Серіктестер


1. «АСКО «Сақтандыру компаниясы» АҚ

«АСКО» Сақтандыру компаниясы өз қызметін 1991 жылы Тәуелсіз Республикамыздың қалыптасу кезеңінен бастады. 18 жыл ішінде облыс орталықтарында, қалаларда бірнеше филиалы бар ірі сақтандыру компаниясы ретінде көрсетті.

«АСКО» «Сақтандыру компаниясы» АҚ қызметінің басым бағыттары:

  • Сақтандыру нарығына «АСКО» СК» АҚ жаңа жеке сақтандыру өнімдерін енгізу.

  • Қаржы институттарымен кепілдік мүлікті және жалға алушыны сақтандыру саласындағы ынтымақтастық.

  • Тұтынушылармен қарым-қатынас және жарнама компаниясы жоспарын жүзеге асыру (қоғаммен байланыс және сақтандыру қызметтерін жарнамалау).

  • Агенттік желілерін құру:

    • Маркетингтік және желілік сатылымды жүзеге асыратын фирмалар мен өкілдіктер, қаржы қызмет агенттіктері, сақтандыру брокерлері арқылы;

    • Экономиканың әр түрлі секторларындағы кәсіпорындарда.

    • 2. Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы «Атамекен» Одағы»

Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы «Атамекен» Одағы» - бизнес-климатты жақсарту мақсатында кәсіпкерлік қоғамдастық мүддесін қорғайтын елдің ірі бизнес-ассоциациясы.

Палата кәсіпкерлік үйлестіру, өз мүшелерінің жалпы мүліктік және басқа да заңдық мүдделерін қорғау мақсатында құрылды.

«Атамекен» ҚҰЭП отандық бизнес мәселелерін шешу, Қазақстанның заң базасын жетілдіру, жеке кәсіпкерлікті дамытуды реттеуде мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекет етеді.

«Атамекен» миссиясы Қазақстан экономикасын әлемдік дамыған елдер деңгейіне жеткізе дамыту болып табылады. Бұл миссияға «Атамекен» қызметінің мақсаты – жақсы іскери климатты құру, бизнес және экономиканың шикізат емес секторын дамыту үшін әкімшілік қарсылық түрлерін жою қызмет етеді.

3. «Парасат «Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ

«Парасат «Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен «Арна Медиа»Акционерлік қоғамын құру, «Парасат» «Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингін, «Зерде» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668қаулысына сәйкес құрылды.

Холдинг миссиясы Қазақстанның орнықты ғылыми-технологиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті технологияларды әзірлеу, енгізу және коммерциялау болып табылады.

Холдинг мықты ғылыми-техникалық, технологиялық және ресурстық әлеуетке ие. Холдинг СВМ Partners американдық компаниясы (АҚШ), Toyota Tsusho Co, Evatec, Interactiv жапон компаниялары, Hanool Robotics оңтүстік компаниялары және т.б. компаниялар арасындағы меморандумдар мен келісімдерге қол қойды. Холдинг заманауи әлемдік технологияларды іздеу және ұсыну мүмкіндігіне ие.

4. «ҚазАгро «Ұлттық басқару холдингі» АҚ

«ҚазАгро» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы Жарғысына сәйкес құрылды. «ҚазАгро» Холдингісінің құрамына 7 акционерлік қоғамдастық кіреді: «Продкорпорация» ҰК» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ.

Холдинг миссиясы – индустриалды дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, холдинг құрылымдарын тиімді басқару.

Холдинг қызметінің стратегиялық бағыттары:

  • АПК еңбек өнімділігін индустриаландыру және диверсификаттау арқылы арттыруды ынталандыру.

  • Ішкі өндіріс нарығын дамыту және реттеу арқылы елдің сату қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.

  • АПК сараптау әлеуетін дамыту және жүзеге асыруға көмектесу.

  • Корпоративтік басқару сапасын және холдинг қызметінің ашықтығын арттыру.

5. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ (бұдан әрі – МЖК орталығы) ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі «Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымдарды құру туралы» № 693 қаулысына сәйкес құрылды.

Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ негізгі акционері Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарасты Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі.

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ халықаралық ынтымақтастығы аясында халықаралық ұйымдармен, шетелдік орталықтармен, консалтингтік компаниялармен, ірі халықаралықконцессионерлермен жұмыс жүргізіледі.

6. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, қоғамдастықты экологиялық орнықты дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басқару және салааралық үйлесімді жүзеге асырады.

7. «BI -Holding» ЖШС

«BI -Holding» 1995 жылы трейдингтік компания ретінде құрылды, 2005 жылы BI Group құрылыс компаниясына айналды. Бүгінде BI Group – елдің ірі құрылыс холдингтерінің бірі, өз қызметін Қазақстанда және одан тыс жерлерде дамытуда.

Холдинг бірнеше компанияларға жетекшілік етеді: 1) тұрғын үй құрылысы, коммерциялық қозғалмайтын мүлік,қозғалмайтын мүлік объектілерін басқару және пайдалану; 2) аймақтық және трансұлттық жол құрылысы; 3)құрылыс материалдарын жасау; 4) құрылыстық кәсіпорындық объектілерді жасау. Холдинг Қазақстанда мынадай танымал брендтерді біріктіреді: "Казахдорстрой", "Автодор НС", "BI Village", "BIG Elite" және т.б.

8. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

Маңызды мемлекеттік бағдарламаларды және заң жобаларын әзірлеуе, елдегі экономикалық жағдайларды бағалауға, елді ұзақ және орта мерзімді басымдықта макроэкономикалық және аумақтық дамытуда стратегиялық міндеттерді іске асыруда кеңестерді өңдеуге, мемлекеттік және жеке секторлармен өзара әрекет етуде белсенді қатысады. Институт ғылыми-зерттеу жұмыстарының келесі бағыттарын іске асырады:

  1. Елдің экономикалық салада аумақтық-кеңістік дамуын зерттеу

  2. Қазақстан Республикасында басқару жүйесін инвестициялық үдерістермен әдістемелік және аналитикалық дамыту.

  3. Елдегі және әлемдегі экономикалық үдерістерді жаңа IT-технологияларды қолдага отырып жүйелік дамыту. Әлеуметтік-экономикалық жобалау үлгілері кешенін әзірлеу.

  4. Мемлекеттік жоспарлау саласындағы зерттеулер.

  5. Заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау және ғылыми-экономикалық сараптау.

9. Қоғамдық саясат институты

«НҰР ОТАН» ҰДП «Нұр Отан» партиясының «негізгі орталығы» болып табылады. Институт 2007 жылы құрылды. (бұрын – Парламентаризм институты «Нұр Отан» ҰДП). Қоғамдық саясат институты саяси және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді, қоғамдық пікір қалыптастырады, заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалайды және ғылыми-экономикалық сараптау жасайды.

10. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ

2010 жылы индустриалды дамудың мемлекеттік саясатын аналитикалық қамтамасыз ету мақсатында«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ құру туралы» (бұдан әрі – «ҚИДИ» АҚ) Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің № 508 қаулысы негізінде құрылды. «ҚИДИ» АҚ Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясаты саласында сапалы қызмет көрсететін тиімді және кәсіби ғылыми-зерттеу әрі консалтингтік ұйым болып табылады.

«ҚИДИ» АҚ миссиясы: ғылыми-әдіснамалық және ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету арқылы елдің индустриалды-инновациялық дамуына көмектесу, өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша шешім қабылдауда практикалық кеңестерді өңдеу.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Международная бизнес школа
Портал электронного правительства
Министерство Образования и науки РК
Platonus
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com