АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК


Академиялық мобильділік дегеніміз не?

Академиялық мобильділік – бұл білім алушыларды немесе зерттеуші оқытушыларды белгілі бір академиялық кезеңге (оқу және өндірістік практиканы қоса алғанда), яғни семестр немесе оқу жылына басқа ЖОО-ға оқуға(ел ішінде немесе шетелге) немесе зерттеу жұмысын жүргізуге жіберу. Мұндайда өз оқу орнында алынған білім бағдарламалары крелит түрінде белгілі тәртіпте сыналады.

Академиялық мобильділіктің екі түрі бар: сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық).

Сыртқы академиялық мобильділік – шетелдік ЖОО-ларда білім алу және зерттеуші оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекмелердегі жұмысы.

Ішкі академиялық мобильділік – қазақстандық ЖОО-ларда білім алу және зерттеуші оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекмелердегі жұмысы.

Академиялық мобильділік дәстүрлі шетелдік тағлымдамадан ерекшеленеді, біріншіден, студенттер шетелге шектеулі болса да ұзақ мерзімге оқуға барады, ол 1 семестрден 1 оқу жылына дейін жалғасады, екіншіден, олар тағлымдама кезінде толық білім алады, тілді меңгереді, жеке таныстыру пәндерін оқиды және толық семестрлік курстан өтеді, бұлар базалық ЖОО-ға оралғанда ескеріледі. «Базалық ЖОО» дегеніміз – студенттің оқуға түскен және диплом алғысы келген ЖОО-сы.

Ендеше кез келген студентте 1 семестрге немесе 1 жылға академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуды таңдау құқығы бар.

Мобильділік бағдарламасына кім қатыса алады?

Академиялық мобильділік бағдарламасына 2-3 курс студенттері қатысады, себебі 1-курста жалпы білім беру пәндері оқытылады. Соңғы курста практикадан өтеді және диплом жұмысын жазады, сондықтан студенттер академиялық мобильділік бағдарламасына қатыса алмайды.

Бағдарламаға қатысу үшін не қажет? Студенттерге қойылатын талаптар бар ма?

Бағдарламаға қатысу үшін, Сіз күндізгі бөлімде «жақсы» және «үздік» деген бағаға оқып, Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша студенттерді іріктеу конкурсына қатысуға өтініш беруіңіз керек.

Бұдан басқа, Сіз шетелге шыққыңыз келсе, ағылшын тілін өте жақсы меңгеруіңіз керек.

Мен қайда бара аламын?

Студент Қазақстан Республикасы аумағында немесе кредитті есепке алатын (яғни тыңдалған курсты есепке алатын) одан тыс жерде оқуға құқығы бар.

Бұдан басқа, Университет әлемдегі 40-тан астам ЖОО-мен ынтымақтастық туралы келісімшартқа отырды(Ресей Федерациясы, Польша, Чехия, Швейцария, АҚШ және т.б.). Серіктестердің университеттерін таңдауда тапсырыс беру жеңілдейді және оң жауап алуға мүмкіндік зор. Сіз Университеттің www.kuef.kz сайтындағыХалықаралық ынтымақтастық бөлімінен серіктестер тізімі бойынша толық ақпарат ала аласыз.

Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысу маған не береді?

Академиялық мобильділік бағдарламалары – өз дүниетанымынды кеңейту, басқа елге шығу, басқа мемлекеттің ЖОО оқу тәжірибесін алу мүмкіндігі. Мұның барлығы жаңа достар табу, келешекте өзінің бәсекеге қабілеттілігінді арттыруға көмектеседі.

Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алу кезінде Университеттегі менің оқуым қалай орындалады? Студент жол жүрер алдында қабылдаушы ЖОО-да өтетін курстар бойынша келісім жүргізіледі, себебі олар университеттегі бағыттармен сәйкес келуі керек.

Сізге керегі – қабылдаушы ЖОО-ның бағдарламасын сәтті меңгеру, сессия тапсыру, соңында баға туралыакадемиялық анықтама алу. Университетке оралғанда, Сіздің бағаларыңыз ескеріледі, өтілмеген пәндерді жазғы семестрде қайта тапсыру керек.

Академиялық мобильділік бағдарламасы қалай төленеді?

Төлемақы көлемі мен тәртібі әр студент үшін әр түрлі. Ол алдымен қабылдаушы ЖОО-ның келісіміне байланысты. Кейбір серіктес ЖОО-лар студенттерді тегін немесе толық төлемақы негізінде оқытуға келіседі.

Бұдан басқа, студент басқа елге ұшу, күнкқріс, жеке бас шығынын ескерген жөн.

Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша қалай қосымша ақпарат алуға болады?

Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша қосымша ақпарат алу мақсатында Халықаралық білім бағдарламалары және академиялық мобильділік бөліміне хабарласуыңызға болады (222-кабинет).

Сонымен қатар Университеттің www.kuef. сайтындағы kz Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде берілген барлық жаңалықтар мен хабарландыруларды қарап отыруыңызға болады.

Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша қай уақытқа дейін өтініш қабылданады?

Құжаттарды ресімдеу ұзақ уақыт алады, сондықтан академиялық мобильділік бағдарламасына қатысу туралы өтінішті жол жүруден 3 ай бұрын хабарлау керек. Себебі қосымша құжат немесе шет тілінен тест тапсыру қажет болуы мүмкін.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Обратный звонок RedConnect