Мамандықтар


Бакалавриат:

5В050600 «Экономика»

Мамандық бойынша кәсіби пәндер:Кәсіпкерлік, Кәсіпорын экономикасы, Халықаралық бизнес,  Жасыл экономика және ҚР тұрақты дамуы, Мемлекеттік-жеке әріптестік теориясы және практикасы, Академиялық ағылшын тілі, Инвестиция және инновация экономикасы. 

5В050600 «Экономика» мамандығының білім беру бағдарламасы екі траекториядан тұрады:

1.    Кәсіпорын экономикасы

2.    Әлеуметтік орта экономикасы

«Кәсіпорын экономикасы» траекториясының өзектілігі: отандық кәсіпорындардың интеграциялық үрдістерге қатысу мақсатымен бәсекегеқабілеттілігін жоғарылату қажеттілігімен; экономикадағы дағдарыс және тәуекелділік жағдайында олардың қызметіне байланысты кәсіпорындардың экономикалық қызметінің қайта құрылуымен; еліміздің индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруда қатысу қазақстандық кәсіпорындардың экономика саласындағы білікті кадрлармен қамтамасыз етудің қажеттілігімен сипатталады.

«Әлеуметтік орта экономикасы» траекториясының қажеттілігі: әлеуметтік сала және экономика салаларын дамыту тиімділігін жоғарылату қажеттілігімен; адами капиталды дамытумен байланысты әлеуметтік ортаның,  экономиканың нақты секторын дамытуға бағыталған мемлекеттің құрылымдық саясатымен; елдің тұрақты, тиімді дамуы үшін әлеуметтік орта экономикасы, шаруашылық салаларында  білікті кадрлармен қамтамасыз етуімен түсіндіріледі.


5В051300 «Әлемдік экономика»

Мамандық бойынша кәсіби пәндер:Әлемдік экономика, Халықаралық бизнес, Мәліметтерді талдау және экономикалық болжау, Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі, Жасыл экономика және ҚР тұрақты дамуы, Мемлекеттік-жеке әріптестік теориясы және практикасы, Академиялық ағылшын тілі, Инвестиция және инновация экономикасы. 

5В051300 «Әлемдік экономика» мамандығының білім беру бағдарламасы екі траекториядан тұрады:

1.        Сыртқы экономикалық қызмет

2.        Әлемдік экономика

«Әлемдік экономика» мамандандыруының өзектілігі мен қажеттілігі төмендегі жағдайлармен түсіндіріледі:

-       Халықаралық экономикалық қатынастардың жаһандану мен аймақтануның даму тиімділігінің арту қажеттігімен;

-       Елдер мен аймақтардағы халықаралық сауда мен халықаралық бизнестің дамуына бағытталған құрылымды саясатпен;

-       Әлем елдерінде экономикалық процестердің тұрақты әрі тиімді дамуы үшін халықаралық экономика, халықаралық шаруашылық саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету.

«Сыртқы экономикалық қызмет»жолының өзектілігі мен қажеттілігі төмендегі жағдайлармен түсіндіріледі:

- ҚР-ның экономикалық жүйесін қалыптастыру үшін макро-, микро- және мезодеңгейдегі стратегиялық концепцияның дамуымен;

- Сыртқы саудадағы тауар мен қызметтің жоғарғы дәрежедегі бәсекелестігін анықтайтын аймақаралық, халықаралық интеграцияның жоғарғы деңгейі;

- Халық шарушалығының әртүрлі саласындағы инновациялық қызметтің жаңа технологиясы мен саласының дамуымен;

- Экономиканы қайта құру құрылымына және өңдеуші секторының дамуынабайланысты ҚР-дағы бәсекеге қабілеттілікті күшейту қажеттілігі. 

Магистратура:
6М050600 - «Экономика».
• Кәсіби қызмет бағыты:
• Кәсіпорынның негізгі ғылыми-басқарушылық, қаржылық-шаруашылық, маркетингтік мәселелерін шешу;
• Ресурстарды тиімді пайдалану: адамдық, қаржылық, уақыттық;
• Көлемді ғылыми ақпаратпен жұмыс жасау, оның әр түрлі дереккөздерімен өз бетінше жұмыс жүргізу;
• кәсіби міндеттерді шешу үшін, компьютерлік техниканы пайдалану;
• ғылыми ақпаратты өңдеу, статистикалық және есептік мәліметтерді талдай отырып, ғылыми ақпаратты өңдеу.

6D050600 «Экономика» докторантурасы:

Кәсіби қызметінің бағыттары:
• зерттеу үрдісін жоспарлау және енгізу;
• зерттеу үрдісін жоспарлау, үйлестіру және енгізу;
• ғылыми іс-шараларға, іргелі отандық және халықаралық жобаларға қатысу;
• заманауи теориялар мен талдау әдістерінің негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу;
• әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды, аналитикалық және эксперименталды ғылыми қызметті сыни талдау, бағалау және салыстыруды меңгеру;
• Ақпараттық ағымдардың жылдам жаңаруы мен өсуі жағдайында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтегі білім алу.

Ошибка обратитесь к администратору

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
KUEF repository