Аккредиттеу


26-27 наурызда ҚазЭҚХСУ сертификатталған аудиттен сәтті өтті. Менеджмент жүйесінің функциялау және нәтижелік бағалауды аудит бойынша топ жетекшісі – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ГСТР сарапшы-аудиторы Ткач Евгения Владимировна және техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ГСТР сарапшы-аудиторы Соловьев Владимир Иванович өткізді.

Аудиторлар менеджмент жүйесінің функциялау және нәтижелік бағалауын дайындалған құжаттау рәсімдері арқылы және менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында оларды қолдауды қамтамасыз етудің көмегімен, сонымен қатар ҚР менеджмент жүйесіне сәйкес сертификат табыстау мақсатында СТ ҚР ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес Мақсаттар мен Міндеттерді, аудит нәтижелерін, жұмыс талдауларын қолдану арқылы өткізді.

Соңғы қорытынды шығару күні қонақтар тексеріс қорытындысын баяндады және біздің оқу орны сертификаттау аудитін сәтті өткенін хабарлады. Растаушы сертификат 3 жыл мерзімге берілді.

ҚР БҒМ 2003 жылғы 10 желтоқсандағы «Жоғары кәсіби білім беру ұйымдарына сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу туралы» № 822 бұйрығына, қазақстандық кәсіпорындардың ҚР Премьер-Министрінің 06.02.04 ж. «Ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттармен үйлесімі туралы» N28-р Қаулысымен бекітілген 2004-2005 жылдарға арналған 9000 және 14000 ИСО сериялы халықаралық стандартқа жылдам көшу бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан ЖОО сапа менеджменті жүйесін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға көшті. Бүгінде ҚР БҒМ мәліметтері бойынша Қазақстанда 43 ЖОО әр түрлі агенттіктерде сапа менеджменті жүйесінің сертификатталған аудитінен өтті. 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ