ЕВРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ


 eurasian_economic_community_eurazes_logo_080414.jpg

Еуразиялық интеграция қазіргі Қазақстан үшін маңызды тақырыптардың бірі болып табылады.

Қазақстан үшін Еуразиялық интеграция идеологиясы мен практикасы – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.

Евразияшылдық – мемлекеттік идеологияның жүйелі элементтерінің бірі, елдің жетекші университеттерінің бірі Еуразия ұлттық университетіне Лев Гумилевтің есімінің берілуі тегін емес. Ресей Еуразиялық интеграция кафедраларын немесе Еуразиялық зияткерлік орталықтарды ашуды әлі ойластырып жатыр, ал Қазақстанда (Астана мен Алматыда ғана емес, сонымен қатар Орал, Павлодар, Қостанай сияқты аймақтарда да) олардың құрылғанына он жылдан астам уақыт өтті.  

Қазақстан бұрынғы ССР кеңістігінде кооперациялық байланыстарды, ынтымақтастықты қалпына келтіру идеясын белсенді түрде жаңа негізде алға жылжытқан бірінші мемлекет болды.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) орнына  келген Еуразиялық экономикалық Одақ өз жұмысын 2015 жылғы 1 қаңтарда бастады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, мәселе экономикалық интеграция туралы болмақ.

1995 жылы ЕурАзЭҚ құрылуы Еуразиялық интеграция жолындағы оған кіретін мемлекеттердің жалпы сыртқы кедендік шекараларын қалыптастыру, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат, тариф, баға және басқа да жалпы нарықтың құрамдас бөліктерін жасау мақсатында жасалған  алғашқы адым болды. 2000 жылғы мамырда Ресей Прзеиденті Владимир Путин осы қоғамдастықты қайта құруды ұсынды. Бір жылдан кейін ЕурАзЭҚ жаңа құрамына РФ, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кірді.

Келесі кезеңде Ресей, Беларусь және Қазақстанның Кеден Одағының (КО) құрылуы болды, соның шеңберінде бірыңғай кедендік тариф қолданылады, кедендік жарна және арнаулы қорғаныс,  антидемпингтік және компенсациялық шаралардан басқа экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. 2007 жылғы 6 қазанда Кедендік Одақ құру туралы келісімшартқа қол қойылды. Бірақ шын мәнінде КО өз жұмысын 2010 жылғы 1 қаңтарда бастады.

Интеграцияның үшінші кезеңі – Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) құру. Бұл туралы шешімді 2009 жылғы 27 қазанда Мәскеуде Ресей, Беларусь және Қазақстанның басшылары қабылдады. БЭК мақсаты – өзара саудадағы қайшылықты жою, тауарлардың, қызмет көрсету, капиталдар және жұмыс күштерінің жалпы нарығын құру, сондай-ақ келісілген валюталық саясат.

Қазақстанда өткізілген интеграциялық процестер әр түрлі бағаланады. «Менің ойымша, Еуразиялық одақ үшін ресми курс өзгеріссіз қалады», – дейді қазақстандық аналитик Қазбек Бейсебаев. Мұның бастамасы 1990 жылдың басында Н.Назарбаевтың ММУ сөйлеген сөзінен басталғанын ұмытпау керек.  

Сонымен қатар бірқатар қоғам қайраткерлері Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне қарсы, себебі олар интеграциялық процесті мемлекеттік егемендікке қарсы басты қауіп деп есептейді. «Рух пен тіл» (Дух и язык) атты жастар қозғалысының жетекшісі Жанболат Мамай: «Егер Қазақстан Мәскеудің айтқанымен жүрсе, онда бірден Ресейдің сателлитіне айналып, бүкіл әлемнен шеттетіледі», – дейді.  

Оның пікірінше, «Ресей баяғыдан мынадай қағидатты ұстанады: «Кім бізбен бірге емес, сол бізге жау». Оған Украинамен болған «кәмпит-сүт соғысы», «Уралкалия» айналасындағы жағдай мысал бола алады. Жанболат Мамайдың есептеуінше, Кремль «Украинаның КО және ЕО кіруі үшін қысым көрсетуде» Қазақстанды да пайдаланғысы келді.

Көптеген қазақстандық сарапшылардың есептеуінше, жаңа Еуразиялық экономикалық одақ бұрынғы интеграциялық бірлестіктердің: ЕурАзЭҚ және КО онша жақсы емес тәжірибесін қайталайды, онда Қазақстан тиімді жағдайда болмаған.

Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым Сатпаев есептеуінше, еуразиялық интеграцияның оң жақтары мыналар: бірыңғай еңбек нарығын құруға ұмтылыс, өз өнімін іске асыру үшін жаңа экономикалық нарықтар ашу, жаңа технологияларды жұмылдыруға ұмтылыс, интеграциялық жобаларға қатысу жаһандық бәсекелестік жағдайында хабарлай отырып әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бірақ, Сатпаев көрсеткендей, «шындығы сол – осы плюстердің бәрі нәтижесінде минусқа айналады». Қазақстандық билік тізгінін ұстағандардың, мәселен, КО қазақстандық кәсіпкерлерге 153 млн-дық нарық ашатындығы туралы үміттері мен болжамы әзірше ақталған жоқ. «2012 жылы Қазақстанның КО үлесі 17%-дан аз, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 20% құрады. «Қазақстан бұрынғыдай Ресей мен Белорусьқа шикізатты сатуда, ал оның орнына біздің шикізаттан жасалған дайын өнімді береді», – дейді Досым Сатпаев.

Саясаттанушының айтуынша, Қазақстан бірыңғай еңбек нарығына қатысты да дәл осылай жеңіліс табады. «Қазақстан – бұл Тәжікстан не Өзбекстан емес. Бізде күнкөріс, табыс табу мақсатында Ресейге баратын жұмысшылар жоқтың қасы. Әрине, РФ қызмет ететін адамдар бар, бірақ оларды тәжік және өзбектермен салыстырғанда өте аз», – дейді саясаттанушы.

Өз кезегінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жаксылыков Қазақстанның күткен нәтижелері ақталмағанын ескертеді. «Біз тауарларымызды арттыру арқылы бірден оң нәтиже аламыз үміттендік. Бірақ бұл процесс өте ұзақ болып табылады», - деп, мойындады Тимур Жаксылыков.

Қазақстандық әлеумет-демократтардың көшбасшысы Жармахан Тұяқбайдың сөздеріне қарағанда, Қазақстан үшін экономикалық тәуелсіздік мәселесі аса маңызды: «Бізге Еуразиялық экономикалық одақ қажет!»

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Обратный звонок RedConnect