БАСПА-ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ


2007 жылы құрылған баспа-полиграфиялық орталық университеттің заңды тұлға құқығынсыз құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталықты құру мақсаты – оқу үдерісін қажетті кітап-баспа материалдарымен қамтамасыз ету және кітапхана қорын толықтыру. 

Баспа қызметі  – университет жұмысының басым бағыттарының бірі, жеке полиграфиялық база негізінде жүзеге асырылады. Орталық полиграфиялық базадан баспа жабдықтарына дейінгі және кейінгі ктап-журнал өнімінің толық циклін ұсынады және оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды және экономикалық саладағы ғылыми әдебиеттерді басып шығаруға негізделген.   Баспа қызметі халықаралық стандарттарға сәйкес кітап шығару бойынша мақсатты жұмыс атқаруда. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы есеп және аудит, қаржы, банк ісі, менеджмент және маркетинг, информатика, әлеуметтік және басқа ғылымдар бойынша қазіргі экономикалық әдебиеттерді басып шығарады.

БПО-да мемлекеттік тілде сапалы оқу әдебиетіне қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, отандық материалдарға негізделіп, мемлекеттік тілде берілген оқулықтар мен оқу құралдары шығарылады.

Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі ғылыми журналдарда, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарында, монографияларда, университет Хабаршысында басылып шығады. 

Біздің басылымдар өзінің өзекті мазмұнына, полиграфиялық сапасына және жақсы дизайнына қарай кең танымалдылыққа ие болды және елдің экономикалық саладағы ЖОО арасында сұранысқа ие.

Баспа заманауи полиграфиялық құралдармен жабдықталған. Қолданыстағы  техника кең көлемде баспа өнімін шығаруға мүмкіндік береді.

 «Кадрлар бәрін шешеді» қағидатын ұстана отырып, университет басшылығы біліктілігі жоғары жұмысқа қабілетті тұрақты ұжымды құруға көп еңбек етуде. 

Баспада өз ісінде жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолданатын білікті мамандар қызмет етеді, атап айтқанда: Е.Р.Абдрахманова, М.Ж.Омарова сияқты редакторлар, А.Н.Ахмедова и О.С.Баркова сияқты операторбеттеушілер, баспашы Г.К.Камзина, Е.М.Кирилюк, Т.П.Манушина, В.М.Кравченко, Г.Я.Горковенко сияқты мұқаба ісі бойынша мамандар.

Баспа-полиграфиялық орталыққа шығармашылыққа бағдарланған жоғары санатты кәсіби маман Омарова Хорлан Габдулловна жетекшілік етеді. 

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Обратный звонок RedConnect