БАСЫЛЫМДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


«Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің Хабаршысы» журналына ұсынылған қолжазбаларды ресімдеуге қойылатын талаптар

 

Мақалалар электрондық нұсқада (файлдың атауы – автор немесе авторлардың аты-жөні) тапсырылады, ал бір нұсқасы қағазға шығарылған түрде (төлемақысы туралы түбіртек) тиісті кафедраларға берілуі керек. Қаладан тыс басқа аймақтардан қатысушылар үшін science@kuef.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Мәтін WINDOWS XP немесе *.RTF (REACH TEXT FORMAT) форматында  теріліп,  офис 2003, редакторы –Word 2003, шрифт – Times New Roman, формат – А4 болуы тиіс. Көлемі – 6-8 бет.

Беттің сол жақ жоғарғы тұсына ӘОЖ жазылады.

Беттің оң жақ жоғарғы тұсына магистранттың тегі, есімі, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны және қала атауы жазылады. Бір жолдан кейін беттің ортасында үлкен әріптермен материалдың атауы, кейін жарияланатын материал мәтіні тілінде аннотация, кілтті сөздер, жазылады. Соданн кейін кәдімгі шрифтпен мәтін жазылады, оны тасымалдаусыз теріп жазу керек. . Мақала соңында әдебиет тізімі, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шағын түйін (3-5 сөйлем) берілуі керек.Шрифт өлшемі –14, жоларалық интервал – бір, барлық жолақ көлемі – 2 см, азат жол – 1,25 см.Формулаларды формулалар редакторында (Microsoft Equation) теру керек.Әдебиет дереккөздеріне жасалатын сілтемелер тік жақшада беріліп, әдебиет тізімі мәтін соңында талапқа сай беріледі. Мақала соңында әдебиет тізімінен кейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шағын түйін (4-6 сөйлем) берілуі керек.Мақалаға ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың (іштегі және сырттағы) пікірлеріұсынылуы керек.

Негізгі мәтінде қалың, курсив және асты сызылған шрифтті қолдануға болмайды. Автоматты түрде және мәжбүрлі түрде тасымалдауға, жол аралықтарын, беттерді, фотосуреттерді, түсті элементтерді бөлуге болмайды. Мақалада  Word-та орындалған 2 кесте, 2 сурет ұсынуға рұқсат етіледі.

Жарияланатын жұмыс егжей-тегжейлі оқылып, редакциядан өтуі керек.Жинақта бұрын жарияланбаған түпнұсқа мақалалар басылып шығады.

Барлық мақалалар ғылым докторлары мен кандидаттарынан тұратын сараптау комиссиясының мүшелері тарапынан сараптамадан өтеді. Қажет болған жағдайда мақала авторға өңдеуге жіберіледі немесе мүлдем жарияланбайды. Редакция алқасы талапқа жауап бермейтін мақалаларды жарияламауға құқығы бар. Зерттеу сипатына ие және ғылыми жаңалығы бар мақалаларға ерекше мән беріледі. Зерттеу жұмыстарының аналитикалық нәтижелерін тәжірибелік мәліметтермен немесе имитациялық үлгілеу нәтижелерімен бекітуге кеңес беріледі. Мақаланың мазмұны мен ресімделуіне автор жауап береді.



 

Мақала үлгісі

ӘОЖ

А.Ә. Тегі

Ғылыми дәрежесі мен атағы

Ұйым, қала, ел

 

МАҚАЛА АТАУЫ

Аннотация

Кілтті сөздер

Мақала мәтіні

 

Әдебиет

1. Голубков Е.П. Маркетинговые исследования: теория, методология, практика. - М.: Финпресс, 2003. - 568с.

2.

АВТОР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Автордың аты-жөні

                                                                                                 

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми атағы

Жұмыс орны, лауазымы

Оқу орны

Мақала тақырыбы

Бет саны

Ұсынылған мақалалардың саны

E-mail

Байланыс телефоны

Төлем түрі (пошта/банк арқылы аудару), сома


Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Connecting Universities
KUEF repository