ЖОО туралы


2001 жылы Алматы қаласында негізі қаланған Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (ҚазЭҚХСУ) 2006 жылы Астанаға көшіріліп, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетімен біріктірілді.

Университет осы жылдар бойы өз даму тарихында біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы бар және қуатты материалдық-техникалық базасымен жабдықталған ірі оқу орны дәрежесіне жетті. Бүгінде ҚазЭҚХСУ астанамыздағы бір ғана мамандандырылған экономикалық ЖОО болып табылады.       

Университет бакалавриаттың 16 мамандығы бойынша күндізгі, кешкі оқыту формаларында қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, «Есеп және қаржы», «Экономика, басқару және құқық», «Қашықтықтан және электрондық оқыту» және «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» сияқты 4 факультетте еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлайды. 10 кафедра кадр мамандарды даярлап шығарады («Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг және құқық», «Әлеуметтік жұмыс», «Туризм және сервис», «Қаржы», «Информатика және қолданбалы экономика», «Банк ісі», «Есеп және аудит» (барлығы мамандар даярлайды) және «Қазақ және шет тілдері»), мұнда 234 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде – 48 ғылым докторы, 103 ғылым кандидаты, 12 Рh.D докторы және 58 магистр. Оқытушылар арасында мемлекеттік наградалар мен атақтарға ие тұлғалар бар: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» ордені, «ҚР Білім беру үздігі», «ҚР Білім берудің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін». Университет штатында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына ие 26 оқытушының болуы, сөзсіз, профессор-оқытушылар құрамының сапалық деңгейінің маңызды куәсі болып табылады.

2013 жылы біздің университет Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі арқылы мемлекеттік аттестаттаудан және институционалдық аккредиттеуден сәтті өтті (5 жыл мерзімге дейін). Бұл аккредиттеу білім беру қызметінің, менеджмент жүйесінің және материалдық-техникалық базаның білім беру саласындағы ұлттық стандарт бойынша сапаға сәйкестігін дәлелдейді. Сонымен қатар бұл қазақстандық білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі, білім берудің халықаралық нарығында өзін танытуға және біздің түлектеріміздің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге көмектеседі. 

Жақында, 2014 жылдың наурызында Университет ИСО 9001:2009 сапа менеджменті жүйесі бойынша 3 жыл мерзімге ресертификаттаудан өтті.

Университеттің қазіргі заманға сай оқу ғимараты бар, 240 орынға арналған асханасы бар, студенттерге арналған 250 орындық қонақ үй типіндегі қазіргі заманғы жатақханасы бар. Университеттің барлық студенттері Астана қаласының студенттік емханасына бекітілген, оқу ғимаратында арнайы жабдықталған медициналық пункт бар. Сабақтан тыс уақытты тиімді өткізу мақсатында, университетте спорт секцияларының жұмысы жолға қойылған. Университетте дәрежеге ие спортсмендер, спорт шеберлері және спорт шеберіне кандидаттар білім алады. Студенттер арасында Қазақстан Республикасының, Азия ойындарының чемпиондары да бар және бір әлем чемпионы бар.

Сонымен қатар Университеттің қазіргі заманға сай кітапханасы бар, ол абонементтен және 7 оқу залынан тұрады. Сондай-ақ университет «Жоғары оқу орындары кітапханаларының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Электрондық мемлекеттік кітапхана қоры – Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана» жобасына қатысушы болып табылады, сол арқылы «ЭМКҚ-ҚазҰЭК» қорын (www.kazneb.kz) пайдалануға мүмкіндік бар. Университет кітапханасының «Elsevier», «ThomsonReuters», ЖАҚ «КОНЭК» сияқты әлемнің озат электрондық кітапханаларына кіруге мүмкіндігі бар. «КОНЭК» ЖАҚ сайты – Emerald, Elsevier, Oxford, Springer және басқа да әлемдік баспа компанияларының ресми дистрибьюторы. Ол әлемдік әдебиеттің барлық спектрін ұсынады. Кітапхана КазРЕНА ассоциациясы жобасына қатысушы болып табылады және ғаламторға қосыла отырып, бірыңғай ғылыми-білім беру компьютерлік желісіне шығуға мүмкіндік туғызып отыр. Бұдан басқа кітапхана – Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана (ЭМКҚ-ҚазҰЭК) жобасына қатысушы. Сонымен қатар «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ («ҰҒТАО» АҚ) мәліметтер базасын пайдалану мүмкіндігі бар. Осы орталық аясында әлемдік ақпаратқа қол жеткізуге болады, бірақ отандық, ресейлік және шетелдік толық мәтінді ресурстарға шектеу қойылады. 

2008 жылдан бастап біздің ЖОО Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының ұжымдық мүшесі болып табылады. 2011 жылдан бастап Университет «Жоғары білім мекемесінің еуропалық ассоциациясы» (EURASHE) атты халықаралық ұйымның және EuropeanRetailAcademy халықаралық білім желісінің мүшесі болды.  

Сонымен бірге ЖОО халықаралық ынтымақтастықтың дамуын қолдайды. Университ шетелдік ЖОО-лармен және ұйымдармен білім және ғылым саласындағы серіктестік туралы 55 келісімшартқа қол қойды. Танымал шетелдік ғалымдарды, соның ішінде Нобель сыйлығы лауреаттарын дәріс беруші және магистранттардың консультанты ретінде шақыру бойынша жұмыс белсенді атқарылуда.

Білім алушылардың және профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобилділігі білім бағдарламаларының сұранысқа иелігі және өзектілігі – олардың білім берудің қазіргі тенденцияларына сәйкестігінің маңызды көрсеткіші. Ол университет миссиясының орындалуын қамтамасыз етеді, жоғары білім сапасын жақсартуға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық үдерістер мен байланыстардың орнауына көмектеседі. 2013-2014 оқу жылының өзінде-ақ университетіміздің студенттері мен магистранттары Польшада, Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Ресейде, Чехияда, Италияда, Грузияда, Арменияда, АЭБ, Кипрде, Швейцарияда халықаралық тағлымдамадан және тәжірибеден өтті. Ал біздің 21 оқытушы соңғы 2 жыл ішінде «Болашақ» Президенттік бағдарламасы бойынша Швейцарияда, Ұлыбританияда, Оңтүстік Кореяда, Латвияда және Ресейде білім алып, тағлымдамадан өтті.

Университетте кәсіби құзыреттілікті, тәжірибелік дағдыны қалыптастыру мақсатында, 10 зертхана жұмыс жасайды. Жоғары кәсіби білім аясында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің дамуын қолдау мақсатында, университетімізде «МЖС қазақстандық орталығы» АҚ бірлестікте оқу-зерттеу зертханасы құрылды; «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері үшін салық және салық салу бойынша зертхана – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің прототипі жұмыс істейді, онда интеграциялық салықтық ақпараттық жүйе (ИСАЖ) Салық комитеті бөлімі қызметкерлернің тәжірибелік қызметіне сәйкес тәртіпте жұмыс істейді; «Туризм» және «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандықтарының студенттері үшін, «Amadeus» оқу зертханасы жұмыс істейді, онда туристік агенттіктердің, фирмалардың, қонақ үйлердің болашақ қызметкерлері электронды брондау дағдыларын тәжірибеде меңгереді.

Біздің университет стратегиялық даму жоспарын іске асыра отырып, халықаралық интеграцияға қарай тағы бір адым жасады. Біздің ЖОО негізінде Халықаралық бизнес-мектеп құрылды, ол Астананың сол жағалауында Министрліктер үйі ғимаратында орналасқан. ХБМ құрудың басты мақсаты – жоғары білімнен кейінгі білім бағдарламаларын, МВА бизнес-білім бағдарламаларын, қаржы-экономикалық саладағы мамандар мен оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың қысқа мерзімді және орта мерзімді бағдарламаларын, қысқа мерзімді курстарды, педагогикалық шеберлікті арттыру бойынша семинарлар мен тренингтерді дамыту. ҚазЭҚХСУ ХБМ Қазақстан Республикасының жетекші бизнес-мектептерінің бірі болуды, өз қызметтері бойынша бизнес пен қоғамның жаңа ұрпақ көшбасшыларын даярлауды жоспарлап отыр.

Университетте ҚазЭҚХСУ корпоративтік желісіне негізделген бірқатар ақпараттық жүйелер табысты жұмыс істеп отырғанын айта кеткен жөн: "Platonus" оқу үдерісін басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі; АИС «KazUEFMT-Moodle қашықтықтан оқыту порталы»; АИС «Электрондық қабылдау комиссиясы»; АИС «Электрондық кітапхана»; «ARTA Synergy» электрондық құжат айналымы жүйесі.

Университетте қазіргі заманғы ақпараттық-білім беру ортасы бар, соның ішінде "Электрондық университет" атты оқу үдерісін автоматтандырудың 7 веб-бағдарланған ақпараттық жүйе бар, оның міндеті – ЖОО-ның барлық құрылымдық бөлімшелерін бірыңғай ақпараттық ортаға біріктіру. Университеттің ірі компьютерлік паркі бар - 437 бірлік.

Университетте профессор-оқытушылар құрамының және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Біздің оқытушылар мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қаржыландырылатын гранттық, келісімшарттық және ғылыми жобаларға қатысады. ҚазЭҚХСУ студенттері көптеген ғылыми халықаралық және республикалық ғылыми форумдарға және конференцияларға, республикалық және ЖООаралық конкурстарға, зияткерлік ойындарға, ғылыми-практикалық конкурстарға және идеялық конкурстарға, студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша конкурстарға, студенттік пән олимпиадаларына қатысады.  

2012 жылы магистранттар саны елеулі түрде артты. Бұл халықаралық және қазақстандық компанияларда табысты қызмет үшін білікті мамандар талап етілуі сияқты, біріншіден, жұмыс берушілердің магистр дәрежесіне деген сұраныстың болуымен байланысты. 2010 жылмен салыстырғанда магистранттар саны 8 есе артты.

Мемлекеттік тілде білім алатын студенттер саны да артып отыр. Бұл жайт авторлар тарапынан (әсіресе ғылым докторлары мен кандидаттары) экономикалық бағыт бойынша мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектердің әзірленуі аса маңызды екенін көрсетеді.

Соңғы 5 жылда Университетте 5745 маман даярланды, бүгінде олар ақша-несие, салық және қаржы-банк жүйесінің барлық салаларында, жетекші ғылыми мекемелер мен оқу орындарында қызмет етеді.

ЖОО ерекшелігі – білім гранты бойынша оқыған студенттерді жұмысқа орналастыру. Мысалы, 2010-2013 оқу жылындағы студенттердің 90 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілді. Ал Қазақстанда бюджеттік негізде білім алған түлектерді жұмыспен қамтудың бұл жүйесі мемлекеттік  және жеке меншік ЖОО-лардың ешқайсысында қарастырылмаған. Бүгінде біздің ЖОО-да кадрларды мақсатты түрде даярлау үшін, 25-тен астам кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі жасалды және олармен тығыз жұмыс жүргізілуде.

Түлектердің көп бөлігі ҚР министрліктері мен ведомстволарына, коммерциялық банктеріне, ақционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге жұмысқа тұрды. Олардың бәрі өздерін біліктілігі жоғары маман ретінде таныта алды, Қазақстан экономикасының көптеген секторларында, ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен және енгізумен айналысатын кәсіпорындарда, жобалық және конструкторлық ұйымдарда сұранысқа ие маман екендіктерін көрсетті.

ҚазЭҚХСУ-ға қабылданғаннан кейін, алғашқы күннен бастап бейімделу жұмыстары ретінде студенттер факультет декандарымен, эдвайзерлермен кездеседі және оларға анықтама-жол нұсқаушы беріледі. Бұл студенттер үшін жетекшілік құралы ретінде қызмет етеді және ол ЖОО туралы, оның құрылымдық бөлімшелері туралы, кредиттік оқыту жүйесі ережелері туралы жалпы ақпараттан, сондай-ақ глоссарийден тұрады. Студенттерге анықтама-жол нұсқаушы көмек ретінде беріледі және оларды университеттің академиялық өмірінің ерекшеліктерімен таныстырады, оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін, білімді бақылаудың рейтингтік, аралық және қорытынды нәтижелерін, курстан курсқа көшу шарттарын, студенттердің құқықтарын және міндеттерін сипаттайды. Анықтама-жол нұсқаушы студенттерге тиісті пәнді таңдауда, оқу траекториясын жоспарлауда бағдар береді.  

Бір сөзбен айтқанда, біздің университетіміздің үлкен және ұйымшыл ұжымы 2014 жылғы жас талапкерлерді қарсы алуға және олардың келешекте маман және жеке тұлға ретінде қалыптасуында өз білімдерімен әрі тәжірибесімен бөлісуге дайын.

ҚазЭҚХСУ-ға қош келдіңіздер!

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Международная бизнес школа
Портал электронного правительства
Министерство Образования и науки РК
Platonus
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com