ҚазЭҚХСУ артықшылықтары


СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ, ҚЫМБАТТЫ ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

 Сізге өміріңізде алғаш рет маңызды шешім қабылдау – мамандықты таңдау керек болып тұр. Біз Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін ұсынамыз! Біздің университетіміздің мамандықтары еңбек нарығында өте сұранысқа ие.

Егер Сіз біздің университетті таңдасаңыз, біз қуанамыз және бұл таңдауыңызға өкінбейсіз деп үміттенеміз!

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ!

✔ ҚазЭҚХСУ бұрынғы Нархоздың негізінде құрылды, бүгінде Алматы қ.    Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ ұйымы болып табылады. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау және аттестаттау комитетінің 2006 жылғы 14 қыркүйектегі  №679 бұйрығына сәйкес, ҚазЭҚХСУ Астана қ. көшірілді және 1999 жылы Астана қ. құрылған Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ филиалымен біріктірілді (Мемлекеттік лицензия АБ № 0137409).

✔ ҚазЭҚХСУ еліміздегі Нархоз сияқты экономикалық саладағы бір ғана мамандандырылған, жетекші ЖОО болып табылады.  Нархоз Кеңес уақытында-ақ белгілі болды. Бұл – біздің бренд. ҚазЭҚХСУ білім беру нарығында 17 жылдан астам уақыт бойы қызмет етеді.

- 2013 жылғы мамыр – мемлекеттік аттестация (ҚР БҒМ БҒБК 2013 жылғы 27 мамырдағы № 856 бұйрығы) – Университеттің білім беру қызметі 5 жыл мерзімге аттестациядан өтті.

- 2014 жылғы сәуір – бакалавриаттың 15 мамандығы бойынша және 8 магистратура мамандығы бойынша 5 жыл мерзімге білім бағдарламаларының мамандандырылған аккредитациясы (Сертификаттар №АВ 0192-АВ 0214, 21.05.2014 ж.).  

- 2011 жылғы сәуірде Университетте Білім Сапа менеджменті жүйесі енгізілді және СТ РК ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес қойылған ТОО «EUROASIAMS» сертификациялық аудит нітижелері бойынша университет

KZ 7500133 КСС №0008516 от 18.04.2011ж. сертификатын ие болды.

- 2014 жылғы наурыз – сапа менеджменті жүйесі бойынша ресертификация (СМЖ) ИСО 9001:2009 3 жыл мерзімге (Сертификат № KZ 7500133.07.03.07610, 2014 жылғы 18 сәуір).

- 2015 жылы Университет ҚР БҒМ тарапынан қойылған біліктілік талаптарының жоспардан тыс тексерісінен өтті.

✔ Миссия ҚазЭҚХСУ – жаһандану үдерістеріне сәйкес орынды әрекет ететін және таңдалған кәсіби қызмет саласында көшбасшы болуға қабілетті жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті кәсіби мамандарды даярлау. Университет түлектері өз қызмет саласында Қазақстанның жетекші мамандары болуы тиіс.

✔ ҚазЭҚХСУ болжамы - университет әлемдік академиялық, зияткерлік, ғылыми және іскери кеңістікте отандық жоғары мектепті танытатын, білім алушыларға бәсекеге қабілетті білім беретін және экономикалық, бизнес-бағыттарда дағдыларды ұсынатын еліміздің жетекші жоғары оқу орны болуға тырысады.

✔ҚазЭҚХСУ стратегиясы:

·         Инновациялық-білім беру қызметі;
·         Ғылыми-инновациялық қызмет;
·         Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру;
·         Ресурстық әлеуетті дамыту;
·         Халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне интеграциялау. 

✔ Біздің ЖОО Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының ұжымдық мүшесі,  «Жоғары білім мекемесінің еуропалық ассоциациясы» (EURASHE) атты халықаралық ұйымның және EuropeanRetailAcademy халықаралық білім желісінің мүшесі болып табылады.

✔ Университетте 5 факультет бар:

- Қашықтықтан және электрондық оқыту факультеті
- Жоо-дан кейінгі білім факультеті, 
- Экономика факультеті, 
- Базалық дайындық факультеті, 
- Қолданбалы ғылымдар факультеті.

✔ Университетте мамандарды даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі жүзеге асырылады: бакалавриат (16 мамандық), магистратура (8 мамандық).

✔ Біздің студенттер ішкі академиялық мобильділік бағдарламасын ұйымдастыру аясында Т. Рысқұлоа ат. ҚазЭУ-де және 33 қазақстандық ЖОО-серіктестіктерде оқи алады.

✔Біздің студенттер екідипломды білім бойынша білім алу мүмкіндігіне ие, яғни  ҚазЭҚХСУ жоғары білім туралы дипломына қосымша екінші шетелдік оқу орнының дипломын ала алады  (ВВА, Всоm, MBA) немесе студенттер алмасу бағдарламасына қатысушы бола алады. Бағдарламаның соңында Іскери әкімшілендіру докторы академиялық дәрежесіне  ие болу туралы Еуропалық университет дипломы беріледі (DВА).

✔ ҚазЭҚХСУ магистратура бағдарламасы бойынша білім беру екі бағытта: ғылыми педагогикалық және салалық бағытта жүзеге асырылады және терең мамандандырылған кәсіби даярлықтан өтуге, ғылыми, педагогикалық, басқару және сараптама жасау қызметтерімен айналысуға көмектеседі.  

✔ҚазЭҚХСУ магистратурасында оқуда белсенді зерттеу жұмыстары жүргізіледі, шетелдік тағлымдамадан өтеді, ғылым және тәжірибенің басым салаларындағы жетекші мамандардың жетекшілігімен университеттің ғылыми жобаларына қатысады.

✔ Біздің ЖОО негізінде Астанада Министрліктер үйі ғимаратында Халықаралық бизнес-мектеп (IBS Астана) құрылды. ҚазЭҚХСУ жанындағы  Халықаралық бизнес-мектеп Бизнес-білім бағдарламасы бойынша (DBA, Executive MBA, MBA, кәсіби даму бағдарламалары) білім береді.

✔ Университетте біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Оқытушылар арасында мемлекеттік марапаттаулар мен атақтарға ие тұлғалар бар: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» Ордені, «ҚР Білім беру үздігі», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «ЖОО-ның ең жақсы оқытушысы»

✔ Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі.

✔ Студенттер 4 жыл бойы шет тілдерінен мына деңгейлер бойынша терең білім алады: General English (Elementary, Pre-Intermediate, Intermdediate, Upper-Intermediate, Advanced), IELTS.

✔ Университетке түсушілер үшін кешенді тестілеуден, ағылшын тілінен және магистратураға түсушілер үшін тегін дайындық курстары ұсынылады.   

✔Университетте Ғаламтордың көмегімен  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «жанды» оқыту жүзеге асырылады және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, ең жақсы білім беру технологиялары қолданылады.

✔ҚазЭҚХСУ желісіне негізделген бірқатар ақпараттық жүйелер сәтті іске асырылады:

- "Platonus" оқу үдерісін басұарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі  
- АИС «Қашықтықтан оқыту порталы KazUEFMT-Moodle»; 
- АИС «Электрондық қабылдау комиссиясы»; 
- АИС «Электрондық кітапхана»; 
- электрондық құжатайналым жүйесі «ARTA Synergy»;

- заманауи ақпараттық-білім ортасы, "Электрондық университет" оқу үдерісін автоманттандырудың 7 веб-бағдарланған ақпараттық жүйесі;

- ірі компьютерлік парк - 437 бірлік, 5-6 студентке 1 компьютер, мультимедиялық интерактивтік тақтасы бар 19 аудитория.

- Университеттің кез келген нүктесінен Ғаламторға шығу.

✔ Университеттің заманау оқу ғимараты, 240 орындық асханасы, қонақ үй типіндегі 200 орындық заманауи жатақханасы бар. Барлық студенттер Астана қ. Студенттік емханасына тіркелген. Оқу ғимаратында арнайы жабдықталған медициналық пункт бар.  Сабақтан тыс уақытты өткізу үшін, спорттық секциялар жұмыс істейді.

✔ Университеттің заманауи кітапханасы бар, ол абонемент және 7 оқу залынан тұрады. ҚазЭҚХСУ кітапханасының артықшылықтары:

- «Жоғары оқу орындары кітапханаларының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі;

- КазРЕНА ассоциациясы жобасына қатысушы болып табылады және ғаламторға қосыла отырып, бірыңғай ғылыми-білім беру компьютерлік желісіне шығуға мүмкіндік туғызып отыр;

- «Электрондық мемлекеттік кітапхана қоры – Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана» жобасына қатысушы;

- Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана (ЭМКҚ-ҚазҰЭК) жобасына қатысушы. «ЭМКҚ-ҚазҰЭК» қорын (www.kazneb.kz) пайдалануға мүмкіндік бар. Университет кітапханасының «Elsevier», «ThomsonReuters», ЖАҚ «КОНЭК» сияқты әлемнің озат электрондық кітапханаларына кіруге мүмкіндігі бар. «КОНЭК» ЖАҚ сайты – Emerald, Elsevier, Oxford, Springer және басқа да әлемдік баспа компанияларының ресми дистрибьюторы;

- «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ («ҰҒТАО» АҚ) мәліметтер базасын пайдалану мүмкіндігі бар. Осы орталық аясында әлемдік ақпаратқа қол жеткізуге болады, бірақ отандық, ресейлік және шетелдік толық мәтінді ресурстарға шектеу қойылады. 

✔Танымал шетелдік ғалымдарды, соның ішінде Нобель сыйлығы лауреаттарын дәріс беруші және магистранттардың консультанты ретінде шақыру бойынша жұмыс белсенді атқарылуда.

✔Университетіміздің студенттері мен магистранттары Польшада, Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Ресейде, Чехияда, Италияда, Грузияда, Арменияда, АЭБ, Кипрде, Швейцарияда халықаралық тағлымдамадан және тәжірибеден өтті. Ал біздің 21 оқытушы соңғы 2 жыл ішінде «Болашақ» Президенттік бағдарламасы бойынша Швейцарияда, Ұлыбританияда, Оңтүстік Кореяда, Латвияда және Ресейде білім алып, тағлымдамадан өтті.

✔ Дарынды студенттерге ҚР БҒМ гранттары, Астан қ. Әкімдігінің гранттары ұсынылады. Басқа да жеңілдіктер және гранттар Ғылыми кеңес шешімімен университеттің жеңілдік жасау бойынша ішкі ережелеріне сәйкес беріледі.

✔ Студенттерді қолдау мақсатында, жеңілдетілген несиелеудің мемлекеттік бағдарламасы қаралуы мүмкін (Қаржы орталығы, «Альянс Банк» АҚ), ол үшін талапкер тестілеуден кемінде 65 балл алуы керек және сабақты өте жақсы оқуы керек. Несие 17 жылға дейін беріледі, сыйақы – жылына 9%,

✔ Университет түлектеріне мемлекеттік үлгідегі жоғары білім туралы диплом беріледі, ол ТМД елдерінде және шет елдерде мойындалады. Университет түлектері магистратурада білімдерін жалғастыра алады.

✔ Түлектердің 90% ҚР министрліктері мен ведомстволарына, коммерциялық банктеріне, ақционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге жұмысқа тұрды. Олардың бәрі өздерін біліктілігі жоғары маман ретінде таныта алды, Қазақстан экономикасының көптеген секторларында, ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен және енгізумен айналысатын кәсіпорындарда, жобалық және конструкторлық ұйымдарда сұранысқа ие маман екендіктерін көрсетті.

 

ҚазЭҚХСУ – АСТАНА қ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ.

СІЗДЕРДІ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨРУГЕ ҚУАНЫШТЫМЫЗ!


Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ