ҚазЭҚХСУ туралы

Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ филиалы 1999 жылы Астанада жас астананы қолдау, оны еліміздің ғылыми, білім беру және мәдени орталығы ретінде дамыту және Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарының экономикалық кадрлар бойынша қажеттілігін толықтай қамтамасыз ету мақсатында құрылды. 2007 жылы ҚР БҒМ республикамыздың жоғары оқу орындары желісін белсенділендіру мақсатында жүргізген іс-шарасы нәтижесінде бұл филиал білім беру бойынша қызметін тоқтатты. Дәл осы жылы жаңа мемлекеттік лицензия алуына байланысты ол Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті болып, жұмысын қайта жалғастырды. [толығырақ]


ҚазЭҚХСУ туралы


Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (ҚазЭҚХСУ)–Қазақстан елордасының мамандандырылған экономикалық жоғары оқу орны.

ҚазЭҚХСУ келесі позициялар бойынша үздік ондыққа кіреді:

-ҚР жоғары оқу орындары арасында «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағыты бойынша (Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі мәліметтері негізінде);

- ҚР жоғары оқу орындары арасында «Қызмет көрсету» бағыты бойынша (Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі мәліметтері негізінде).

Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар академиясының ұжымдық мүшесі.

Жоғары білім беретін мекемелердің Еуропалық Ассоциациясы (EURASHE) халықаралық ұйымының және European Retail Academy халықаралық білім беру жүйесінің мүшесі.

Азия университеттері ассоциациясының мүшесі.

2013 жылы университет мемлекеттік аттестациядан және Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі арқылы институционалдық аккредитациядан 5 жылға сәтті өтті. 

2014 жылдың наурыз айында ИСО 9001:2009 сапа менеджменті жүйесі бойынша ресертификациядан 3 жылға өтті.

Ұлттық бизнес-рейтингі нәтижесінде университет «Сала көшбасшысы» озаттық белгісіне және сертификатына ие болды.

Тәлім алушылар саны – 4000-нан артық адам.

Профессорлық-оқытушылық құрам штатында 59%-ның ғылыми дәрежесі бар.

55 жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен әріптестік қатынастар орнатылған.

Университет құрамында 5 факультет бар: «Экономика» факультеті, қолданбалы ғылымдар факультеті, базалық дайындық факультеті, қашықтықтан оқыту факультеті, жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультеті.

Университет бакалавриаттың 15 мамандығы бойынша (күндізгі, сырттай оқыту формаларында, сонымен қоса қашықтықтаноқытутехнологиясынқолданаотырып), магистратураның 8 мамандығы бойынша мамандар даярлайды.

Университет Каннам университетімен (Оңтүстік Корея) және Еуропа университетімен (Швейцария) бірлесе отырып қос диплом бағдарламасын іске асыруда.

УниверситеттіңХалықаралық бизнес-мектебі (ХБМ) бар, олАстананыңсолжағалауындаМинистрліктерүйіғимаратында қолайлы жерде орналасқан. ХБМ Еуропа университетімен (Швейцария) бірлесе отырып MBA, DBAбағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.

Университет қарамағында:

- заманауи оқу ғимараты;

- 240 орындық асхана;

- 250 орындық студенттерге арналған қонақ үй типтес заманауи жатақхана;

- 7 оқу залы бар кітапхана мен абонементтік залы бар.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Министерство Образования и науки РК
Университет Нархоз
Международная бизнес школа
Platonus
Портал электронного правительства
Портал дистанционного обучения
Правительство Республики Казахстан
EuroAsia
В Казахстане проводятся консультации с молодежью!
Финансовый центр
G-Global Виртуальный проект VIII Астанинского экономического форума
Новая политика занятости и труда - Казахстан - Общество Всеобщего труда Все права защищены. При использовании материалов strategy2050.kz в любых ц
almaty2017.com
бизнес школа ДАМУ
Обратный звонок RedConnect