Түлектер Ассоциациясы


Бүгінгі таңда ҚазЭҚХСУ – республиканың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны болып табылады, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындар арасында белсенді болып саналады. Түлектер халықаралық стандарттарға сай болатын сапалы білім алып, сонымен қатар олар Alma Mater-дің дәстүрлерін сақтап көбейтуде. Осы тұста Университетте ҚазЭҚХСУ түлектер Ассоциациясы құрылған. Түлектер Ассоциациясы университетпен байланыс жасау, тәжіби алмасу, түлектердің кәсіптік, ғылыми, шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Ассоциация мүшелігі Alma mater-мен байланыс орнату, университеттің жаңалықтарын білуге мүмкіндік береді.  

Біз әр түлегімізді мақтан етеміз және ҚазЭҚХСУ тату отбасына қосылуға шақырамыз!
 

Ректор
Абдыманапов С.А.

 

 

Құрметті түлек!

Бүгінгі таңда ҚазЭҚХСУ түлектер саны 12 951 құрайды. Сіздердің көбісі Университетпен байланысты және оның жұмысына қатысады. Барлық түлектерді ҚазЭҚХСУ Ассоциациясына шақырамыз!

 

Ассоциация міндеттері:

  • ҚазЭҚХСУ алдыңғы қатарлы білім беруші, зерттеу және ғылыми орталығы ретінде даму жобаларын жүзеге асыру; 
  • Қазақстандық және халықаралық деңгейде университеттің мәртебесін нығайту;
  • Студенттер мен түлектерді қолдау және нығайту;
  • Ассоциация түлектеріне басқа түлектер мен Университетпен байланыс орнатуға көмектесу;
  • Түлектердің интеллектуалды қорын арттыру, еңбек нарығында қажетті жоғары білікті кадрларды дайындау және қайта дайындауға көмектесу;
  • ҚазЭҚХСУ студенттері мен түлектері арасында құндылықтарын нығайту;
  • Бизнес-идеялары мен түлектер жобаларын қолдау, жаңа брендтарды дамыту.

Ассоциация қызметінің бағыттары:

  • Жыл сайынғы ҚазЭҚХСУ Күнін ұйымдастыру
  • Іскери іс-шараларды – форумдар мен конференцияларды өткізу
  • Ғылыми жұмыс – дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар
  • Мәдени іс-шараларды өткізу – кездесулер, көрме, концерттер
  • Спорт іс-шаралары

·         Баспа қызметі

Қайырымдылық және басқа әлеуметтік-бағытталған қызмет.
 
          ҚазЭҚХСУ Ассоциациясының бірінші отырысында Ассоциация Төрағасы ретінде Тастемір Ақұлан сайланды. 2015 ж. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлегі Астана қ. Әкімшілігінің «Жастар саясатын басқару» бөлімінің бас маманы болып қызмет етеді.  

image-25-05-17-14-56-1.jpeg

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ