Қабылдау ережелері


Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне  бакалавриат бағдарламасы бойынша қабылдау ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне оқуға қабылдаудың бұл Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 19 қаңтарда бекіткен №111 (2012жылғы 19 сәуірдегі   №487 өзгерістермен) Типтік ережелерге сәйкес әзірленген.

2. Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіби (бастауыш және орта кәсіби, ортадан кейінгі), жоғары (жоғары кәсіби) білімі бар тұлғалар қабылданады.

3. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне түсушілерді қабылдау мемлекеттік білім тапсырысына (білім гранттары) орай, сонымен қатар азаматтардың жеке қаржысы мен басқа да қайнар көздер арқылы жүзеге асырылады.

4. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне түсушілерді қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу нәтижесінде берілген сертификат балына сәйкес жүргізіледі.

5. Кешенді тестілеу жалпы орта білім (орта жалпы) ұйымдарының түлектеріне,  техникалық және кәсіби (бастауыш және орта кәсіби, ортадан кейінгі), жоғары (жоғары кәсіби) білім беретін ұйымдардың түлектеріне, жалпы білім беретін мектептердің ҰБТ-ға қатыспаған түлектектеріне, оқушыларды халықаралық алмасу бағдарламасы бойынша шетелде оқыған түлектерге, республикалық музыкалық мектеп-интернат түлектеріне және оқуды шетелде тәмамдаған түлектерге жүргізіледі.  

6. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне түсушілерді ақылы негізде қабылдау жоғары оқу орындары арқылы жүзеге асырылады. 

Техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі (колледждер) білімі бар тұлғаларды жақын мамандықтарға ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдау

кешенді тестілеу нәтижесінде іске асырылады.

Жоғары білімі бар тұлғаларды ақылы негізде қысқартылған мерзімге ҚазЭҚХСУ оқуға қабылдауды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы әңгімелесу негізінде жүзеге асырады.

7. Шетелдік азаматтарды арнайы квота бойынша халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім тапсырысы негізінде қабылдауды ЖОО өз бетінше мемлекетаралық келісім негізінде жүзеге асырады.

8. Жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде ҚР Үкіметінің шешімімен бекітілген өлшемде квота тағайындалады.  

Бакалавриат және жоғары арнаулы білім мамандықтарының тізімі бойынша ауылдық білім ұйымдарын бітірген түлектерге ҚР ЖОО-ларына қабылдау дың арнаулы квотасы тағайындалған, оны білім саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне оқуға қабылдау тәртібі

Кешенді тестілеу өткізу

9. Кешенді тестілеу білім саласындағы уәкілетті орган бұйрығымен бекітілген базалық ЖОО-ларда өткізіледі.

11. Кешенді тестілеу қатысу үшін Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне оқуға түсуші Қабылдау комиссиясына белгіленген үлгі бойынша өтініш жазады, аттестат немесе жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіби (бастауыш және орта кәсіби, ортадан кейінгі), жоғары (жоғары кәсіби) білімі туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуге қатысу ақысы туралы түбіртек, 3x4 өлшемінде екі фотосурет, 086-У формасында медициналық анықтама және жеке куәлік көшірмесін тапсырады.

12. Қабылдау комиссиясы кешенді тестілеу қатысуға өтініштерді 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылдайды.

13. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

14. Кешенді тестілеу оқуға түсушілердің ниеті бойынша қазақ не орыс тілінде орта білімнің оқу бағдарламасы көлемінде 4 пән бойынша жүргізіледі: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика, таңдау бойынша пән.

Таңдау пәні және ҰБТ салалық пәндері бойынша кешенді тестілеуді білім саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

 15. Кешенді тестілеу нәтижесінде әрбір қатысушыға мемлекеттік комиссия тестілеуден кейін үш күнтізбелік күн ішінде белгіленген үлгідегі сертификат береді.

3. Жоғары оқу орындарына қабылдау

16. Университеттің Қабылдау комиссиясы  10-25 тамызда студенттер қатарына қабылдайды.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің Қабылдау комиссиясына оқуға түсушілер өтінішпен қатар жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіби (бастауыш және орта кәсіби, ортадан кейінгі), жоғары (жоғары кәсіби) білімі туралы құжат (түпнұсқа), тестілеуге қатысу ақысы туралы түбіртек, 3x4 өлшемінде 6 фотосурет, 086-У формасында медициналық анықтама, флюорография суреті және күндізгі бөлімге арналған денсаулық паспорты, ҰБТ немесе Кешенді тестілеу сертификаты, білім гранты берілгендігі туралы куәлік (ол бар болса) тапсырады.

17. Білім гранты берілгендігі туралы куәлігі бар тұлғалар куәлікте көрсетілген ЖОО-ға өтініш береді және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

18. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне ақылы бөлімге ағымдағы жылдың жалпы орта білім ұйымдарының ҰБТ-дан өткен, кешенді тестілеуге қатысқан, тестілеу нәтижесінде мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика сияқты пәндерден және таңдалған пән бойынша кемінде 50 балл жинаған, соның ішінде салалық пән бойынша кемінде 7 балл жинаған (әр шығармашылық пәннен – кемінде 10 балл, ал қалған пәндерден – кемінде 4 балл) түлектер қабылданады.

19. ҰБТ немесе кешенді тестілеу аясындағы пәндердің біреуінен кемінде 4 балл алған тұлғалар ақылы бөлімге қабылданбайды немесе білім грантына ие бола алмайды. Қабылдау мамандықтар бойынша және оқу тілі бөлімдеріне байланысты жеке жүргізіледі.

20. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті білім саласындағы уәкілетті органға белгіленген формада және белгіленген мерзімде ақпарат тапсырады, ал қабылдау аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу туралы қорытынды есеп, студенттерді қабылдау туралы бұйрық көшірмелері, сонымен қатар білім грантына иеленушілердің түпнұсқка куәлігі, олардан бас тарқандар және ЖОО-ға келмеген тұлғалар туралы ақпарат (аты-жөні, мамандығы) тапсырылады

21. Ережелерде қаралмаған мәселелерді ҚазЭҚХСУ Қабылдау комиссиясы өз бетінше шешеді. 


 

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Международная бизнес школа
Портал электронного правительства
Министерство Образования и науки РК
Platonus
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com