Қазақ және шет тілдері кафедрасы


«Базалық дайындық» факультетінің құрамындағы «Қазақ және шет тілдері» кафедрасы 2007 жылы университет ректорының бұйрығымен құрылған.

Кафедраға филология ғылымдарының кандидаты Оспанова Фарида Әмірбекқызы  жетекшілік етеді.

Кафедраның кадрлық әлеуеті талапқа сай. Оның ішінде 19 оқытушының: 1-ғылым докторы, 9-ғылым кандидаты, 9 магистр және 1 аға оқытушы қызмет жасайды.

Кафедра миссиясы - оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарын университеттің бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша мамандарды лингвистикалық дайындау аспектісін іске асыру.

Ғылыми бағыты: көптілді жоғары білімді төмендегі бағыттар бойынша жаңғырту:

■ Когнитивтік лингвистика: тілдің және ойлаудың, әлем тіліндегі әмбебап және ұлттық өзара әрекеттесу механизмдері;

■коммуникативті лингвистика және психолингвистика: коммуникативтік өзара әрекеттесу және өзара әрекеттесу құралы ретінде тіл, сөйлеудің стратегиясы, дискурстың әртүрлі типіндегі тактикасы мен жанрлары;

■ қазақ, орыс және шет тілдерін оқыту әдістемесі (қазіргі заманғы педагогикалық парадигма, оқу материалын ұсынудың әртүрлі тәсілдері, білім беру формалары).

Кафедраның ғылыми тақырыбы: «Көптілді тұлғаны қалыптастырудың танымдық және коммуникативтік негізі» (ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының кандидаты Оспанова  Фарида Әмірбекқызы ).

Кафедра ұжымы оқу үрдісін жетілдіру және инновациялық технологияларды қолдану, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі сабақтарда студенттердің белсенді, интерактивті әдістерін қолдану бойынша үлкен ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізеді.

Кафедрада халықаралық ынтымақтастық жүзеге асырылады. Кафедра оқытушылары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысады, шет елдерде білімдерін жетілдіреді.

Білім сапасын арттыру және академиялық мобилдікті қамтамасыз ету мақсатында кафедра оқытушылары республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарында біліктілікті арттырудың келесі бағдарламарын үздіксіз игеруде: «ТМД жас ғалымдарының мобильдігі» (РФ), «Қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері» (ҚХР), «Болон үдерісі жағдайында Еуразиялық мәдениаралық коммуникация» (Испания).

Оқытушылар оқу жылы барысында  Тілдер декадасы аясында студенттік онлайн-конференциялар, тілдік олимпиадалар, конкурстар,  «Дөңгелек үстелдер» өткізіп отырады.

2015 жылдан бастап «Қазақ және шет тілдері» кафедрасы жанында «Полилингв» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс істейді.


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
KUEF repository