Бақтымбет Әсем Серікқызы – э.к.ғ., доцент, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі


Бақтымбет Әсем Серікқызы – э.к.ғ., доцент,  «Экономика» кафедрасының меңгерушісі

Бақтымбет Әсем Серікқызы 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін үздікпен бітірді, кейін Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің күндізгі аспирантурасын аяқтады.
2009 жылы  08.00.14 - «Дүниежүзілік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін «Қазақстан Республикасының интеграциялық процестерге қатысуы (ТМД мысалында)» тақырыбындағы диссертацияны қорғады (ҒК № 0004032).
ЖОО аяқтағаннан кейін еңбек қызметін білім және ғылым жүйесінде бастады. 2006 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде (ҚазЭҚХСУ) жұмыс істейді.
2013 жылы Бақтымбет Ә.С. «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2013» мемлекеттік гранты иегері мен атағының жеңімпазы атанды.
Бақтымбет Ә.С. келесідей ғылыми жобаларға қатысты:
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің қоғамдық-саяси және экономикалық ғылым саласындағы 2012-2014 жж. іргелі және қолданбалы зерттеулер аясында «Халықтың интеллектуалды потенциалы - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуы ретінде» тақырыбындағы жобаның екінші жетекшісі;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының 2012-2014 жж. іргелі және қолданбалы зерттеулер аясында «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық дамуының бәсекелес факторларын қалыптастыру мен қолдану: теория және пратика» тақырыбындағы жобаның а.ғ.қ.
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ әлеуметтік ғылым бойынша сарапшысы болып табылады, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік-экономикалық саласы зерттеу жобаларының сарапшысы ретінде атқарады.
Бақтымбет Ә.С. ғылыми қызығушылығың саласы халықаралық экономикалық интеграция, Қазақстан экономикасының  инновациялық даму мәселелері, халықтың интеллектуалды потенциалын қалыптастыруы мен дамуы сұрақтары болып табылады.
Келесідей шетелдік ғылыми тағылымдамаларды өтті:
-        «Strategic Management Higher Education» course and completed it successfully from 17.11.2014-28.11.2014.-Dubai, UAE.

-    «Development of entrepreneurship course» offered at the Education center, 2014 ж.- Antalya, Turkey.


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities