Мамандығы


    «Менеджмент және маркетинг» кафедрасында бакалавриаттың төрт мамандығы: 5В050700 – «Менеджмент», 5В051100 – «Маркетинг», 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В030400 – «Кеден ісі»,  сонымен қатар магистратураның екі мамандығы:  6M050700 – «Менеджмент» (профильдік бағыт және ғылыми-педагогикалық бағыт); 6M051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (профильдік бағыт және ғылыми-педагогикалық бағыт) бойынша  мамандар даярлау жүзеге асырылады. 

    5В050700 – «МЕНЕДЖМЕНТ» мамандығы.  

    Оқу мерзімі жалпы орта білім негізінде – 4 жыл (оқудың күндізгі бөлімі), колледж негізінде – 3 жыл(оқудың жеделдетілген түрі), бірінші жоғары білім негізінде – 2 жыл.

    5В050700 – «Менеджмент» мамандығының түлегіне «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

    5В050700 – «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврлары түрлі экономикалық құрылымдарда, әлеуметтік қызметте, басқару жүйесінің ұйымдық бөлімшелерінде, салааралық кешендерде, басқару органдарында, акционерлік қоғамдар мен коммерциялық емес ұйымдарда қызмет атқара алады, кәсіпкерлікпен айналысуына болады. 

    Кәсіби қызмет саласына экономиканың нақты секторы, қаржылық-банктік жүйе,  бизнес пен кәсіпкерлік жатады.

    Түлектердің кәсіби қызмет нысандарына бизнес-құрылымдар, өндірістік өнеркәсіп, түрлі меншік түріндегі ұйымдар мен фирмалар, мемлекеттік басқару органдары, қаржы ұйымдары, жобалық және ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік, білім беру мекемелері жатады.

    5В050700 – «Менеджмент» мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби қызметі:

    -   ұйымдар мен фирмалардың экономикалық қызметіндегі мәселелерді шешуге;

    -   шаруашылық жүргізу субъектілерін дамытуда неғұрлым тиімді жолды таңдауға;

    -  персоналдың қызметін ынталандыруға;

    -  инновациялық қызметті белсендендіруге бағытталады.

     

    5В051000 – «МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ» мамандығы.

    Оқу мерзімі жалпы орта білім негізінде – 4 жыл (оқудың күндізгі бөлімі), колледж негізінде – 3 жыл(оқудың жеделдетілген түрі), бірінші жоғары білім негізінде – 2 жыл.

    5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлегіне «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

    5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлектері мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарында, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратында, Премьер-Министрдің Канцеляриясында, министрліктерде, ведомостволар мен агенттіктерде, барлық деңгейдегі әкімдіктерде, экономиканың мемлекеттік секторларының фирмалары мен корпорацияларында (ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар, Ұлттық банк және оның құрылымдары, қаржылық-жоспарлау басқармалары мен бөлімдері) қызмет ете алады.  

    5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы түлектерінің кәсіби қызметінің негізгі бағыттары:  өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму болашағын талдау және анықтау, басқару органдары құрылымдарын жетілдіру бойынша шешімдер қабылдау үшін негіздемелері бар сұрақтар кешенін даярлау, әлеуметтік-экономикалық саясат қалыптастыру, мемлекеттік бағдарламалардың, орталық және жергілікті басқару органдарының жоспарлары мен шешімдерінің орындалу мониторингісін жасау, сонымен қатар тұтастай алғанда экономика және әлеуметтік саланы басқару.  

      5В051100 – «МАРКЕТИНГ» мамандығы.  

    Оқу мерзімі жалпы орта білім негізінде – 4 жыл (оқудың күндізгі бөлімі), колледж негізінде – 3 жыл(оқудың жеделдетілген түрі), бірінші жоғары білім негізінде – 2 жыл.

     5В051100 – «Маркетинг» мамандығының түлегіне «Маркетинг бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

     5В051100 – «Маркетинг» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврлары мынадай лауазымдарды атқара алады:

    - маркетинг менеджері;

    - жарнама менеджері;

    - өткізім жөніндегі менеджер;

    - қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер;

    - сауда жөніндегі менеджер;

    - бренд-менеджер;

    - логистика жөніндегі менеджер;

    - сарапшы-менеджер.

    Кәсіби қызмет саласына шаруашылық жүргізу субъектілерінің басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу қызметтері жатады. ¤ндірістік-өткізу және  ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру барысында бакалаврлар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің маркетингтік мүмкіндіктері мен ортасын зерттейді, маркетингтік зерттеулер жүргізеді, мақсатты сегментті екшелейді, тұтынушылардың сұранымын болжап, таңдаулы сегментке тауарларды жайғастырады, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға және кіріс алуға бағытталған тауарды, бағаны, өткізу мен коммуникацияны басқару саласындағы саясатты әзірлейді.

    Түлектердің кәсіби қызмет нысандары: нарық (тауарлық, қор, ақпараттық; капитал, еңбек және т.б.), шаруашылық жүргізуші субъектілерінің маркетингтік мүмкіндіктері, маркетингтік зерттеулер, тұтынушылар, жеткізушілер, делдалдар, байланыс аудиториялары, бәсекелестер, өндірістік және тұтынушылық мақсаттағы тауарлар, қызмет көрсетулер, тауарды жылжытуту элементтері  (реклама, қоғаммен байланыс, жеке байланысу, өткізуді ынталандыру); мемлекеттік мекемелер, қызмет көрсету мекемелері (қонақүйлер, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, туристік фирмалар, экскурсиялық бюролар), өндірістік және делдалдық кәсіпорындар, халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникация.

    5В030400 – «КЕДЕН ІСІ» мамандығы. «Кеден ісі» мамандығының түлегіне «Құқық бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

    Оқу мерзімі жалпы орта білім негізінде – 4 жыл (оқудың күндізгі бөлімі), колледж негізінде – 3 жыл(оқудың жеделдетілген түрі), бірінші жоғары білім негізінде – 2 жыл.

    Кәсіби қызмет аясы. Осы мамандықтың түлектері кеден, салық қызметі, қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, қазынашылық, қаржы полициясына борышкерлермен жұмыс істеу, ішкі істер, прокуратура, ҰҚК органдарында, сонымен қатар орталық және жергілікті органдарда, білім беру жүйесінде қызмет ете алады.   

    «Кеден ісі» мамандығы бакалаврларының кәсіби қызметінің негізгі бағыттары: азаматтардың кеден ісі бойынша құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, экономиканың дамуын үдету, ҚР экономикалық мүдделерін қорғау, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету мақсатында кеден ісі саласында салық және өзге де төлемдерді қайтару, тарифтік және тарифтік емес реттеулер, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету, кедендік статистика мен істі жүргізу, кәсіпкерлік қызметті қорғау және қолдау, заңдардың сақталу, зады және жеке тұлғалардың заң алдында теңдігі қағидатына сәйкес құқыққолдану қызметін іске асыру.

     

     Түлектер мемлекеттік үлгідегі диплом алады.


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
KUEF repository