Қабылдау ережелері


1. Жалпы ережелер

1. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне оқуға қабылдаудың бұл Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 19 қаңтарда бекіткен №109 Типтік ережелерге сәйкес әзірленген.

2. Магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды мемлекеттік білім тапсырысы бойынша және өз қаржысына немесе басқа да қайнаркөздер бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар конкурстық негізде мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес тегін ЖОО-дан кейінгі білім ала алады (бұл деңгейдегі білімді бірінші рет алған болса).

Шетелдіктердің конкурстық негізде мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес тегін ЖОО-дан кейінгі білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшартымен анықталады.

3. Магистратураға қабылдау конкурстық негізде түсу емтихандарының нәтижесінде іске асырылады. 

4. Test of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), (TOEFL, бастапқы балл - кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, бастапқы балл - кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (бастапқы балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, бастапқы балл - С 1), Diplome d'Etudes en Langue français (DELF, бастапқы балл - В 2), Diplome Approfondi de Langue français (DALF, бастапқы балл - С 1), Тest de connaisances de français (TCF, бастапқы балл - кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғандығы туралы сертификатқа ие Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға шет тілінен түсу емтиханынан босатылады.

5. Магистратураға қабылдау мамандық тізімімен бірге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдауды бастаудан 15 күнтізбелік күн бұрын хабарланады.

6. Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша, соның ішінде мақсатты даярлау шеңберінде оқуға үміткер тұлғалардан өтініш қабылдау магистрлер мен докторларды даярлау жүзеге асырылатын ЖОО-ларда өткізіледі.

7. Магистратураға түсуге құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жалғасады.

Магистратураға түсу емтихандары 1-20 тамыз аралығында болады, ал қабылдау 31 тамызға дейін жалғастырылады.

2. Магистратураға түсуге құжаттарды қабылдау

8. Магистратураға жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.  

Түсу барысында магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларына сәйкес меңгеруге қажет пререквизиттер анықталады. Қажетті пререквизиттер тізімін ЖОО жеке анықтайды.

Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда, магистрантқа оларды ақылы негізде меңгеруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін ғана магистратурада оқуды бастауға болады.  

9. Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарының өткізілуін ұйымдастыру үшін Қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы –  ҚазЭҚХСУ ректоры.  

Қабылдау комиссиясының құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

10. Магистратураға түсушілер ҚазЭҚХСУ-ға мына құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысына өтініш;

2) жоғары білім туралы құжат көшірмесі;

3) интернатураны бітіргендігі туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);

4) Ереженің 4-пунктінде көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификат көшірмесі (болған жағдайда);

5) еңбек қызметін растайтын жеке іс парағы (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

6) 3х4 өлшеміндегі 8 фотосурет;

7) медициналық анықтама (форма 086У)

8) жеке куәлік көшірмесі;

9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (болған жағдайда).

Құжаттардың көшірмесімен бірге салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады, кейін ұайтарылады.

3. Оқуға түсу емтихандарын өткізу тәртібі

11. Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ магистратураға түсушілер оқуға түсу емтихандарын тапсырады:

1) таңдау бойынша шет тілдерінің біреуінен (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандық бойынша.

12. Оқуға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандық бойынша емтихан комиссиясы құрылады.  

13. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы ЖОО және сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар ғылыми ұйым  қызметкерлерінен құрылады. 

Мамандық бойынша емтихан комиссиясы құрамы төрағадан және үш мүшеден тұрады, оның екеуі ғылым докторы болуы тиіс. 

Мамандық бойынша емтихан комиссиясы құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі. 

14. Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінен түсу емтихандары ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

15. Білім саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік, орыс және шет тілдерінен түсу емтихандарын өткізу тәртібін анықтайды.   

16. Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінен түсу емтихандары білім саласындағы уәкілетті орган белгілеген ЖОО-ларда өткізіледі.

4. Магистратураға қабылдау

17. Магистранттар қатарына қабылдауды ЖОО Қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.  

18. Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алуға осы Ереженің қосымшасына сәйкес 100 балдық бағалау шәкілі бойынша кемінде 150 балл жинаған үміткерлер құқылы.  

Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінен тест тапсырғандығы туралы сертификатқа ие Қазақстан Республикасының азаматтарына магистратураға шет тілінен түсу емтиханына ең жоғарғы 100 балл беріледі.

19. Конкурстық балл бірдей болған жағдайда мамандық бойынша жоғары бағаға ие тұлғалар артықшылық құқығына ие болады, ал мамандық бойынша бірдей балл болған жағдайда мемлекеттік, орыс және шет тілдерінен емтихан бағасы жоғары үміткер артықшылық құқығына ие болады. Содан соң таңдалған мамандық саласына сәйкес ғылыми жетістіктер ескеріледі.   

20. Магистрлерді және (PhD) философия докторларын мақсатты даярлауға мемлекеттік білім тапсырысы бойынша қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

21. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті білім саласындағы уәкілетті органға қабылдау аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу туралы қорытынды есеп, магистранттарды мемлекеттік білім тапсырысы бойынша қабылдау туралы бұйрық көшірмелері тапсырылады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Международная бизнес школа
Портал электронного правительства
Министерство Образования и науки РК
Platonus
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com