ЖАЛПЫ АҚПАРАТ


Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің халықаралық қызметі әлемдік білім мен ғылыми қауымдастық интеграциясына және Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі университетіміздің рөлін арттыруға бағытталған.

Бұл жұмыс шетелдік университеттермен ынтымақтастық бағдарламалары, халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру, оқытушылық кадрлар алмасу және студенттік мобильділікті дамыту аясында іске асырылады.

Қойылған міндеттерді орындау үшін, 2012 жылы Университетте Халықаралық білім бағдарламалары және академиялық мобильділік бөлімі құрылды. Бөлім қызметінің негізгі міндеті университеттің халықаралық қатынасын нығайту, студенттік академиялық мобильділік принциптерін дамыту және университеттің халықаралық жобаларға қатысу қызметін үйлестіру болып табылады.

Университеттің халықаралық қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Университеттің шетелдік университеттермен қызметін ұзақмерзімді келісімшарттар мен қысқамерзімді жұмыс бағдарламалары негізінде үйлестіру;

  • Білім беруді ұйымдастыру және оқу бағдарламаларын үйлестіру аясындағы ынтымақтастық;

  • Университетте шетелдік азаматтарды әр түрлі бағдарламалар бойынша оқытуды ұйымдастыру;

  • Университет қызметкерлері мен білім алушыларды шетелдік ғылыми білім беру және басқа да мекемелерде оқытуды ұйымдастыру;

  • Халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;

  • Университет түлектері мен шетелдік ЖОО студенттері арасында байланысты ұйымдастыру және қолдау.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті көптеген университеттермен және шетелдік ЖОО-лармен ынтымақтастықта. Шет мемлекеттердің елшіліктерімен байланыс жолға қойылған. Бүгінде шетелдік ЖОО-лармен білім саласында ынтымақтастық жасау бойынша 54 келісімшарт жасалды.

Университеттің негізгі серіктестерінің арасында төмендегілерді ескерген жөн:

  • European university (Европалық университет, Швейцария);

  • The college of customs and logistics in Warsaw (Варшава Кеден ісі және логистика колледжі, Польша);

  • Москва мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті (Ресей Федерациясы);

  • HTMi the School of international hotel and tourism management (Халықаралық қонақ үй және туризм мектебі,Швейцария);

  • University of California, Riverside (Калифорния Университеті, Риверсайд);

  • Орал мемлекеттік экономикалық университеті;

  • Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті және т.б.

Университет 2011 бастап EURASHE (European Association of Institutions in Higher Education) және ERA (European Retail Academy) халықаралық ұйымының мүшесі болып табылады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ