Жалпы ақпарат


Халықаралық бизнес-мектеп «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті» мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ бизнес-мектебі негізінде құрылды. Халықаралық бизнес-мектеп экономика саласында біліктілігі жоғары кәсіби мамандардың жаңа корпусын қалыптастыру, табысқа жету үшін бизнесті жүргізу білігіне ие және дүниетанымы кең  кәсіби басқарушыларды даярлау, мемлекеттік және жеке басқару ұйымдары мен құрылымдары органдары қызметіне қатысатын басшы мамандардың, азаматтардың біліктілігін арттыру.

Халықаралық бизнес-мектеп динамикалық түрде дамушы, бизнес-білім саласында лицензиясы бар оқу орны болып табылады, ол бизнес-білім әдістемесі мен сапасына қазіргі заман тұрғысынан қарайды.

Біздің серіктестер тізімінде жақын және алыс шет елдердегі оқу орындары бар. Еуропалық университет, Швейцария бизнес-мектебі, Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ сияқты халықаралық серіктестермен ынтымақтастығымыз біздің тыңдаушыларға ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес білім мен диплом ғана емес, қазіргі әлемнің ең жоғарғы талаптарына жауап беру мүмкіндігін береді.    

ХБМ оқу үдерісіне бизнес-қоғамдастық өкілдері және республикадағы, жақын және алыс шет елдердегі жетекші ЖОО оқытушылары жұмылдырылады.

Біздің түлектер жоғары деңгейдегі оқытушылар мен сарапшылардың көмегімен өз білімдерін жүйелей және тереңдете отырып, келешекте мансапты көтерудің жарқын артықшылықтарына ие болады.

Халықаралық бизнес-мектепте оқу – бұл:

Халықаралық деңгейдегі мектеп дипломдары және сертификаттары;

  • ■ Әр тыңдаушыға жеке көңіл бөлу;
  • ■ Кәсіби жоғары бизнес-тренерлер командасы, олар – тренингтік бағдарламалардың авторлары және соны әзірлегендер;
  • ■ Ұсынылатын бағдарламаларды таңдау;
  • ■ Заманауи білім мен білік, дағды, курс тыңдаушыларымен пайдалы және қызықты байланыс;
  • ■ Әр компания қажеттіліктеріне жеке көңіл бөлу.
  • ■ Негізгі ерекшелік  - адамның ішкі ресурстарымен жұмыс (қабілеттері, құндылықтары, ой-пікірлері), бұл оқу барысында оларды пайдалану дағдыларын қалыптастырып, уәжділікті арттырып қана қоймайды, сонымен қатар кәсіби сенімділікті арттырады, өз компаниянның жұмысына қанағаттануға көмектеседі.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз:

Орынбор көш. 8, "Министрліктер үйі", 3-кіреберіс, 2-қабат

Байланыс телефондары: 50-24-22, 50-24-68 факс 50-24-06

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Международная бизнес школа
Портал электронного правительства
Министерство Образования и науки РК
Platonus
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com