Усипбеков Алибек Альдибекович - магистр, аға оқытушы


Усипбеков Алибек Альдибекович - магистр, аға оқытушы

Үсіпбеков Әлібек Әлдібекұлы 2003 жылы  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін  үздік дипломмен бітіріп, «Астана» қазақ  кәсіби колледжінде оқытушы болып кәсіби қызметін бастады. 2004 жылы осы мекемеде оқу-өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі директордың орынбасары болып қызметін жалғастырды. 2005 жылдан 2009 жылға дейін «Тұран-Астана» университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды. 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы.

2012 жылы «Тұран-Астана» университетінің 6М050900 «Қаржы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

«Болашақ» халықаралық стипендия бойынша ғылыми-педагогикалық стажировкадан өтті. Швейцария. Монтре қ. «Montreux» халықаралық бизнес мектебі.  

Усипбеков А.А. ғылыми қызығушылығы қаржы менеджменті мәселелері болып табылады. «Шағын және орта бизнес қаржыларын басқару», «Нақты сектордың қаржы менеджменті», «Операциялық қаржы менеджменті», «Қаржылық институттар қызметін басқару», «Қаржылық бақылау», «Исламдық қаржыландыру» пәндерін жүргізеді.

Әртүрлі халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік, оқу-әдістемелік конференцияларға, семинарларға қатысады, студенттердің ғылыми жұмыстарына, жобаларына жетекшілік етеді.

Білім жүйесіндегі белсенді жұмысы үшін ҚР БҒМ ҰТО директорының алғыс хатымен марапатталды. 


Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Обратный звонок RedConnect