруде әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуді дамыту боынша жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен байланысқан.

    КАФЕДРА МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ

    «Туризм», «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандықтары бойынша студенттерді дайындау келесі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады:

    -     күндізгі (орташа және орташа-кәсіби білім негізінде);

    -     сырттай (орташа және орташа-кәсіби және жоғарғы білім негізінде).

    Білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

    Оқу мерзімі:

    -     күндізгі бөлім бойынша: орташа білім негізінде 4 жыл, орташа-кәсіби білім негізінде 3 жыл;

    -     сырттай бөлім бойынша: орташа-кәсіби білім негізінде 3 жыл, жоғарғы білім негізінде 2 жыл.

    5В090200 - «Туризм», 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандықтарына күндізгі оқу бөліміне (4 жыл) түсу үшін БҰТ (Бірыңғай ұлттық тесттілеу) немесе АКТ (Абитуриенттерді кешендік тесттілеу) тапсыру керек. Оқуға түсу бойынша тесттілеу бойынша баллдардың сомасы – 50 балл. Оның ішінде: математика, орыс тілі, Қазақстан тарихы бойынша 4 баллдан кем болмауы керек. Профилдік пән – география бойынша 7 баллдан кем болмауы керек. Колледж түлектері мамандық классификаторына сәйкес 3 жылдық оқу мерзіміне түсе алады. Егер туысқан мамандықтар болатын болса, сертификаттағы баллдар сомасы барлық талаптарға сай келсеі, онда студен қысқартылған оқу түрі бойынша білім ала алады.

    Кафедра мамандықтарына жыл сайын көптеген гранттар бөлінеді


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Обратный звонок RedConnect